Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола, которым в год приписки исполняется семнадцать лет, к призывному участку Сарыкольского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сарыкөл ауданының шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы 3-тармағы негізінде ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 2012 жылдың қаңтар айынан наурыз айына дейін шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң шақыру учаскесіне тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етiлсiн (келiсiм бойынша).
Тармақ 2
2. "Сарыкөл орталық аудандық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорынның бас дәрiгерiне (келiсiм бойынша) "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiмен (келiсiм бойынша) бiрлесiп тiркеу жөнiндегi iс-шараларды қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Сарыкөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (келiсiм бойынша) шақыру учаскесiне азаматтарды тiркеу кезеңінде әскери мiндеттерiн орындаудан жалтарған адамдарды iздестiрудi және ұстауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Селолық округтердiң және Сарыкөл кентiнiң әкiмдерi "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің шақыру учаскесiне тiркеуден өту үшiн азаматтардың уақытылы келуiн қамтамасыз етсiн және әскер жасына дейiнгiлердi әскери есепке алуға көмек көрсетсін.
Тармақ 5
5. "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің бастығына (келiсiм бойынша) "Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң білім бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiмен бірлесіп тіркеу өткізу кезеңінде:
Тармақша 1
1) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеудегі нарядты ауданның оқу орындарына жеткізсін;
Тармақша 2
2) бастапқы әскери даярлықтың оқытушы-ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары жөніндегі анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмысты ұйымдастырсын, әскери-оқу орындарына кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыстың басталғаны туралы хабарландыру берсін;
Тармақша 4
4) тіркеу уақытында әскери-оқу орнына түсуге әскери-кәсіптік бағыттау мақсатында әр әскер жасына дейiнгiлермен жеке әңгімелесу өткізсін.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.М. Дүтпаевқа жүктелсiн.
Тармақ 7
7. Осы шешiм ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. КЕЛIСIЛДI: "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Сарыкөл ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң (ММ) бастығы __________ З. Төлеубаев "Қостанай облысы Сарыкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" ММ бастығы __________ Т. Өтегенов "Сарыкөл ауданы әкiмдiгiнiң білім бөлiмi" ММ бастығының міндетін атқарушы ____________ Г. Холодило "Сарыкөл орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрiгерi ___________ Ж. Құсаинов