Об установлении военной подготовки студентов Республиканского государственного казенного предприятия "Казахская государственная академия управления имени Турара Рыскулова" Қолданыста
Басқа 0
"Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны студенттерінің әскери даярлығын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін "Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының студенттері қатарынан запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында оқу орнының бюджеттен тыс кірістері есебінен әскери кафедра құру туралы ұсынысы қабылдансын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп осы қаулыны іске асыру жөнінде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N 449 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.