Об утверждении Положения о деятельности медицинских организаций, оказывающих нейрохирургическую помощь Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нейрохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережені бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32 бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына нейрохирургиялық көмекті көрсетуді жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Нейрохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және оның орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә.Байжүнісовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Нейрохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ереже
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 3 қарашадағы № 763 бұйрығымен бекітілген Нейрохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әзірленген және меншік нысанына қарамастан Қазақстан Республикасының халқына нейрохирургиялық көмек көрсететін ұйымдардың міндеттерін, функцияларын, құқықтық қызметтерінің ұйымдастыру негіздерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Нейрохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы (бұдан әрі - РНХҒО);
Тармақша 2
2) стационарлық медициналық ұйымдардың нейрохирургия бөлімшелері (ересектер мен балалар);
Тармақша 3
3) нейрореанимациялық блок (төсектер);
Тармақша 4
4) нейрохирургялық кабинет.
Тармақ 3
3. Халыққа (ересектер мен балаларға) нейрохирургиялық көмек көрсететін ұйымдар нейрохирургиялық ауруларды анықтауға, емдеуге, сондай-ақ нейрохирургиялық аурулар мен операциялардың салдарын емдеуге бағытталған іс-шараларды уақытылы өткізу мақсатында құрылады.
Тармақ 4
4. Халыққа (ересектер мен балаларға) нейрохирургиялық көмек консультациялық-диагностика, стационарлық медициналық көмек, санитариялық авиация түрінде көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасында нейрохирургиялық көмек облыстық (қалалық) және республикалық деңгейлерде көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 400 мың және одан да көп халқы бар өңірде, облыстық (қалалық) диагностикалық орталықтардың және/немесе емханалардың штатына нейрохирургиялық аурулардың немесе жарақаттардың барлық түрлері бойынша консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін кемінде бір дәрігер нейрохирург лауазымы енгізіледі.
Тармақ 7
7. Нейрохирургиялық бөлімшесі жоқ медициналық ұйымдарда консультациялық көмек нейрохирург дәрігер консультант шақыру түрінде көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нейрохирург дәрігер консультант қызметіне Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 06 қарашадағы № 661 «Денсаулық сақтау саласындағы біліктілік емтихандарын өткізу Ережесін бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Реестрінде 2009 жылы 24 қарашада № 5884 тіркелген) сәйкес «нейрохирургия» мамандығына қойылатын біліктілік талаптарына сай, жоғары немесе бірінші санаттағы және мамандығы бойынша кемінде 6 жыл жұмыс өтілі бар маман тағайындалады.
Тармақ 9
9. Науқасты мамандандырылған нейрохирургиялық бөлімшеге ауыстыру стационарлардың бас дәрігерлерінің және екі бөлімшенің де меңгерушілерінің келісімінен кейін, сонымен қатар пациентті «сол жерде» нейрохирургтің қарауынан кейін жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Нейрохирургиялық көмекті ұйымдастыру осы ережеге 1-қосымшаға сәйкес нейрохирургиялық көмек көрсету алгоритміне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Нейрохирургиялық көмекті көрсететін медициналық ұйымдарды жарақтандыру стандарттары осы ережеге 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 12
12. Халыққа нейрохирургиялық көмек көрсететін ұйымдардың жұмысын штаттан тыс бас нейрохирург (денсаулық сақтау басқармасының, Денсаулық сақтау министрлігінің) үйлестіреді.
