Об итогах поступления выпускников общеобразовательных школ в высшие учебные заведения по новой модели формирования студенческого контингента Күшін жойған
Басқа 0
Жалпы білім беретін мектеп түлектерінің жоғарғы оқу орындарына студент контингентін қалыптастырудың жаңа үлгісі бойынша оқуға түсу қорытындысы туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімінің 03.01.2005 № 1 шешімімен.
Білім басқармасының бастығы Е.А.Дмитриенконың 1999 жылғы қабылдау емтихандарының қорытындысы туралы хабарламасын тыңдай келіп, алқа мәжілісі келесі мәселелерді атап көрсетеді: 1999 жылы мектеп бітірген 9510 түлектің 3103-і жоғары оқу орындарына оқуға тусті, олардың 710-ы, яғни 23 пайызы жалпы білім беретін грант пен кредитке ие болды.
Алқа мәжілісінде, мұндай жағдайдың қалыптасуына оқушылардың білім сапасын көтеруге байланысты мақсатты жұмыстар жүргізілмегендігі атап көрсетілді. Әсіресе, Жақсы, Есіл, Қорғалжын және Көкшетау қаласының білім көрсеткіштері өте төмен, орташа есеппен 9 пайыз көлемінде.
Студенттік контингентін қалыптастырудың жаңа үлгісінің екніші кезеңін сапалы өткізу мақсатында білім басқармасы және Ұлттық тестілеу орталығының өкілдерімен облыс мектептерінің 577 түлегінен сынақ тестілері өткізілді. Тестілеу қорытындысы бойынша 54 мектептің 6 оқушысы (Степногорск қаласының нөмірі 2, 3, 4, 6 орта мектептері, Көкшетау қаласының техникалық лицейі және Дорофеевка орта мектебі) облыстық көрсеткіштен жоғары білім көрсетті. Тестілеуге қатысқан негізгі құрам - 225 оқушы немесе 40 пайызы 71 балдан төмен білім көрсетті, яғни бес балдық жүйе бойынша "3" деген бағаға пара-пар, ал 64 оқушы немесе 11,5 пайызы "4" деген бағаға, 31,3 пайызы 50 балдан төмен "2" деген бағаға сай білім деңгейін көрсетті.
Жоғарыдағы айтылғандар негізінде алқа мәжілісінің шешімі:
Тармақ 1
1. Білім басқармасы (Дмитриенко Е.А.) Есіл, Жақсы, Қорғалжын, Астрахан, Егіндікөл, Бұланды аудандарының және Көкшетау қаласының мектеп бітіретін оқушылар білімінің төмен деңгейде екендігіне көңіл аударсын.
Тармақ 2
2. Облыстық білім басқармасы:
- қаржы басқармасымен (Савицкий Д.Е.), Көкшетау университетімен (Айтмұханбетов А.А.) бірлесе отырып, облыс орталығында дарынды балаларға арналған мектеп-интернат құру мәселесін қарастырсын. Көкшетау қапасының әкімі (Хасенов А.Г.) осы мақсатта мекеме бөлсін.
- жаңа үлгідегі білім мекемелерін құру жұмыстары белсендірілсін (лицей, гимназия).
- жалпы білім беретін мектептер мен алыс жердегі ауыл мектептерінде оқушылардың білімін тест арқылы бағалау әдісін кестеге сәйкес 2000 жылдың 1-10 сәуір аралығында жан-жақты енгізу мақсатында нақтылы іс-шаралар қолдансын, тест қорытындысын білім басқармасының 2-ші тоқсандағы алқа мәжілісінде талқыласын.
- 1999 жылғы тест қорытындысы және жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар білімін тестілеудің технологиясы бойынша семинарлар өткізсін.
- 1999 жылы студент контингентін қалыптастырудың жаңа үлгісін енгізудің бірінші кезеңі мен сынақ тестісі қорытындысы бойынша талқылау жұмыстарын ұйымдастырсын
- 2000 жылдың 15 сәуіріне дейін жалпы білім беретін мектеп оқушыларының білім сапасын жақсарту шараларын әзірлесін.
- облыс көлеміндегі мектеп оқушылары арасында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға түсуіне бағытталған үгіт-насихат жұмыстарын жүргізсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдері білім мекемелерінің жұмыстарына ерекше көңіл бөлсін, оқу бағдарламасының орындалуын бақылау жұмыстары күшейтілсін, мектептерді мамандандырылған мұғалімдермен қамтамасыз етуге, материалды-техникалық базасын жақсартуға, жылумен қамтамасыз етуге, мектептерді компьютерлік сыныптармен толықтыруға жағдай жасасын.
Тармақ 4
4. Шешімнің орындалу барысын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары С.Ж.Жалмағанбетоваға жүктелсін.