Об установлении водоохранных зон и полос, режима их хозяйственного использования в пределах административных границ Алматинской области на реках Большая Алматинка, Тургень, Чилик, Аксай, Ащибулак, Шарын, Текес, Курты, Узынкаргалы, Копа, Жирен-Айгыр, Чемолган, Каркара, Ассы, Кастек, Таргап, Кукузек, Бельбулак, на Куртинском, Бартогайском водохранилищах Қолданыста
Басқа 0
Алматы облысының әкімшілік шекарасындағы Үлкен Алматы, Түрген, Шелек, Ақсай, Ащыбұлақ, Шарын, Текес, Күрті, Ұзынқарғалы, Қопа, Жирен-Айғыр, Шамалған, Қарқара, Ассы, Қастек, Тарғап, Көкөзек, Белбұлақ, өзендерінің және Күрті, Бартоғай су қоймаларында су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27, 85-баптарына, «Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу Қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 болып тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бекітілген жобалау құжаттамаларының негізінде, су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін:
Тармақша 1
1) Үлкен Алматы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 2
2) Түрген өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 3
3) Шелек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 4
4) Ақсай өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 5
5) Ашыбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 6
6) Шарын өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 7
7) Текес өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 8
8) Күрті өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 9
9) Ұзынқарғалы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 10
10) Қопа өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 11
11) Жирен-Айғыр өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 12
12) Шамалған өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 13
13) Қарқара өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 14
14) Ассы өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 15
15) Қастек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 16
16) Тарғап өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 17
17) Көкөзек өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 18
18) кадастрлық нөмірі 03-046-043-1696 жер учаскесінің шекаралары шегінде Көкөзек өзенінің (оң жақ жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасын түзету бойынша жұмыс жобасы;
Тармақша 19
19) Белбұлақ өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 20
20) Күрті су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы;
Тармақша 21
21) Бартоғай су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыс жобасы.
Тармақ 2
2. Су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шеңберінде шаруашылыққа пайдалану режимі 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы – «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» департаментімен (келісім бойынша) бірлесіп, бекітілген жобаларға сәйкес су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекарасын картографиялық материалдарға түсірсін және жер-есепке алу құжаттарына өзгерістер енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1
Алматы облысы әкімдігінің
2011 жылғы «21» қарашадағы
№ 246 қаулысына 1-қосымша
№ п/п
Су объектілері
Су қорғау аймақтарының ені, метр
Су қорғау белдеулерінің ені, метр
1
2
3
4
1
Үлкен Алматы өзені
300-1000
35-100
2
Түрген өзені
550-1700
55-100
3
Шелек өзені
500-1000
35-100
4
Ақсай өзені
500-1000
35-100
5
Ашыбұлақ өзені
500-550
60-100
6
Шарын өзені
500-1000
35-100
7
Текес өзені
500-1000
35-100
8
Күрті өзені
500-1700
35-200
9
Ұзынқарғалы өзені
500-1000
35-100
10
Қопа өзені
500-800
35-100
11
Жирен-Айғыр өзені
500-900
35-100
12
Шамалған өзені
500-1000
35-100
13
Қарқара өзені
500-1000
35-100
14
Ассы өзені
500-1000
35-100
15
Қастек өзені
500-900
35-100
16
Тарғап өзені
500-850
35-100
17
Көкөзек өзені
500-600
35-100
18
Көкөзек өзені жер учаскесінің шекарасы шегінде (кадастрлық нөмірі 03-046-043-1696)
500
35
19
Белбұлақ өзені
500-700
35-100
20
Күрті су қоймасы
1000
100
21
Бартоғай су қоймасы
500
35-100
Басқа 2
Алматы облысы әкімдігінің
2011 жылғы «21» қарашадағы
№ 246 қаулысына 2-қосымша
Алматы облысының су қорғау аймақтарын және белдеулерін
шаруашылыққа пайдалану режимі
Тармақ 1
1. Жерүсті су объектілерінде:
Тармақша 1
1) жерасты суларына іздеу-бағалау жұмыстарын және оларды алуды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге;
Тармақша 2
2) радиоактивті және улы заттармен, тұрмыстық қатты және өндірістік қалдықтармен, улы химикаттармен, тыңайтқыштармен, қатты және сұйық түрдегі мұнай, химия өнімдерімен ластауға және қоқыстауға;
Тармақша 3
3) жол берілетін төгінділер нормативтеріне дейін тазартылмаған сарқынды суларды ағызуға;
Тармақша 4
4) бекітілген су режимінсіз және арнаулы су пайдалануға рұқсатсыз суды алуға және (немесе) пайдалануға;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы жануарларын тоғытуға және санитариялық өңдеуге;
Тармақша 6
6) бассейндік су инспекциясының келісімінсіз құрылыс қызметіне, ауыл шаруашылығы жұмыстарына, ұңғымаларды бұрғылауға, жерүсті су объектілерін санациялауға байланысты жұмыстарды және өзге де жұмыстарды жүргізуге;
Тармақша 7
7) пайдаланудан шығарылған (бүлінген) кемелерді және өзге де жүзу құралдарын, көлік құралдарын (олардың тетіктері мен бөліктерін) көмуге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:
Тармақша 1
1) мыналарды:
су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;
көпірлерді, көпір құрылысжайларын;
айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;
балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;
ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;
су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;
Тармақша 2
2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;
Тармақ 3
3. Су қорғау аймақтары шегінде:
Тармақша 1
1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;
Тармақша 4
4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;
Тармақша 5
5) зираттарды орналастыруға;
Тармақша 6
6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.