О комиссии по погашению кредиторской задолженности по налогам и другим обязательным платежам в бюджет и заработной плате Күшін жойған
Басқа 0
Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер және жалақы бойынша кредиторлық қарыздарды өтеу жөніндегі комиссия туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 06.11.2004 № 52 шешімімен.
Салықтар, бюджет төлемдері және жалақы бойынша қарыздардың қордалану себебіне анализ жасау, барлық меншік түрлеріне қарасты ұйымдардың қарыздарын өтеу жөніндегі мәселелерін жедел шешу, шығынды және қаражат жағдайлары нашар кәсіпорындардың қаржы-экономикалық жағдайларын жақсарту жөніндегі қайта ұйымдастыру шараларын жүргізуді жандандыру мақсаттарында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңына сәйкес дәрменсіз кәсіпорындарды тарату және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1.10.1998 жылғы № 189 «Жалақы төлеу жөніндегі қарыздарға анализ жасау үшін жұмыс тобын құру туралы» өкімін жүзеге асыру үшін:
Тармақ 1
1. БЕКІТІЛСІН:
- салықтар және басқа да міндетті бюджет төлемдері мен жалақы бойынша кредиторлық қарыздарды өтеу жөніндегі комиссия туралы Ереже (№1 қосымша);
- салықтар және басқа да міндетті бюджет төлемдері мен жалақы бойынша кредиторлық қарыздарды өтеу жөніндегі комиссия мүшелерінің құрамы (№ 2 қосымша).
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Әділбековке жүктелсін.
Басқа 3
Ақмола облысының әкімінің
29 ақпан 2000 ж.шешіміне
Қосымша №1
Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер мен жалақы бойынша кредиторлык, қарыздарды өтеу жөніндегі облыстық комиссияның қағидасы.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер мен жалақы бойынша кредиторлық қарыздарды өтеу жөніндегі облыстық комиссия (бұдан былай - Комиссия) облыстық деңгейде Банкроттық туралы Заңды іске асыру, қаржы-экономикалық жағдайларды жақсарту, банктік сферадан басқа, (бұдан былай - Кәсіпорын), төлем төлеуге қабілетсіз кәсіпорындармен акционерлік қоғамдарды тарату және қайта ұйымдастыру, осы бағытта қызмет ететін жергілікті атқарушы орындардың қызметін үйлестіру мақсатында жұмыс істейтін, облыс әкімінің жанынан құрылған коллегиялық орган болып табылады.
Тармақ 1.2
1.2. Комиссия өз жұмысында ҚР нормативтік актілерін, Заңдар жиынтығын және осы қағиданы басшылыққа алады.
Тармақ 1.3
1.3. Комиссияның жұмыс орны болып «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік» ААҚ Акмола облысындағы филиалы болып табылады.
Тарау 2. 2. Комиссияның міндеті мен қызметі
2. Комиссияның міндеті мен қызметі
Тармақ 2.1
2.1. Облыс көлемінде кәсіпорындарды тарату және қайта ұйымдастыру жұмысындағы негізгі бағыт Үкіметтің саясаты мен экономикалық мүддесін қорғау.
Тармақ 2.2
2.2. Министрліктер мен ведомстволардың аймақтық органдарымен және кәсіпорындардың өздерімен Кәсіпорынды санациялау, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс жүргізуді жүзеге асыру.
Тармақ 2.3
2.3. Шығын, және қаражат жағдайлары нашар кәсіпорындар жөнінде мәлімет жинау және оны жинақтап қорыту, олардың есебі мен мониторингі, қаржы-экономикалық жағдайын зерттеу, қайта ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар жасау, кәсіпорындарды банкроттыққа ұсыну
Тармақ 2.4
2.4. Облыс көлемінде кәсіпорындардан, банктерден, басқа да ұйымдардан комиссияның біліктілігіне сәйкес түскен ұсыныстарды қарау
Тармақ 2.5
2.5. Комиссияның құзырлығына кіретін керекті нормативтік құжатарды тарату
Тарау 3. 3. Комиссияның құқығы мен өкілеттілігі
3. Комиссияның құқығы мен өкілеттілігі
Тармақ 3.1
3.1. Жүктелінген міндетті атқару мақсатында белгіленген тәртіппен кәсіпорындардан, шаруашылық басқармаларынан, салық органдарынан керекті мәліметтерді сұрауға және талап етуге құқылы
Тармақ 3.2
3.2. Эксперт пен консультанттардың қайта ұйымдастыру, санация және кәсіпорындарды тарату жөніндегі ұсыныстарын зерттеу мақсатында кәсіпорындардан, шаруашылық басқармаларынан, ұйымдардан, ғылыми-зерттеу мекемелерінен білікті мамандар қатыстыруға құқылы
Тармақ 3.3
3.3. Жоспар бойынша кәсіпорындарды тарату және қайта ұйымдастыру шараларын қаржыландыру туралы ұсыныс енгізуге
Тармақ 3.4
3.4. Өз отырыстарында облыстық мемлекеттік және шаруашылық органдарының іс-жұмысын, кәсіпорындардың құзырлылығын тындауға құқылы
Тармақ 3.5
3.5. Жалған банкроттық кездескен жағдайда кәсіпорын басшысын орнынан алуға, істі Заңды қорғау орнына беруге өкілетті
Тарау 4. 4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 4.1
4.1. Комиссияның регламенті мен отырыстарының кестесін оның Төрағасы бекітіп, әрбір мүшеге алдын ала хабарлайды
Тармақ 4.2
4.2. Комиссияның отырысында қаралатын мәселелер алдын ала жұмысшы ұйымда қаралып, Төрағасымен, немесе оның орынбасарымен келісіліп Комиссияның әр мүшесіне жеткізіледі
Тармақ 4.3
4.3. Шешім көпшілік дауыспен қабылданып, хаттамамен негізделеді. Дауыс тең түскен жағдайды Төрағасы шешуші дауысқа ие болады
Басқа 24. Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер мен жалақы бойынша кредиторлық қарыздарды өтеу жөніндегі комиссияның құрамы
Ақмола облысының әкімінің
29 ақпан 2000 ж. шешіміне
Қосымша № 2
Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер мен жалақы бойынша кредиторлық қарыздарды өтеу жөніндегі комиссияның құрамы
Әдільбеков Д.З. - облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Игнатущенко А.И. - «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік» ААҚ Ақмола облысындағы филиалының директоры, төрағасының орынбасары
Айдарханов Э.А. - Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік» ААК, Ақмола облысындағы филиалының мониторинг бөлімінің бастығы, комиссияның хатшысы
Комиссия мүшелері
Бекенов М.Б. - мемлекеттік мүлік жөніндегі аумақтық комитеттің төрағасы (келісім бойынша)
Даниленко Н.И - облыстық өнеркәсіп, көлік, сауда және коммуникация басқармасы бастығының орынбасары
Дүйсенбаев М.Ж. – облыстық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары
Ыбыраев С.К. - облыстық экономика басқармасы бастығының орынбасары
Мадияров А.С. – облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы
Марниц О.Г. - Ақмола облыстық салық полициясы комитетінің бастығы (келісім бойынша)
Мырзалин Ж.К. - Қаржы және экономика саласын реформалау бөлімінің меңгерушісі
Савицкий Д.Е. - облыстық қаржы басқармасының бастығы
Райымбаев А.Х. - Ақмола облысы бойынша салық басқармасының бастығы міндетін атқарушы (келісім бойынша)
Трищ П.С. - облыстық Әділет басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша)