О присвоении наименований улицам без названия в селе Казахстан Казахстанского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан селолық округіндегі Қазақстан ауылындағы атаусыз көшелерге ат қою туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық ономастика кеңесінің келісімі және Қазақстан ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Қазақстан селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан селолық округіндегі Қазақстан ауылындағы Құлжа жол торабынан оңтүстік батыс жағында орналасқан атаусыз көшелерге келесідей көше аттары қойылсын: бірінші көшеге Рақымжан Өтегенов, екінші көшеге Дәукен Шолпанқұлов, үшінші көшеге Жуаныш Қосжанов.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.