О приписке граждан Қолданыста
Басқа 0
Азаматтарды тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарына сәйкес азаматтарды әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдалық дәрежесін айқындау, жалпы білім деңгейін, алған мамандығы мен дене даярлығы деңгейін белгілеу мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. "Сәтбаев қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - қорғаныс істері жөніндегі бөлім), (Д.Д. Ахматкулов – келісім бойынша) 2012 жылғы қаңтар-наурызда Сәтбаев қаласында тұратын 1995 жылы туған Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесінде тіркеуді өткізсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары М.С. Мәдиеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімі алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілген
2011 жылғы 15 желтоқсандағы