О мерах по регулированию производства охоты иностранными гражданами на территории Алматинской области Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысының аумағында шетел азаматтарының аң аулауын ретке келтіру шаралары туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 28.09.2004 № 730ө өкімімен.
Қазақстан Республикасының "Жануарлар әлемін өркендету және пайдалану туралы" Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 ж. шілденің 10-ғы "1998 жылғы аң аулау маусымында жануарлар әлемін пайдалану лимитін бекіту туралы" N 654 Қаулысына сәйкес:
Тармақ 1
1. Алматы облысы орман, балық және аң аулау шаруашылығы басқармасы (В. Чукарин):
- облыстық, барлық аң аулау алқаптарының иелері бойынша, шетелдік азаматтардың жануарлар әлемін пайдалануына, Үкімет бекіткен лимиттерге сәйкес бір орталықтан рұқсат беруді жүзеге асырсын;
- аң аулаудың лицензиясы жоқ түріне, шетелдік азаматтарға рұқсат беру, аң аулау алқаптары бойынша жасалған есепке алу мәліметтеріне сәйкес жүзеге асырылсын;
- шетелдік туристердің (лицензиясыз және лицензиямен) аң аулауына берілетін рұқсат, бірыңғай тапсырыс беруші болып табылатын Алматы областық мемлекеттік қазыналық "Туризм және демалыс аумағы" кәсіпорны арқылы, тендерлік негізде жүзеге асырылсын.
Тармақ 2
2. Алматы мемлекеттік қазыналық кәсіпорын (А. Ысқақов):
- тендер өткізу тәртібі туралы Ереже дайындап, Әкімнің табиғатты пайдалану мәселесіне жетекшілік ететін орынбасары арқылы бекітілсін;
- аталмыш тендерді, баспасөзде кеңінен жариялай отырып өткізсін;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің лицензияға белгілеген құны мен сату құнындағы айырмашылық, тендерге қатысушылардың кепілдік жарналарымен қоса, тендерді ұйымдастыру шағындарын алып тастай отырып, облыс бюджетіне түсірілсін.
Тармақ 3
3. Облыс аумағындағы аң аулау алқаптарының иелеріне, бірыңғай тапсырыс беруші болып табылатын Алматы облыстық мемлекеттік қазыналық "Туризм және демалыс аумағы" кәсіпорны арқылы Алматы облыстық орман, балық және аң аулау шаруашылығы басқармасы берген рұқсаттың негізінде шетелдік туристердің аң аулауын ұйымдастыру қызметі көрсетілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары В. Меренковқа жүктелсін.