О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1574
- Қабылданған күні
- 21.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2014 AI62178_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1100001574
- ЭКБ идентификаторы
- 62178
- Редакция идентификаторы
- AI62178_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:39
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2 2. Мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
3 3. Осы қаулы 2012 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 2-тармағы ресми жариялануға тиіс.
4 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 1574 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
1 1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1433 қаулысында:
4-тармақ алынып тасталсын.
2 2. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк күзетiлуi тиiс объектiлердi айқындау қағидасында:
«Объектілерді стратегиялық объектілерге жатқызу өлшемдері» деген 3-бөлімде:
6-тармақтың екінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық, химиялық, есірткі құралдарын және прекурсорларды әзірлеу, өндіру, сынақтан өткізу, зерттеу және сақтау жөніндегі мемлекеттік ұйымдардың және мекемелердің объектілері;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жарылғыш және улы заттарды сақтау жөніндегі заңды тұлғалардың объектілері;».