О внесении изменений и дополнений в Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Конституционного закона, "О выборах в Республике Казахстан" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.05.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi N 2464 Конституциялық заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 192-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 4-бапта: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Бәсең сайлау құқығы - Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы."; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: "4. Қазақстан Республикасының Президентiне, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидат ретiнде: 1) тiркелу алдындағы бiр жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық тұрғысында құқық бұзғаны үшiн тәртiптiк жауапқа тартылған; 2) тiркелу алдындағы бiр жыл iшiнде қасақана қылмыстық құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған; 3) тiркелу уақытына қарай соттылығы өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiп бойынша алып тасталмаған адамды тiркеуге болмайды."; 7-баптың 3-тармағы алып тасталсын; 54-баптың 1-тармағындағы "заңда белгiленген тәртiппен алынып тасталмаған соттылығы болмауға" деген сөздер алынып тасталсын; 59-бапта: 5-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: "4-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналықанықтама;"; 6-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;"; 73-бапта: 4-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: "4-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;"; 5-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;"; 89-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;"; 3-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: "2-1) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;"; 104-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: "4) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама;"; 3-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: "3) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама."; 118-бапта: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: "4) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама."; 3-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: "3) психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама.".