Об организации и обеспечении приписки граждан Республики Казахстан мужского пола к призывному участку Мендыкаринского района Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын Мендіқара ауданының шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзің-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарын 2012 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін "Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің (келісім бойынша) шақыру учаскесіне тіркеу үйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Мендіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) "Қостанай облысы Мендіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу бойынша іс-шараларды үйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Селолық округтердің әкімдері, Боровской селосының әкімі:
тіркеуге жататын азаматтарды хабардар етсін және олардың шақыру учаскесіне дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігі Қостанай облысының Ішкі істер департаменті Мендіқара ауданының Ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) тіркеу өткізу кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 5
5. "Қостанай облысы Мендіқара ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы "Мендіқара ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп:
Тармақша 1
1) әскери оқу орындарына кандиттарды іріктеуге ауданның оқу орындарына нарядты жеткізсін;
Тармақша 2
2) бастапқы әскери даярлықты ұйымдастырушы-оқытушыларын әскери оқу орындарды бойынша анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін:
Тармақша 3
3) әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу бойынша жұмыстың басталуы туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берсін;
Тармақша 4
4) әскери оқу орнына тусуге әскери кәсіптік бағыттау мақсатында әрбір әскер жасына дейінгілермен жеке әңгімелесу өткізсін.
Тармақ 6
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.К. Киікбаевқа жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қостанай облысы Мендіқара
ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
________________ В. Антипов
Қостанай облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының
"Мендіқара аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорны бас дәрігері
________________ Д. Ахметов
Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қостанай
облысының Ішкі істер департаменті
Мендіқара ауданының Ішкі істер
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығы
________________ Н. Досымов