Об утверждении Правил открытия и закрытия аэропортов для обеспечения международных полетов воздушных судов Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әуе кемелерiнiң халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 70-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Халықаралық ұшуларды орындау үшін Қазақстан Республикасының әуеайлақтарын ашу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 442-1 бұйрығының (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 1 ақпанда № 2146 тіркелген) күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө.Әдимолда) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ.Бектұровқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. "КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі _________С.З.Қайырбекова 2011 жыл "___"___________ "КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі _________Қ.Н.Қасымов 2011 жыл 26 тамыз "КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасының Қаржы министрі _________Б.Б.Жәмішев 2011 жыл "___"___________ "КЕЛІСІЛГЕН" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры _______________М.К. Мырзалиев 2011 жылғы 12 қазан
Басқа 0. Әуе кемелерiнiң халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидалары
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 651 бұйрығымен бекітілген Әуе кемелерiнiң халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 70-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз ету үшін әуежайларды ашу және жабу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
Тармақша 1
1) авиациялық хаб - жолаушыларды, багажды, почтаны және жүктерді межелі орынға жеткізу үшін авиакомпаниялар аралық пункт ретінде пайдаланатын, тоғысатын рейстерді ұйымдастыру үшін қажетті инфрақұрылымы бар авиакөліктік тораптық әуежай;
Тармақша 2
2) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық және эксперименталдық авиация қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 3
3) аэровокзал - тіркеу, жете тексеру, авиарейстер бойынша жинақтау мен толықтыру кезеңінде жолаушыларға қызмет көрсетуге, кедендік, шекаралық және санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыруға арналған құрылыс кешені;
Тармақша 4
4) әуеайлақ минимумы - осы әуеайлақта осы үлгідегі әуе кемесімен ұшу және қону рұқсат етілетін ұшу-қону жолағындағы көрудің ең аз мүмкін мәні және бұлттың төменгі шегінің биіктігі (немесе шешім қабылдау биіктігі);
Тармақша 5
5) әуежайдың бақыланатын аймағы – оларға кіру бақыланатын әуежайдың (әуеайлақтың) жұмыс алаңы, оған іргелес жатқан аумақ және жақын орналасқан ғимараттар немесе олардың бір бөлігі;
Тармақша 6
6) кедендік бақылау аймағы - Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктері, кеден органының кедендік декларациялау және өзге де кедендік операцияларды жүргізу орындары, сондай-ақ уақытша сақтау орындары мен қоймаларының, кедендік және бос қоймалар, арнайы экономикалық аймақ, бажсыз сауда дүкендерінің аумағы;
Тармақша 7
7) мәжбүрлі қону – ұшу жоспарына сәйкес ұшуды орындау мүмкін болмаған себептер бойынша әуеайлаққа немесе әуеайлақтан тыс жерге қону;
Тармақша 8
8) санитариялық-карантиндік бақылау - жұқпалы және паразиттік ауруларды, сондай-ақ адам денсаулығы үшін ықтимал қауіпті заттар мен өнімдерді ел аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында жүргізілетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы адамдар мен жүктерді өткізу кезінде жүктің санитариялық-эпидемиологиялық жай-күйін және адамдардың денсаулық жай-күйін бақылау;
Тармақша 9
9) стерильді аймақ - жолаушыларды, багажды, жүктерді, қол жүгін және әуе кемесін тексерудің, жете тексерудің бірінші пункті арасындағы бақыланатын аймақтың бөлігі, оған кіру қатаң бақыланады;
Тармақша 10
10) транзиттік жолаушы - халықаралық әуе тасымалы шартына сәйкес аралық әуежайға келіп қонған рейспен одан әрі тасымалданатын жолаушы;
Тармақша 11
11) трансфер жолаушы - халықаралық әуе тасымалы шартына сәйкес трансфер пунктіне бір рейспен жеткізіліп, одан әрі сол немесе өзге тасымалдаушының басқа рейсімен тасымалданатын жолаушы;
Тармақша 12
12) техникалық-пайдаланымдық тексеру - әуежай объектілерінің, құрылыстарының, жабдықтарының және қызметтерінің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін тексеру;
Тармақша 12-1
12-1) халықаралық әуежай – кедендiк, шекаралық және санитарлық-карантиндiк бақылау ұйымдастырылған халықаралық әуе тасымалдарын қамтамасыз ететiн әуежай.
