О порядке представления расчетов пруденциальных нормативов организациями, осуществляющими деятельность по управлению портфелем ценных бумаг Күшін жойған
Басқа 0
Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың пруденциялық нормативтер есептерiн беру тәртiбi туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы туралы ереженiң 5-тармағы 18) тармақшасының негізiнде, Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) 1998 жылғы 12 маусымдағы N 7 қаулысымен бекiтiлген Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдарға арналған пруденциялық нормативтердi есептеудiң және қолданудың тәртiбi туралы уақытша нұсқаулығының 12-тармағын орындау мақсатында Ұлттық комиссияның Директораты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Пруденциялық нормативтер есептерiнiң және негізiнде осы есептеулер жүргiзiлген қаржылық есеп берушіліктiң (негізгі қаражаттың, материалдық емес активтердiң, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың түсiндiрмесiмен бiрге бухгалтерлiк баланс) Ұлттық комиссияға бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың ай сайын, ағымдағы айдың бесiншi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, осы айдың бiрiншi күнi жағдайы бойынша беретiндiктерi белгіленсiн.
Тармақ 2
2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енгiзiлетiндiгі белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Төраға қызметi - Талдау және стратегия басқармасы осы Қаулыны "Қазақстан қор биржасы" ЖАҚ-ның және бағалы қағаздар рыногы кәсiпқой қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарының (оларға осы Қаулыны өз мүшелерiнiң назарына жеткiзу жөнiндегі мiндеттi жүктей отырып), "Бағалы қағаздар орталық депозитарийi" ЖАҚ-ның және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiн назарына жеткiзсiн.
Тармақ 4
4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi:
Тармақша 1
1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
Тармақша 2
2) осы Қаулыны бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алуға ниет бiлдiрген ұйымдардың назарына жеткiзсiн;
Тармақ 5
5. осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.