О мерах по сокращению численности хищников, наносящих ущерб животноводству и дикой фауне в Алматинской области Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысында мал шаруашылығы мен жабайы аңдар әлеміне зиян келтіретін жыртқыш аңдардың санын азайту жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-95 шешімімен.
Алматы облысының ауыл және аң аулау шаруашылығына үлкен зиян келтіретін жыртқыш аңдарға (қасқыр, қорқау қасқыр және иесіз иттер) қарсы күресті күшейту, азаматтардың иір ойнақты аңшы мылтығын сатып алуын және пайдалануын реттеу мақсатында Алматы облысының Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облыстық орман, балық және аң аулау шаруашылығы басқармасы (В.Ф. Чукарин):
- заңды жеке тұлғаларға Алматы облысының аумағында зиянды жыртқыш аңдар мен басқа терісі қымбат аңдарды аулау жөнінде жеке заңды тұлғаларға шартқа отыру құқығын берсін;
- иір ойықты аңшы мылтығының иелері шарттың талаптарын міндетті түрде орындауы мақсатында, олардан Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы қыркүйектің 5-гі N 1230 Қаулысына сәйкес (қасқыр үшін 2000, қорқау қасқыр үшін 600 теңге) көрсетілген сомаға сатып алынған) бес қасқыр немесе бес қорқау қасқыр өткізген жағдайда ынталандыру сыйақымен қоса толық мөлшерде кері қайтарылатын 10000 (он мың) теңге мөлшерінде ақшалай ақы алсын;
- шарттың талаптары жарым-жартылай орындалған жағдайда ынталандыру сыйлығын шын мәнінде атып алынған жыртқыш аңдар үшін беріп, алдын ала төленген ақшалай ақыны ынталандыру сыйлығының мөлшеріне сәйкес қайтарсын;
- шарттың талаптары орындалмаған жағдайда алдын ала төленген ақшалай ақыны қайтармай, ал түскен қаржыны жыртқыш аңдарды құртуға бағытталған шараларды қаржыландыруға пайдалансын;
- шарт талаптарының орындалуына қолайлы жағдай жасау мақсатында зиянды жыртқыш аңдарды ату кезінде қосымша жарық көздерін пайдалануға рұқсат берсін;
- шарттың талаптарын орындаған аңшыларға, аңдардың лимиттелген түрлерін атып алуға рұқсат беретін басым құқығын берсін.
Тармақ 2
2. Алматы облысының ішкі істер басқармасы (С.Б. Асыл-Кеней) Алматы облыстық орман, балық және аң аулау шаруашылығы басқармасы мен заңды жеке тұлғалардың зиянды жыртқыш аңдарды жою туралы келісім шарты болған жағдайда ғана жеке тұлғалардың иір ойнақты аңшы мылтығын алуға рұқсат беруді жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау, өркендету және пайдалануды мемлекеттік бақылау инспекциясы (З.Б. Бидайбеков) Алматы облыстық орман, балық және аң аулау шаруашылығы басқармасы мен иір ойнақты аңшы мылтығына иелік ететін барлық заңды жеке тұлғалар қайтадан келісім-шартқа отыруын бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет басқармасында тіркеуге алынады және арнайы баспасөзде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс Әкімінің орынбасары В.П. Меренковқа жүктелсін.