Об организации и обеспечении проведения приписки граждан Республики Казахстан мужского пола к призывному участку государственного учреждения "Объединенный отдел по делам обороны Костанайского района Костанайской области" Қолданыста
Басқа 0
"Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарының тіркеуін өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 17 бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. 2012 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейін "Қостанай облысы Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын тіркеуді өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Селолық округтер, селолар әкімдері тіркеуді өткізу кезеңінде хабардар етуді ұйымдастырсын және "Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне әскер жасына дейінгілердің уақытында келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Қостанай облысы Ішкі істер департаменті Алтынсарин ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) тіркеу өткізу кезеңінде әскер жасына дейінгілердің арасында қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 4
4. "Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) "Алтынсарин ауданы әкімдігінің білім беру, дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу өткізу кезеңінде:
Тармақша 1
1) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуде нарядты ауданның оқу орындарына жеткізу;
Тармақша 2
2) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушыларын әскери-оқу орындары туралы анықтамадық материалдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұмыс ұйымдастыру, әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыстың басталуы туралы хабарландыру беру;
Тармақша 4
4) тіркеу уақытында әскери-оқу орындарына түсуге әскери-кәсіптік бағыттау мақсатында әр әскер жасына дейінгілермен жеке әңгімелесу өткізу ұсынылсын.
Тармақ 5
5. "Қостанай облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының "Алтынсарин аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігеріне (келісім бойынша) тіркеу жөніндегі іс-шараларды өткізу ұсынылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы
әкімдігінің Қостанай
облысы денсаулық сақтау
басқармасының Алтынсарин
аудандық орталық аурухана"
мемлекеттiк қазыналық
коммуналдық кәсiпорынның
бас дәрiгерi
_________ Б. Қаңтарбаев
"Қостанай облысы Қостанай
ауданының қорғаныс iстерi
жөнiндегi бiрiктiрiлген
бөлiмi" мемлекеттiк
мекемесiнің бастығы
____________ Р. Саттаров
"Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қостанай облысы Ішкі
істер департаментінің
Алтынсарин ауданының
iшкi iстер бөлiмi"
мемлекеттiк мекемесiнiң
бастығы
__________ Б. Шубаев