О проведении противогнусовых мероприятий Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қансорғыш шіркейлерге қарсы шараларды жүргізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 15.12.2000 № 219 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 2 шiлдедегi N 840 "Халықты зиянды қансорғыш жәндіктерден және кенеден қорғаудың шұғыл шаралары туралы" қаулыларын басшылыққа алу, облыстық төтенше эпидемияға қарсы 2000 жылдың 4 сәуiріндегі N 1 комиссияның шешiмiн ескере отырып "Безгекке, қансорғыштарға қарсы шаралар туралы" жұмыстардың өсуіне байланысты, ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Облыстық қаржы басқармасы (Хамитов) Мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық бақылау (Госсанэпиднадзор) басқармасына (Бирюков) жергiлiктi атқарушы орган резервiнен (фонда ЧС) қосымша безгекке және қансорғыштарға қарсы шараларды жүргiзу үшiн 1,5 млн. теңге бөлсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасы (Бирюков): - орындаушыны белгiленген кезде, материал қорларын сатып алған кезде және қызмет көрсеткенде Қазақстан Республикасы 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 163 "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңын басшылыққа алу керек. - барлық жиынтық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру және бөлiнген қаражаттың өз мақсатына жұмсалуын қамтамасыз ету.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы К.А. Федотовқа жүктелсiн.