Об установлении водоохранных зон и полос рек Тобол и Аят на участках под строительство объекта "Склады стройматериалов", базы зоны отдыха, обслуживание и эксплуатация туристической базы, режима и особых условий их хозяйственного использования Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Құрылыс материалдар қоймалары» объектісін, демалыс аймағы базасын салуға, туристік базаны пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған учаскелерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Уәкілетті органдарымен келісілген, бекітілген жобалық құжаттардың негізінде «Құрылыс материалдар қоймалары» объектісін, демалыс аймағы базасын салуға, туристік базаны пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған учаскелерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Құрылыс материалдар қоймалары» объектісін, демалыс аймағы базасын салуға, туристік базаны пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған учаскелерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. «Құрылыс материалдар қоймалары» объектісін, демалыс аймағы базасын салуға, туристік базаны пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған учаскелерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
Әкімдіктің 2011 жылғы 14 қазандағы № 415 қаулысына 1-қосымша «Құрылыс материалдар қоймалары» объектісін, демалыс аймағы базасын салуға, туристік базаны пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған учаскелерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері Су объектісі, оның учаскесі Су қорғау аймағы Су қорғау белдеуі Орташа көп жылдық судың сабалық кемері (метр) шекараның қашықтығы, ұзындығы (метр) шекараның қашықтығы, алаңы (гектар) шекараның қашықтығы, ені (метр) шекараның қашықтығы, ұзындығы (метр) алаңы (гектар) ені (метр) Тобыл өзені Лисаков қаласы, өнеркәсіптік-коммуналдық аймағы, 11А мекенжайы бойынша орналасқан құрылыс материалдар қоймасының құрылысына арналған жер учаскесі 140,0 5,95 400-450 140,0 1,4 100 180,0 Тобыл мен Аят өзендері (Қаратомар су қоймасы) Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының Набережный ауылдық округінде орналасқан демалыс аймағы базасының құрылысына және туристік базасын пайдалану мен қызмет көрсетуіне арналған жер учаскесі 186,0 18,6 1000 186,0 1,23 64-68 160,0
Басқа 5. «Құрылыс материалдар қоймалары» объектісін, демалыс аймағы базасын салуға, туристік базаны пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған учаскелерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары
Әкімдіктің 2011 жылғы 14 қазандағы № 415 қаулысына 2-қосымша «Құрылыс материалдар қоймалары» объектісін, демалыс аймағы базасын салуға, туристік базаны пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған учаскелерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары
Тармақ 1
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық және өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және қайта жаңғыртылған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал көмінділерін (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жұмыс істеу нормасынан артық мал жаюға, су тоғандарының режімін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.