О состоянии и мерах по обеспечению безопасности граждан на водоемах области Қолданыста
Басқа 0
Облыстың су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жағдайы және шаралары туралы
Облыстың су айдындарында азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкімдері 2000 жылғы 25 мамырға дейін:
- облыстың су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерді қарасын және нақты шаралар қабылдасын;
- облыстың су айдындарында адамдардың өмірін қорғауды қамтамасыз ету мәселелерінде суда құтқару қызметінің облыстық орталығына облыстық мәслихаттың 1998 жылғы 20 қарашадағы шешімімен бекітілген «Қостанай облысының су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігінің ережелерін» ұйымдастыруда және насихаттауда көмек көрсетсін.
- жаппай демалу, суға түсу және балық аулау үшін пайдаланылатын су беті аумағының барлығын меншік түріне қарамастан нақты иеленушілерімен оларға адамдар өмірінің қауіпсіздігі үшін жауап беру жүктеле отырып бекітіп беру құқын берсін;
- дем алуға және суға түсетін жерлер үшін бөлінген учаскелердің жағалауға жақын жерлерінің табанын суда құтқару қызметі тексермейінше, демалыс аумақтарын, қала сыртындағы балалардың сауықтырылу лагерлерін, еңбек және демалыс лагерлерін ашуға жол бермесін.
Тармақ 2
2. Облыстың білім департаменті (Шек Г.Г.) суда балалардың жарақат алуының алдын алу үшін мектеп жасына дейінгі мекемелерде, мектептерде, гимназияларда, колледждерде алдын алу жұмыстарын жандандырсын. Суда қауіпсіздік ережелерін сақтауға ерекше назар аударылатын «Қауіпсіз өмір сүрудің негіздер» бағдарламасы бойынша оқу жоспарлары мен сабақтардың пайдалану тиімділігін арттырсын.
Тармақ 3
3. Облыстың денсаулық сақтау басқармасы (Ғалымжанов Е.М.) облыстың қалалары мен аудандарында бақытсыз оқиғалар болған жағдайда, бірінші және кезек күттірмейтін медициналық көмек корсету үшін жаппай суға түсетін жерлерде санитарлық жасақтар (жедел медициналық көмек) дайындығын және кезекшілігін ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстың ішкі істер басқармасы (М.М. Оразәлиев) халықтың көпшілік суға түсетін орындарындағы жағажайларда тәртіп сақтауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облтелерадиокомпанияға (Г.В. Кригер), облыстық «Қостанай таңы» (Е.Ш. Сүйінов), аймақтық «Костанайские новости» (С.В. Харченко) газеттерінің редакцияларына, қалалық және көп даналық газеттерге суда құтқару қызметінің облыстық орталығының облыстың су айдындарындағы жағдайлар және суда болатын бақытсыз оқиғаларды ескерту жөніндегі материалдарды, сондай-ақ «Қостанай облысы су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін» насихаттауды жүйелі түрде көрсетіп отыру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Облыстың су айдындарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы 2000 жылғы 1 маусымға дейін суда құтқару қызметінің облыстық орталығына хабарласын.
Тармақ 7
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау суда құтқару қызметі облыстық орталығының бастығы А.И. Решетняковке жүктелсін.