Об определении видов общественных работ для лиц, осужденных к отбыванию наказания в виде привлечения к общественным работам
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении видов общественных работ для лиц, осужденных к отбыванию наказания в виде привлечения к общественным работам
- Атауы (қаз.)
- Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерiн белгiлеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14188
- Қабылданған күні
- 01.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2014 62169_281645.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11VA000173
- ЭКБ идентификаторы
- 62169
- Редакция идентификаторы
- 62169_281645
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:00
0 Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерiн белгiлеу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шiлдедегi Қылмыстық кодексiнiң 42-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 30-бабының 1-тармағына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1 1. Қоғамдық жұмыстарға тарту түрiнде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерi белгiленсiн: қала аумақтарын көрiктендiру және жинау.
2
2. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi «Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» мемлекеттік мекемесімен келiсу бойынша қоғамдық жұмысқа тарту түрiнде жазаны өтеуге арналған объектiлердiң тізімдерін соттарға тоқсан сайын ұсынсын.
3 3. 2008 жылғы 24 шiлдедегi № 9842 «Қоғамдық жұмыстарға тартылған сотталғандар еңбегiн қолдану үшiн объектiлер және қоғамдық жұмыс түрлерi туралы» әкімдік қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары А. Қ. Нұрғазиевқе жүктелсiн.
Келiсiлдi:
«Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігінің
Қылмыстық-атқару жүйесі
комитетінің Шығыс Қазақстан
облысы бойынша Қылмыстық-атқару
жүйесі департаменті»
мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Белгеубаев