Тармақша 13
13) шекаралық бақылау аймағы-кедендік бақылау аймағы мен әуе кемесі арасындағы стерильді аймақтың бөлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы пайдаланушыларының әуе кемелері оған қол жеткізу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісім бойынша жүргізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу тәртібі
2-тарау. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу тәртібі
Тармақ 3
3. Әуежайларда әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз ету үшін ашу кезінде мыналар болады:
Тармақша 1
1) әуеайлақтың қолданыстағы жарамдылық сертификаты, шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жерде қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге арналған техника, жабдықтар және авиация персоналы;
Тармақша 2
2) «Кеден одағының кедендік аумағына тауарлар келетін және осы аумақтан кететін орындарда қос дәліз жүйесін жайластыруға қолданылатын талаптар туралы» Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 259 шешімімен белгіленген талаптарға сәйкес оқшауланған және жабдықталған қос дәліз жүйесі бар аэровокзал «ұшу» залдарын қамтиды, «ұшу», сондай-ақ халықаралық қатынастарға (ұшуларға) ашық әуежайлардағы «қызыл» және «жасыл» дәліздер, басқа дәлізбен жүретін адамдарды бақылауды болдырмайтындай етіп бөлінеді. Дәліздер Кеден одағына мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде, орыс және ағылшын тілдерінде «Кеден» және «Customs» деген жазулармен белгіленеді. Әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметі, кеден, шекара органдары және әуежайда орналасқан санитарлық-карантиндік бақылау органдары тіркеу, ресімдеу және тексеруді жүргізу үшін зал мен бизнес-зал бөлінген. Авиациялық хабтардың аэровокзалдарында транзиттік жолаушылар мен олардың багажына қызмет көрсетуге арналған қажетті алаңдар, инфрақұрылым және жабдықтардың болуын көздейді. Жылына екі жүз мыңнан кем жолаушылар ағыны бар халықаралық әуежайлардың аэровокзалдарында ішкі және халықаралық рейстердің жолаушыларына кезекпен қызмет көрсету үшін жалпы «ұшып келу» және «ұшып шығу» залдарын пайдалануға жол беріледі;
Тармақша 3
3) жолаушылардың кедендік декларациясын ресімдеуге арналған үй-жай;
Тармақша 4
4) әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметімен және кеден органдарымен жолаушыларды, багажды, жүктерді, қол жүгін тексерудің кемінде екі арнайы техникалық құралымен жарақтандырылған кемінде екі тексеру тірегі. Бұл ретте арнайы техникалық құралдар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 шілдедегі № 548 бұйрығымен бекітілген Қауіпті заттар мен заттардың тізбесіне сәйкес әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған барлық заттар мен бұйымдарды, сондай-ақ азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған есірткі құралдарының барлық түрлерін анықтауды қамтамасыз етеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33197 болып тіркелген);
Тармақша 5
5) төлқұжаттық бақылау үшін «ұшу», «қону» залдарында кемінде екі кабинадан және арнайы бөлінген, бизнес-залы залдарында бір-бір кабинадан;
Тармақша 6
6) авиациялық хабтарда телефон байланысы (оның ішінде халықаралық) құралдарымен қамтамасыз етілген шекара, кеден органдарының «ұшу», «қону» залдарындағы жұмыс бөлмелеріне арналған үй-жайлар, сондай-ақ азаматтардың арыздары мен өтініштерін таза аймақтан тыс қабылдау, тіркеу үшін ішкі істер органдарының үй-жайлары және жұмыс бөлмелері көзделеді. Жұмыс бөлмелері мен үй-жайлардың саны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментімен және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органмен келісіледі;
Тармақша 7
7) авиациялық хабтарда анықтама бюросымен (телефонмен), қалааралық (халықаралық) телефонмен, ұшып келетін және ұшып кететін әуе кемелері туралы ақпараттық тақтамен жабдықталған және тиісті санитариялық-тұрмыстық жағдайлары бар транзит (трансфер) жолаушыларды орналастыруға арналған үй-жай қамтамасыз етіледі;
Тармақша 8
8) авиациялық хабтарда өрт және күзет сигналымен жарақталған қойма үй-жайлары, багажға, жүктерге (оның ішінде белгісіз жүктерге, багажға, почтаға, қол жүгіне) арналған сақтау камералары, сондай-ақ кедендік бақылауда тауарларды уақытша сақтау қоймалары болуға көзделеді;
Тармақша 9
9) әуежайда орналасқан әуежай қызметтерінің шекара және кеден органдарының, санитариялық-карантиндік бақылау қызметтерінің, ішкі істер органдарының технологиялық нұсқаулықтары мен өзара іс-қимыл схемалары;
Тармақша 10
10) сауда-сервистік және санитариялық-тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз етілген таза аймақта жолаушыларды оқшауланған жинақтағыштар;
Тармақша 11
11) жолаушыларды аэровокзалдан әуе кемесіне дейін және кері жеткізуге арналған көлік құралдары;
Тармақша 12
12) кедендік бақылау аймағында және шекаралық бақылау аймағында жолаушыларды жеке тексеруді жүргізуге, құжаттарды алдын ала зерделеуге арналған кемінде екі-екіден оқшауланған үй-жайлар (кабиналар);
Тармақша 13
13) авиациялық хабтарда әуежайда орналасқан кеден, шекара органдары, көліктегі ішкі істер органдары, санитариялық-карантиндік бақылау қызметі ауысымдарының демалуына арналған, тиісті санитариялық-тұрмыстық жағдайлары, байланыс құралдары бар таза аймақтан тыс орналасқан қызметтік үй-жайлар орналасқан;
Тармақша 14
14) авиациялық хабтарда тиісті санитариялық-тұрмыстық жағдайлары бар, жер аударылған, ұсталған азаматтарды уақытша орналастыруға арналған оқшауланған үй-жайлар (оқшаулағыш) орналасқан;
Тармақша 15
15) авиациялық хабтарда арнайы қызметтік жануарларды ұстауға арналған үй-жайлар бар;
Тармақша 16
16) әуежайда орналасқан шекара, кеден органдарының, авиациялық қауіпсіздік қызметтерінің, ішкі істер органдарының (кезекшілер) және санитариялық-карантиндік бақылау қызметінің тексеру пункттері арасындағы селектрлі (дауыс зорайтатын) байланыс;
Тармақша 17
17) авиациялық хабтарда эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша әуе кемелеріне дезинфекция, дезинсекция жүргізуге арналған алаң ұйымдастырылады;
Тармақша 18
18) авиациялық хабтарда байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген, санитариялық-карантиндік пункті мамандарының жұмыс кабинетіне арналған таза аймақтан тыс үй-жай орналасқан.
