Об установлении карантинной зоны с введением карантинного режима на территории города Астаны Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астана қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Өсімдіктер карантині туралы" заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті Астана қаласы бойынша Аумақтық инспекциясының 2011 жылғы 12 шілдедегі № 04-13/1505 Астана қаласының аумағында аса қауіпті карантиндік арамшөп Қызғылт укекіре (Acroptilon repens) (бұдан әрі - карантинді объект) табылғаны туралы ұсынысы негізінде Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Астана қаласының аумағында карантинді объектіні толық жойғанға дейін карантин режимін енгізу арқылы қосымшаға сәйкес, карантин аймағы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Астана қаласы бойынша Аумақтық инспекциясына (келісім бойынша) карантинді объектілердің таралу ошағын оқшауландыру және жою бойынша іс-шаралар өткізу тәртібін әзірлеу және олардың өткізілуіне бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. "Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы осы қаулыны кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Т. Сұлтанбековке жүктелсін.
Тармақ 5. Астана қаласы аумағының карантиндік аймақтары
5. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Әкім                                       И. Тасмағамбетов КЕЛІСІЛДІ: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Астана қаласы бойынша Аумақтық инспекциясының бастығы            А.А. Қожұмратов 2011 жылғы 27 қыркүйек Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 41-979қ қаулысына Қосымша Астана қаласы аумағының карантиндік аймақтары Р/с № Ка­ран­т­ин­дік ай­мақ­тар­дың ата­уы 1. Ескі Көк­ше­тау тас жо­лы, Ор­та­лық ба­за­рдан "Ру­беж" бе­ке­тіне дей­ін 2. Қор­ғал­жын тас жо­лы, Қа­зақ гу­ма­ни­тар­лық заң уни­вер­си­те­ті ау­ма­ғы­нан "Ру­беж" бе­ке­тіне дей­ін 3. Қа­ра­ған­ды тас жо­лын­да­ғы тран­зит­тік ай­нал­ма жо­лы­нан Алаш тас жо­лы­на дей­ін 4. "Со­ро­ко­вая" стан­са­сы­нан Ма­ла­хов 805 кө­ше­сіне дей­ін­гі те­мір жол жүй­е­сі