О тарифах на тепловую энергию и химически очищенную воду, вырабатываемую АО "Алматытеплокоммунэнерго" Күшін жойған
Басқа 0
"Алматыжылукоммунэнерго" АҚ беретін жылу энергиясы мен химиялық тазаланылатын судың тарифтері туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Мәслихатының 29.07.2004 N 76 шешімімен.
Алматы қаласы әкімінің ұсынысы мен Алматы қаласы бойынша баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттің қорытындысын қарай келіп және "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және арқарушы органдары туралы" Заңының 40 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Коммуналдық қызметтер үшін баға белгілеу тәртібі туралы" 1997 жылғы 29 қазандағы N 1377 қаулысына сәйкес І сайланған Алматы қалалық Мәслихаты
шешім қабылдады:
"Алматыжылукоммунэнерго" АҚ беретін жылу энергиясының орташа тарифы 1 Гкал бойынша тұтынушыларды топтарға жіктей отыра І Гкал үшін (КДС-сыз) 1480 теңге көлемінде белгіленсін:
- тариф КДС-сыз Халық - 1100 теңге
- тариф КДС-сыз Бюджеттік ұйымдар - 2122 теңге
- тариф КДс-сыз Басқа тұтынушылар - 2302 теңге