Об определении помещений для встреч с избирателями, мест размещения печатных агитационных материалов на период выборов Күшін жойған
Басқа 0
Сайлау кезеңінде сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлар, үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28 - бабы 4, 6 тармақтарына сәйкес, Саран қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Саран қаласының аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Президенттікке, Парламент Сенаты мен Мәжілісі, мәслихаттары депутаттығына және Қазақстан Республикасының өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелігіне кандидаттардың сайлаушылармен кездесуіне арналған үй-жайлар және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Саран қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 2 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы кезеңінде сайлаушылармен кездесуіне арналған үй-жайлар, үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы" N 08/01 қаулысының күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-7-117 болып тіркелген, N 9 (577) қалалық "Саран газеті" газетінде 2011 жылы 3 наурызда жарияланған).
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Саран қаласы әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасарына және Ақтас поселкесінің әкіміне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған сәттен қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Саран қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 21 қарашадағы
N 42/01 қаулысына
қосымша
Саран қаласы және Ақтас поселкесі бойынша сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлардың мекенжайлары
N
Елді мекеннің атауы
Сайлаушылармен кездесуге арналған үй-жайлардың мекенжайлары және орналасқан жері (кабинет, телефон)
Үй-жайдың жалпы алаңы
1.
Саран қаласы
"Саран қаласының балалар-жастар орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының акт залы (Саран қаласы, Чкалов көшесі, 3 үй, телефон 23339, 23156, 26246)
250 шаршы метр
2.
Ақтас поселкесі
"Ақтас поселкесінің мәдени-демалыс орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының кіші залы (Ақтас поселкесі, Кржижановский көшесі, 16-а үй, телефон 55061, 55044)
300 шаршы метр
Саран қаласы және Ақтас поселкесі бойынша
үгіттік баспа материалдарын
орналастыруға арналған орындар
N
Елді мекеннің атауы
Үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
1.
Саран қаласы
Ленин даңғылы және Жеңіс көшесі қиылысындағы алаң
2.
Ақтас поселкесі
Бірінші май көшесі, 16 үй бойынша дүкеннің қасындағы алаң