О привлечении заемных финансовых средств акимом города Алматы для приобретения дорожно-уборочной техники фирмы "Марсель Бошунг АГ" Швейцария Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Швейцарияның "Марсель Бошунг АГ" фирмасының жол жинайтын техникасын алу үшiн Алматы қаласы Әкiмiнiң заемдық ақша қаражатын тарту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық мәслихатының 30.10.2009 № 253 шешімімен. "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары туралы", "Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес II-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңына сәйкес Швейцарияның "Марсель Бошунг АГ" фирмасынан сан-салалы жол жинайтын техникасын алу мақсатында Алматы қаласының Әкiмiне теңгенiң бағамы бойынша 5169392,28 Евродан (бес миллион жүз алпыс тоғыз мың үш жүз тоқсан екi Евро сегiз центтен) аспайтын көлемде ақша қаражатын тарту рұқсат етiлсiн.
Тармақ 2
2. 2000 жылға арналған Алматы қаласының бюджетiнде аккредитив және 129569144,0 теңге (жүз жиырма тоғыз миллион бес жүз алпыс тоғыз мың жүз қырық төрт теңге) сомасында аванстық төлем ашуға байланысты шығын қарастырылсын.
Тармақ 3
3. 2001 жылдан бастап Алматы қаласы бюджетiн қалыптастыру кезiнде төлем сәтiндегi теңгенiң бағамы бойынша қосымшаға сәйкес сома үшiн заемды қайтару жөнiндегi мiндеттеменi орындауға шығын қарастырылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау экономика және өндiрiстi дамыту мәселесi жөнiндегi тұрақты депутаттық комиссияға жүктелсiн (А.И. Шелипанов).