Тармақ 4
4. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз ету үшін әуежайларды ашу мақсатында әуежай иесі (пайдаланушысы) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға алдын ала облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерімен келісілген өтінім береді. Ұсынылған өтінімнің негізінде әуежайдың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне зерттеп-қарауды жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілдерін тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен құрылған мемлекеттік қабылдау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) әуежайға жіберіледі.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының құрамына төраға, төрағаның орынбасары және комиссия мүшелері кіреді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оны ауыстыратын адам орындайды. Қабылдау комиссиясы мүшелерінің жалпы саны кемінде он бір адамды құрауы тиіс. Мемлекеттік қабылдау комиссиясының төрағасы азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның лауазымды тұлғасы болады.
Тармақ 6
6. Комиссия әуежайдың (пайдаланушының) өтінімдерін келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды, оның нәтижесі бойынша өтініш берушіге тиісті хабарламаны жібереді.
Тармақ 7
7. Комиссия әуежайдың дайындығын белгіленген тәртіпте осы Қағидалардың 3-тармағының талаптарына сәйкестігіне тексереді және нәтижелері бойынша Халықаралық ұшуларды қамтамасыз етуге әуежайдың дайындығы туралы комиссияның актісі жасалады.
Тармақ 8
8. Әуежайдың әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге дайындығы туралы комиссияның актісі мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысы аяқталған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жіберіледі. Оң шешім болған кезде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен әуежайды әуе кемелерінің халықаралық ұшуларын қамтамасыз етуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бөлімшелері және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің органдары азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайды ашу туралы шешім қабылдағаннан кейін жұмысқа кіріседі.
Тармақ 10
10. Ішкі рейстерге қызмет көрсететін әуежайлар техникалық, мәжбүрлі түрде қонуды және гуманитарлық рейстерді орындауға, сондай-ақ мемлекеттік міндеттерді орындауға байланысты халықаралық ұшуға қызмет көрсетуге, халықаралық рейстерді қамтамасыз етуге рұқсат етілмеген әуежайлардан (әуежайларға) халықаралық ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелерін қабылдауға, ұшуға шығаруға және оларға қызмет көрсетуге азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның уақытша рұқсаттары арқылы жіберілуі мүмкін.
Тарау 3. 3-тарау. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды жабу тәртібі
3-тарау. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды жабу тәртібі
Тармақ 11
11. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды жабу мынадай:
Тармақша 1
1) әуежай иесінің (пайдаланушының) өтінімі бойынша;
Тармақша 2
2) халықаралық ұшуға қызмет көрсететін әуежайдың осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген, Заңның 11-бабына сәйкес жүзеге асырылатын инспекциялық тексеру жүргізу кезінде анықталған талаптарға сәйкес келмеуі жағдайларында жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды жабу рәсімі:
Тармақша 1
1) әуежай иесі (пайдаланушы) ұсынған өтінім негізінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша әуежайға әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге рұқсат ету туралы шешімді жою туралы шешім қабылдау үшін он жұмыс күні ішінде өтінішін қарайды. Оң шешім қабылдаған жағдайда азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіпте әуежайға әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге рұқсат ету туралы шешімін жою туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) Заңның 11-бабына сәйкес жүзеге асырылатын инспекциялық тексеру барысында халықаралық ұшуға қызмет көрсететін әуежайдың осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтіні айқындалған кезде, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган комиссиясы тиісті акті жасайды, оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін пайдаланушыға (меншік иесіне) он жұмыс күні ішінде жіберіледі. Әуежайды пайдаланушы (меншік иесі) тиісті актіні алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға айқындалған сәйкессіздіктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын жою мерзімін көрсете отырып жібереді. Сәйкессіздіктерді белгіленген мерзімдерде жоймаған жағдайда, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша он жұмыс күні ішінде әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз ету үшін әуежайды ашу туралы шешімін жою туралы шешім қабылдайды.