О ратификации Конвенции о привилегиях и иммунитетах Секретариата, его персонала и представителей государств-членов Совещания по взаимодействию и мерам доверия в Азии Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияны ратификациялау туралы 2010 жылғы 8 маусымда Стамбулда жасалған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция ратификациялансын. АӨСШК Үшінші саммитінде мақұлданды 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық Конвенцияның мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық Конвенциясының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық Конвенцияларды тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы КОНВЕНЦИЯ Осы Конвенцияны жасасқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске мүше мемлекеттер, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларын және 2002 жылғы 4 маусымдағы Алматы Актісін басшылыққа ала отырып, 2006 жылғы 17 маусымдағы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің Хатшылығы туралы келісімнің 5-бабы 2-тармағының ережелерін іске асыру мақсатында, төмендегілер туралы келісті:
Бап 1. 1-бап Анықтамалар
1-бап Анықтамалар Осы Конвенцияның мақсаттары үшін мынадай анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша а
а) «АӨСШК» - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес;
Тармақша b
b) «Хатшылық» - АӨСШК-нің Хатшылығы;
Тармақша с
с) «Тараптар» - осы Конвенцияны ратификациялаған, қабылдаған, бекіткен немесе оған қосылған АӨСШК-ге мүше мемлекеттер;
Тармақша d
d) «Атқарушы директор» - Хатшылықтың бас лауазымды тұлғасы;
Тармақша е
е) «Атқарушы директордың орынбасары» - Хатшылықтың бас лауазымды тұлғасының орынбасары;
Тармақша f
f) «кәсіби персонал мүшелері» - АӨСШК-ге мүше мемлекеттер іссапарға жіберетін және АӨСШК-нің Аға лауазымды тұлғалар комитетінің мақұлдауы бойынша Атқарушы директор тағайындайтын Хатшылықтың лауазымды тұлғалары;
Тармақша g
g) «отбасы мүшелері» - Хатшылықтың Атқарушы директорымен, Атқарушы директордың орынбасарымен және кәсіби персонал мүшелерімен бірге тұратын олардың жұбайлары мен асырауындағы 18 жасқа дейінгі балалары;
Тармақша h
h) «Тараптардың өкілдері» - АӨСШК отырыстарына қатысу үшін тиісті Тараптар жіберетін тұлғалар.
Бап 2. 2-бап Хатшылықтың құқық қабілеттілігі
2-бап Хатшылықтың құқық қабілеттілігі Хатшылық әрбір Тараптың аумағында өзінің функцияларын орындау үшін қажетті құқық қабілетіне ие.
Бап 3. 3-бап Артықшылықтар мен иммунитеттер Жалпы ережелер
3-бап Артықшылықтар мен иммунитеттер Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Конвенция бойынша артықшылықтар мен иммунитеттер тиісті тұлғалардың жеке пайдасына арналмаған, бірақ олардың ресми функцияларды тәуелсіз орындауын қамтамасыз етеді.
Тармақ 2
2. Егер иммунитет сот төрелігін жүргізуге кедергі болса және одан бас тарту иммунитет берілген мақсаттарға залал келтірмесе, онда одан бас тартылуы мүмкін. Иммунитеттен бас тарту айқын білдірілуге тиіс. Иммунитеттен бас тарту туралы шешімді:
Тармақша а
а) Атқарушы директорға және Атқарушы директордың орынбасарына қатысты - АӨСШК-нің Аға лауазымды тұлғалар комитетінің ұсынымы бойынша министрлік кездесулер барысында ортақ ымыра негізінде немесе мұндай кездесулер арасындағы кезеңде дипломатиялық арналар арқылы бір ауыздан Сыртқы істер министрлері немесе олардың ресми уәкілетті өкілдері;
Тармақша b
b) кәсіби персонал мүшелеріне қатысты - Атқарушы директордың ұсынымы негізінде АӨСШК-нің Аға лауазымды тұлғалар комитеті;
Тармақша с
с) Тараптардың өкілдеріне қатысты - жіберуші Тарап қабылдайды.
Тармақ 3
3. Артықшылықтар мен иммунитеттер қолданылатын тұлғалар өздерінің жоғарыда аталған артықшылықтары мен иммунитеттеріне залал келтірместен, Тараптардың заңнамаларын құрметтеуі тиіс.
