Об установлении ветеринарного режима карантинной зоны с введением ограничительных мероприятий в селе Карашокы Қолданыста
Басқа 0
Қарашоқы ауылына шектеу іс-шараларын енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес, және Кербұлақ аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2011 жылғы 19 қазандағы № 10 ұсынысының негізінде, Қарашоқы ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылынан мүйізді ірі қара малынан «құтыру» ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарашоқы ауыл округі әкімі аппаратының бас маман ветеринариялық мал дәрігері Бакберген Турсынбаевич Карибаевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.