О переименовании некоторых административно-территориальных единиц Бескарагайского, Бородулихинского, Жарминского, Кокпектинского, Уланского и Урджарского районов Восточно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Ұлан және Үржар аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, 27-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихатының 2010 жылғы 26 шілдедегі № № 24/5-IV, 24/6-IV шешімі және әкімдігінің 2010 жылғы 21 шілдедегі № 280 қаулысы, Бородулиха аудандық мәслихатының 2010 жылғы 28 қазандағы № 31-12-IV шешімі және әкімдігінің 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 826 қаулысы, Жарма аудандық мәслихатының 2010 жылғы 27 шілдедегі № 23/186-IV шешімі және әкімдігінің 2010 жылғы 27 шілдедегі № 215 қаулысы, Көкпекті аудандық мәслихатының 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 27-4/2 шешімі және әкімдігінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 822 қаулысы, Ұлан аудандық мәслихатының 2010 жылғы 2 қарашадағы № 212 шешімі және әкімдігінің 2010 жылғы 2 қарашадағы № 156 қаулысы, Үржар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 21 мамырдағы № № 20-213-IV, 20-214-IV шешімі және әкімдігінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 326 қаулысы негізінде Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Ұлан және Үржар аудандарының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктері: Бесқарағай ауданы бойынша: Семеновка ауылдық округінің Семеновка ауылы Қарабас ауылы; Семеновка ауылдық округі Қарабас ауылдық округі; Сосновка ауылдық округінің Сосновка ауылы Ерназар ауылы; Сосновка ауылдық округі Ерназар ауылдық округі; Бородулиха ауданы бойынша: Новопокровка ауылдық округінің Арбузное ауылы Қарағайлы ауылы; Жарма ауданы бойынша: Жаңғызтөбе ауылдық округінің Солнечный ауылы Шуақ ауылы; Көкпекті ауданы бойынша: Новотимофеевка ауылдық округінің Новотимофеевка ауылы Сарыбел ауылы; Новотимофеевка ауылдық округі Сарыбел ауылдық округі; Ұлан ауданы бойынша: Молодежный кенті «Қасым Қайсенов» кенті; Үржар ауданы бойынша: Благодарное ауылдық округінің Благодарное ауылы Келдімұрат ауылы; Благодарное ауылдық округі Келдімұрат ауылдық округі; Ново-Андреевка ауылдық округінің Ново-Андреевка ауылы Барқытбел ауылы; Ново-Андреевка ауылдық округі Барқытбел ауылдық округі болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім мен қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.