О присвоении наименований вновь построеному микрорайону и улицам в селе Калининское Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Калининское ауылындағы жаңа салынған шағын ауданға және көшелерге атау беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, 2011 жылдың 26 тамыздағы ономастикалық комиссиянын отырысының № 3 хаттамасы және 2011 жылдың 25 тамыздағы Калининское ауылының тұрғындары жиналыстарының № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 хаттамаларын есепке ала отырып, Переметный ауылдық (селолық) округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Калининское ауылындағы жаңа салынған шағын ауданға "Мұнайшы" атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Калининское ауылындағы жаңа салынған"Мұнайшы" шағын ауданының көшелеріне мынадай атаулар берілсін: № 1 көшесіне – атауы "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл"; № 2 көшесіне – атауы "Жаңа қоныс"; № 3 көшесіне – атауы "Кең дала"; № 4 көшесіне – атауы "Аруана"; № 5 көшесіне – атауы "Мерей"; № 8 көшесіне – атауы "Болашақ"; № 9 көшесіне – атауы "Қазақстан халқы Ассамблеясы"; № 10 көшесіне – атауы "Арнау".
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген сәттен бастап күшіне енеді және оны алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.