Бап 4. 4-бап Хатшылықтың артықшылықтары мен иммунитеттері
4-бап Хатшылықтың артықшылықтары мен иммунитеттері
Тармақ 1
1. Хатшылық, оның мүлкі мен активтері, қай жерде және кімнің иелігінде болсын, иммунитеттен бас тарту айқын білдірілген жағдайларды қоспағанда, әкімшілік ықпал етудің немесе сот жауапкершілігінің кез келген нысанынан иммунитетті пайдаланады. Ерекше жағдайларда ғана Атқарушы директордың ұсынысы бойынша АӨСШК-нің Аға лауазымды тұлғалар комитеті иммунитеттен бас тарту туралы шешім қабылдайды. Иммунитеттен бас тартудың ешқайсысы сот-атқару шараларына қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Хатшылықтың мұрағаты мен басқа да құжаттарына қол сұғылмайды.
Тармақ 3
3. Қаржылық бақылаумен, қағидалармен немесе мораторийдің қандай да бір түрімен шектелместен, Хатшылық өзінің мақсаттарына сәйкес қызметін жүзеге асыру үшін қажетті шекте Тараптардың аумағында тиісті Тараппен келісім бойынша қорлар немесе шоттар иеленуге құқылы.
Тармақ 4
4. Белгілі бір қызмет түрлері үшін төленетін төлемдерді қоспағанда, Хатшылық, оның активтері, кірістері мен басқа да мүлкі барлық тікелей салықтардан босатылады.
Бап 5. 5-бап Атқарушы директордың, Атқарушы директор орынбасарының және кәсіби персонал мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері
5-бап Атқарушы директордың, Атқарушы директор орынбасарының және кәсіби персонал мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері
Тармақ 1
1. Атқарушы директор, Атқарушы директордың орынбасары және кәсіби персонал мүшелері мынадай артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады:
Тармақша а
а) жеке тұтқындаудан немесе ұстаудан иммунитет, сондай-ақ: і. Хатшылыққа немесе жоғарыда аталған тұлғалардың біреуіне тиесілі немесе олардың жүргізуіндегі автокөліктен болған жол-көлік оқиғасына байланысты залалды өтеуге қатысты сот талаптарын; іі. көрсетілген тұлғалар тарапынан жасалған іс-қимылдардан болған кісі өліміне немесе дене жарақаттарына байланысты залалды өтеуге қатысты сот талаптарын қоспағанда, олардың ресми өкілдер ретінде айтқан немесе жазылған және жасаған барлық іс-қимылдары үшін сот жауапкершілігінен иммунитетті;
Тармақша b
b) көшіп келу және олар уақытша болатын немесе өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде өтетін Тараптың аумағында шетелдіктерді міндетті тіркеу бойынша шектеулерден босатылады;
Тармақша с
с) тиісті Тарап аумағында дипломатиялық агенттерге берілетін сияқты валютамен жасалатын операцияларға қатысты артықшылықтарды;
Тармақша d
d) халықаралық дағдарыстар уақытында дипломатиялық агенттер пайдаланатын сияқты репатриация бойынша жеңілдіктерді де пайдаланады;
Тармақша е
е) осы Баптың 1-тармағының (b) және (d) тармақшаларының ережелері отбасы мүшелеріне де қолданылуы тиіс.
Тармақ 2
2. Тарап осы Баптың 1-тармағында айтылған артықшылықтар мен иммунитеттерді:
Тармақша а
а) өз азаматтарына немесе тұрақты резиденттерге;
Тармақша b
b) өзімен дипломатиялық қатынастар орнатылмаған Тараптың азаматтарына беруге міндетті емес.
Бап 6. 6-бап Тараптар өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері
6-бап Тараптар өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері
Тармақ 1
1. Тараптар өкілдеріне олар өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде және отырыс өткізілетін жерге бару және қайту кезінде мынадай артықшылықтар мен иммунитеттер беріледі:
Тармақша а
а) жеке тұтқындаудан немесе ұстаудан және олардың өкілдер ретінде айтқан, жазған немесе жасаған барлық іс-қимылдардан иммунитет, сондай-ақ АӨСШК отырысы өтіп жатқан Тараптан кез келген түрдегі сот жауапкершілігінен иммунитет;
Тармақша b
b) олардың барлық қағаздарына, құжаттарына және электронды деректер тасығыштарына қол сұғылмаушылық;
Тармақша с
с) олардың өздерін және олармен бірге жүретін жұбайларын көшіп келу, олар уақытша болатын Тараптың аумағында немесе өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде өтетін аумақта шетелдіктерді тіркеу бойынша шектеулерден босату;
Тармақша d
d) уақытша қызметтік іссапарларда жүрген шет мемлекеттердің өкілдеріне берілетін сияқты валюталық шектеулерге немесе валюта айырбастауға қатысты жеңілдіктер;
Тармақша е
е) дипломатиялық агенттерге берілетін сияқты олардың жеке қол жүгіне қатысты иммунитеттер мен жеңілдіктер.
