Об утверждении перечня объектов районной коммунальной собственности по Карасускому району, подлежащих приватизации Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарасу ауданы бойынша жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі объектілердің тізбесін бекіту туралы "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қарасу ауданы бойынша жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі объектілердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары А.Ғ. Қисиқовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің бастығы _______ И. Горлова
Басқа 4
Әкімдіктің 2011 жылғы 25 қазандағы № 275 қаулысымен бекітілген Қарасу ауданы бойынша жекешелендіруге жататын аудандық коммуналдық меншіктегі объектілердің тізбесі Рет- тік саны Объектінің атауы Объектінің мекенжайы және баланс ұстаушысы Негізі Объектінің жағдайы 1 "ВАЗ 21213" автомашинасы, Р 582 ВС мемлекеттік нөмірі, 2000 жылы шығарылған Қарасу ауылы, А.Исақов көшесі, 66, "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Қарасу ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының 2010 жылғы 12 қарашадағы № 703 өтініші Техникалық бұзылған