О стоимости разовых талонов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О стоимости разовых талонов
- Атауы (қаз.)
- Біржолғы талондар құны туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 57/465-4c
- Қабылданған күні
- 28.10.2011
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2013 61638_194236.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11UA000147
- ЭКБ идентификаторы
- 61638
- Редакция идентификаторы
- 61638_194236
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:21
0 Біржолғы талондар құны туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын (стационарлық үй-жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда) Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандары үшін және Шымкент қаласының базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандары, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондар құны 1 және 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін.
2 2. Осы шешім 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
3 Шымкент қалалық мәслихатының
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 57/465-4с шешіміне № 1 қосымша
Шымкент қаласы бойынша қызметі дүркін-дүркін сипатта болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандары үшін біржолғы талондар құны
№ р/с
Бір күндік талон құны (теңге)
1.
Сату (стационарлық үй – жайда жүзеге асырылатын қызметтерді қоспағанда):
1 1)
газеттер мен журналдарды
150
2 2)
тұқым, сондай-ақ отырғызылатын материалдарды (екпелер, көшет)
200
3 3)
бақша дақылдарын
300
4 4)
саяжайларда және үй маңындағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді
100
5 5)
қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін
200
6 6)
жануарлар мен құстардың жемдерін
200
7 7)
сыпыртқылар, сыпырғылар, орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балықтарды
200
2.
Жер учаскелерін өңдеу бойынша жеке трактор иелерінің көрсететін қызметі
500
3.
Үй жануарлары мен құстарын бағу
200
Ескерту: егер тұрған (сауда) орны белгіленген жер көлемінен артса, онда салық төлеуші біржолғы талон құнының сомасын артық жерге барабар етіп қосымша төлейді.
11 Шымкент қалалық мәслихатының
2011 жылғы 28 қазандағы
№ 57/465-4с шешіміне 2 қосымша
Шымкент қаласының базарларында тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін біржолғы талондар құны
№
р/с
Тауар, жұмыс және қызмет атаулары
Әр сатушының алатын сауда алаңы
Бір күндік
талон
құны (теңге)
1.
Базарлар аумағындағы (дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда) сату:
1 1)
ұн, нан және нан тағамдары, кондитер тағамдарын
1 шаршы метрден
100
2 2)
ет және ет өнімдерін
1 шаршы метрден
300
3 3)
сүт және сүт өнімдерін
1 шаршы метрден
100
4 4)
көкөністерді, жеміс-жидектерді
1 шаршы метрден
200
5 5)
құрғақ жемістерді, балды
2 шаршы метрге дейін
400
6 6)
киімдерді, маталарды, бас киімдерді, аяқ киімдер, теріден жасалған бұйымдарды
2 шаршы метрге дейін
300
7 7)
аудио-бейне аппаратураларды
2 шаршы метрге дейін
300
8 8)
кеңсе тауарларын, парфюмерияларды
1 шаршы метрден
250
9 9)
жеңіл автокөліктерді
1 кіріп шыққанына
500
10 10)
автобустарды
1 кіріп шыққанына
700
11 11)
жүк машиналарын
1 кіріп шыққанына
1000
12 12)
мото- велотехникаларды
1 кіріп шыққанына
350
13 13)
ірі қара малды, жылқыларды, түйелерді
1 басқа
300
14 14)
қой, ешкі, қозыларды
1 басқа
200
15 15)
құс және үй жануарларын
1 шаршы метрден
200
16 16)
жем, шөптерді
2 шаршы метрге дейін
300
17 17)
құрылыс материалдарын
3 шаршы метрге дейін
300
18 18)
гүлдерді
1 шаршы метрге денін
250
19 19)
аяқ киім тігу, жөндеу және тұрмыстық қызметтерді
2 шаршы метрге дейін
200
20 20)
ұсақ –түйек тауарларды
1 шаршы метрден
200
21 21)
зергерлік бұйымдарды
1 шаршы метрден
300
22 22)
кілемдерді
3 шаршы метрге дейін
300
23 23)
автокөліктердің қосалқы бөлшектерін (жаңа түрлері)
1 шаршы метрден
200
24 24)
автокөліктердің қосалқы бөлшектерін (ескі түрлері)
1 шаршы метрден
150
25 25)
базар аумағына жүк артып кірген автокөліктерге және әрбір тіркемелеріне
а а)
1 тоннаға дейінгі
1 кіріп шыққанына
300
б б)
1 тоннадан 4 тоннаға дейінгі
1 кіріп шыққанына
600
в в)
4 тоннадан 8 тоннаға дейінгі
1 кіріп шыққанына
1000
г г)
8 тоннадан жоғары
1 кіріп шыққанына
1500
Ескерту: егер тұрған (сауда) орны белгіленген жер көлемінен артса, онда салық төлеуші біржолғы талон құнының сомасын артық жерге барабар етіп қосымша төлейді.