О ставках платы за эмиссии в окружающую среду по городу Алматы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалар туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 101-бабына және Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 576-бабына сәйкес V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес арттырсын.
Тармақ 2
2. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты XXXIV сессиясының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 379 «2011 жылға арналған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» шешімнің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 871 болып тіркелген және «Алматы ақшамы» газетінің 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 2 және «Вечерний Алматы» газетінің 2011 жылғы 11 қаңтардағы № 3 сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Алматы қаласы мәслихаты (Т.Т. Мұқашев) нормативтік-құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экономика және бюджет жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясының төрағасы А. Шелипановқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасарына Е. Шормановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім 2012 жылы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
ІV сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХХХ сессиясының 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 491 шешіміне қосымша Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері 1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: № р/с Ластағыш заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері, (АЕК) 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері, (АЕК) 1 2 3 4 1. Күкірт тотықтары 20 2. Азот тотықтары 20 3. Шаң және күл 10 4. Қорғасын және оның қосындылары 3986 5. Күкіртсутек 124 6. Фенолдар 332 7. Көмірсутектер 0,32 8. Формальдегид 332 9. Көміртегі тотықтары 0,32 10. Метан 0,02 11. Күйе 24 12. Темір тотықтары 30 13. Аммиак 24 14. Алты валентті хром 798 15. Мыс тотықтары 598 16. Бенз(а)пирен 996,6
Тармақ 2
2. Ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: Р/с № Ластаушы заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (айлық есептік көрсеткіш) 1. Көмірсутектер 44,6 2. Көміртегі тотықтары 14,6 3. Метан 0,8 4. Күкірт диоксиды 200 5. Азот диоксиді 200 6. Күйе 240 7. Күкіртсутек 1 240 8. Меркаптан 199 320
Тармақ 3
3. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: № р/с Отын түрлері Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлемелері, (АЕК) 1 2 3 1. Этилденбеген бензин үшін 0,66 2. Дизель отыны үшін 0,9 3. Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін 0,24 4. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: № р/с Ластағыш заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері, (АЕК) 1 2 3 1. Нитриттар 1340 2. Мырыш 2680 3. Мыс 26804 4. Оттегіне биологиялық сұраныс 8 5. Тұзды аммоний 68 6. Мұнай өнімдері 536 7. Нитраттар 2 8. Жалпы темір 268 9. Сульфаттар (анион) 0,8 10. Өлшенген заттар 2 11. Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар 54 12. Хлоридтер (анион) 0,2 13. Алюминий 54 5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды: № р/с Қалдықтардың түрлері Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) 1 тонна үшін 1 гигабек-керель (Гбк) үшін 1 2 3 4 1. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда орналастырғаны үшін: 1.1. Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы) 0,38 1.2. Осы тармақтың 1.3-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, қауіптілік деңгейі ескеріле отырып, қалдықтар: 1.2.1. «қызыл» тізім 14 1.2.2. «жақұт» тізім 8 1.2.3. «жасыл» тізім 2 1.2.4. сыныпталмағандар 0,9 1.3. Төлемақысы есептелген кезде белгіленген қауіптілік деңгейі ескерілмейтін қалдықтар: 1.3.1. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): 1.3.1.1. аршынды жыныстар 0,004 1.3.1.2. жанас таужыныстары 0,026 1.3.1.3. байыту қалдықтары 0,02 1.3.1.4. шлактар, шламдар 0,038 1.3.2. Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзетілетін шлактар, шламдар 0,038 1.3.3. күл мен күлшлактар 0,66 1.3.4. ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы 0,002 2. Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк): 2.1. Трансуранды 0,76 2.2. Альфа-радиоактивті 0,38 2.3. Бета-радиоактивті 0,04 2.4. Шынақты радиоактивті көздер 0,38