О наименовании улиц по Карасазскому сельскому округу Жуалынского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жуалы ауданы Қарасаз ауылдық округі бойынша көшелеріне ат қою туралы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4 тармағы негізінде және Қарасаз ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қарасаз ауылдық округі бойынша төмендегі көшелеріне ат қойылсын:
Тармақша 1
1) Қарасаз ауылында: Жамбыл көшесі; Карл-Маркс көшесі; Гагарин көшесі; Комаров көшесі; Абай көшесі; Ыбырай Алтынсарин көшесі; Ленин көшесі;
Тармақша 2
2) Ақбастау ауылында: Төле би көшесі; Береке көшесі; Қойгелді көшесі; Қайрат Рысқұлбеков көшесі;
Тармақша 3
3) Жүрімбай ауылында: Жеңіс көшесі; Болашақ бұрылысы;
Тармақша 4
4) Қарасу ауылында: Ақ жол көшесі;
Тармақша 5
5) Көктас ауылында: Достық көшесі.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасаз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Нұрлан Бопанұлы Ахметке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік қүн өткен соң қолданысқа енгізіледі.