Тармақ 2
2. Тарап осы Баптың 1-тармағында айтылған артықшылықтар мен иммунитеттерді:
Тармақша а
а) өз азаматтарына немесе тұрақты резиденттерге;
Тармақша b
b) өзімен дипломатиялық қатынастар орнатылмаған Тараптың азаматтарына беруге міндетті емес.
Бап 7. 7-бап Визалар
7-бап Визалар
Тармақ 1
1. Тараптар Хатшылықтың Атқарушы директорына, Атқарушы директорының орынбасарына және кәсіби персонал мүшелеріне, сондай-ақ АӨСШК отырыстарына қатысатын АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің өкілдеріне виза беру кезінде барлық қажетті жәрдем көрсетеді.
Тармақ 2
2. Тарап өзімен дипломатиялық қатынастар орнатылмаған Тараптың азаматтарына виза беруге міндетті емес.
Бап 8. 8-бап Басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен міндеттерге әсері
8-бап Басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен міндеттерге әсері Осы Конвенция Тараптардың өздері қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын құқықтары мен міндеттемелерін қозғамауға және қозғаушы ретінде түсіндірілмеуге тиіс.
Бап 9. 9-бап Қорытынды ережелер
9-бап Қорытынды ережелер
Тармақ 1
1. Осы Конвенция АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің қол қоюы үшін ашық.
Тармақ 2
2. Осы Конвенция, оған қол қойған мемлекеттердің ратификациялауына, қабылдауына және бекітуіне жатады. Осы Конвенция АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің қосылуы үшін ашық. Осы Конвенция депозитарий ратификациялаудың, қабылдаудың, бекітудің немесе қосылудың он төртінші құралын алған күнінен бастап отызыншы күні күшіне енеді. Осы Конвенцияны ол күшіне енгеннен кейін ратификациялайтын, қабылдайтын, бекітетін немесе оған қосылатын АӨСШК-ге мүше мемлекет үшін осы Конвенция ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу құралы сақтауға тапсырылған күннен бастап отызыншы күні күшіне енеді.
Тармақ 3
3. Хатшылық осы Конвенцияның депозитарийі болып табылады. Депозитарий осы Конвенцияның күшіне ену күні туралы, сондай-ақ тиісті Тараптардан ратификациялау, қабылдау, бекіту немесе қосылу құралдарын алғаны туралы Тараптарды хабардар етеді.
Тармақ 4
4. Осы Конвенция Тараптардың өзара келісімі бойынша Хаттамамен өзгертілуі мүмкін. Хаттама осы Баптың 2-тармағына сәйкес күшіне енеді.
Тармақ 5. Үшінші саммитте "Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияға" қол қойған мүше мемлекеттердің тізімі
5. Кез келген Тарап кез келген уақытта Депозитарийге жазбаша хабарлама жіберу арқылы осы Конвенциядан шыға алады. Бұл Тарапқа қатысты осы Конвенцияның қолданылуы Депозитарий мұндай хабарламаны алған күнінен бастап 6 ай өткен соң тоқтатылады. 2010 жылғы 8 маусымда Стамбулда бір түпнұсқа данада ағылшын тілінде жасалды. Үшінші саммитте "Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Хатшылығының, оның персоналының және Кеңеске мүше мемлекеттер өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияға" қол қойған мүше мемлекеттердің тізімі
Тармақ 1
1. Әзірбайжан Республикасы
Тармақ 2
2. Израиль Мемлекеті
Тармақ 3
3. Иран Ислам Республикасы
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы
Тармақ 5
5. Қытай Халық Республикасы
Тармақ 6
6. Корея Республикасы
Тармақ 7
7. Қырғыз Республикасы
Тармақ 8
8. Ресей Федерациясы
Тармақ 9
9. Тәжікстан Республикасы
Тармақ 10
10. Таиланд Корольдігі
Тармақ 11
11. Түркия Республикасы 2010 жылғы 8 маусымда Стамбул қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің үшінші Саммитінде қабылданған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі Кеңестің Хатшылығы, оның персоналының және мүше-мемлекеттері өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенцияның дәлме-дәл көшірмесінің куәландырылған көшірмесі екенін растаймын.