О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Жылыойского района Атырауской области Қолданыста
Басқа 0
Атырау облысы Жылыой ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу
үшін әлеуметтік көмек беру туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бап 5 тармағына және аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 7 желтоқсандағы XXIV сессиясының № 24-1 "2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" шешіміне сәйкес аудандық мәслихаттың XXХI сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Атырау облысы Жылыой ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 5 000 (бес мың) теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім, мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Т. Қыдырбаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.