О привлечении кредита для реконструкции здания Казахского Государственного Академического театра оперы и балета имени Абая Күшін жойған
Басқа 0
Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера балет театрының ғимаратын жаңғырту үшін кредит тарту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 05.06.2007 N 362
шешімімен.
"Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасының
Заңының 40 бабына және "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласының Әкіміне Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера балет театрының ғимаратын жаңғырту үшін екі жыл мерзімге 10,0 (он) млн. АҚШ доллары сомасында кредит тартуға рұқсат етілсін.
Тармақ 2
2. Алматы қаласының Әкімі 2000 жылға арналған Алматы қаласының
бюджетінде кредит бойынша пайызды төлеу және өтем төлеу үшін 907,5 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақша қаражатын іздестірсін.
Тармақ 3
3. Несиені және кредитті пайдаланғандығы үшін пайызды өтеу кестесі бекітілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және өндірісті дамыту мәселесі жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияға жүктелсін (А.И. Шелипанов).
Басқа 5
ІІ-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының 2000 жылғы 2 маусымдағы
V-сессиясының шешіміне қосымша
Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера балет
театрының ғимаратын жаңғырту үшін бөлінген кредит пен кредитті пайдаланғаны үшін пайызды өтеу КЕСТЕСІ
(АҚШ доллары)