Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет к призывному участку Узункольского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 17-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң шақыру учаскесіне тiркеу 2012 жылдың қаңтар-наурызында ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнына (келiсiм бойынша) "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесiмен бірге (келiсiм бойынша) тіркеу жөніндегі іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) "Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге ұсынылсын:
Тармақша 1
1) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге нарядты оқу орындарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпараттық құрал арқылы жұмысты ұйымдастырсын, әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыстың басталуы туралы хабарландыру берілсін;
Тармақша 3
3) әскери оқу орнына түсуге әскери кәсіптік бағытында болу мақсатымен тіркеу уақытында әрбір әскер жасына дейінгімен жеке әңгімелесу жүргізілсін.
Тармақ 4
4. Ұзынкөл ауданының селолық округтерінің, Ұзынкөл, Троебрат, Ряжский селоларының әкімдері тiркеуге жататын, тіркелетін жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың шақыру участкесіне дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынкөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келiсiм бойынша) тіркеу жүргізу кезеңінде шақыру учаскесiнде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары Э.Қ. Күзенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынкөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесі, бастық ___________________ А. Елисеев "Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi, бастық ___________________ О. Оразалиев Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорны, бас дәрiгер ___________________ Қ. Ержанов