Тарау 2. 2. Нейрохирургиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен функциялары
2. Нейрохирургиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 13
13. Халыққа (ересектер мен балаларға) нейрохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) нейрохирургиялық аурулары және жарақаттары бар науқастарға жаңа технологиялар көмегімен дәлелді медицина принцитеріне негізделген осы заманғы диагностика әдістерінің көмегімен жоғары мамандандырылған және мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) медициналық ұйымның құрамына енетін бөлімшелердегі, басқа медициналық ұйымдардағы, перзентханалардағы, перинаталдық орталықтардағы, балалар үйіндегі пациенттерге консультациялық көмек көрсету, соның ішінде шұғыл жағдайда;
Тармақша 3
3) емдеу диагностикалық жұмыс сапасын арттыруға және нейрохирургиялық аурулар мен жарақаттардан болатын ауруханалық өлім-жітімді төмендетуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және енгізу;
Тармақша 4
4) нейрохирургия және бейіндес мамандықтар саласында емдік-диагностикалық, консультациялық, ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіруге қатысу;
Тармақша 5
5) тиімді ұйымдастыру нысандарын әзірлеу және енгізу, нейрохирургиялық және бейінді салалар науқастарын диагностикалау мен емдеудің инновациялық технологияларын енгізу, медициналық тәжірибенің әлемдік алдыңғы қатарлы тәжірибесін үйрену, енгізу және тарату;
Тармақша 6
6) нейрохирургиялық қызметті дамыту және жаңғырту бойынша нормативтік құқықтық актілерді, тұжырымдамаларды, республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
Тармақша 7
7) нейрохирургия және бейіндес мамандықтар саласында ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді (ғылыми еңбектердің жинақтары, ғылыми журналдар, монографиялар, әдістемелік және нұсқаулық құжаттар, ұсынымдар, оқу және санитариялық – ағарту әдебиеттері), интернет-ресурстарды әзірлеу және шығару;
Тармақша 8
8) нейрохирургия және бейіндес мамандықтар саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын қалыптастыруға және орындауға қатысу;
Тармақша 9
9) сараптамаға жататын ғылыми-медициналық қызмет нысандарына ғылыми-медициналық сараптама жүргізуді ұйымдастыруға қатысу;
Тармақша 10
10) кеңестер, семинарлар, конференциялар, конгресстер, съездерді ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 11
11) нейрохирургия және бейінді пәндер бойынша біліктілігін арттыру және мамандарды қайта даярлауды ұйымдастыру және/немесе өткізуге қатысу;
Тармақша 12
12) дипломнан кейінгі білім беру және резидентура, интернатурада нейрохирургтарды дайындау;
Тармақша 13
13) PhD магистранттарын, докторанттарын дайындауға қатысу;
Тармақша 14
14) республикалық және халықаралық медициналық ұйымдармен және кәсіпорындармен байланыстарды дамыту;
Тармақша 15
15) медициналық препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтарын жүргізу;
Тармақша 16
16) есепке алу және есеп беру құжаттамаларын және қызмет туралы есепті өкілетті органмен белгіленген тәртіпте жүргізу.
Тарау 3. 3. Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы
3. Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы
Тармақ 14
14. РНХҒО қызметінің мақсаттары: сапалы жоғары технологиялы нейрохирургиялық көмек ұсыну, нейрохирургия және бейіндес салаларда ғылыми зерттеулер жүргізу, дипломнен кейінгі нейрохирургиялық кадрларды даярлау, тиімді инновациялық медициналық, ғылыми-зерттеу, білім беру технологияларын құру және олардың трансфертін Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне енгізу болып табылады.
Тармақ 15
15. РНХҒО ұйымдық құрылымы мен қызметі қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған.
Тармақ 16
16. РНХҒО аумақтық денсаулық сақтау ұйымдарына нейрохирургиялық көмек көрсету және ұйымдастыру мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік, консультациялық-диагностикалық және практикалық көмек көрсетеді.
Тармақ 17
17. Стационарлық нейрохирургиялық көмек арнайы мамандандырылған клиникалық бөлімшелерде көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Консультациялық, диагностикалық және емдік нейрохирургиялық көмек клиникалық-диагностикалық бөлімше жағдайында көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Кейбір құрылымдық бөлімшелердің құрылымы, штат кестесі, қызметі туралы ереже және қызметкерлердің қызметтік міндеттемелері ішкі нормативтік актілермен бекітіледі.
Тарау 4. 4. Ересектер нейрохирургиясы бөлімшесі
4. Ересектер нейрохирургиясы бөлімшесі
Тармақ 20
20. Ересектер нейрохирургиясы бөлімшесі (бұдан әрі - Бөлімше) 18 жастан жоғары халыққа көп бейінді жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 21
21. Бөлімше облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда, 100 мыңнан аса халқы бар ірі қалаларда орташа есеппен 10 000 тұрғынға 0,9 төсек есебімен ұйымдастырылады.
Тармақ 22
22. Бөлімшенің құрылымын, медициналық және басқа да қызметкерлердің штат санын, жүргізілетін емдеу-диагностикалық жұмыс көлемі мен қызмет көрсетілетін халықтың санына байланысты, ұсынылған штат нормативтерін ескере отырып, медициналық ұйым басшысы белгілейді.
Тармақ 23
23. Бөлімшеге медициналық ұйым басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын меңгеруші басшылық жасайды.
Тармақ 24
24. Бөлімше меңгерушісі қызметіне «нейрохирургия» мамандығы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес, жоғары немесе бірінші санатты, мамандығы бойынша кемінде 6 жыл еңбек өтілі бар маман тағайындалады.
Тармақ 25
25. Бөлімшенің негізгі мақсаты - нейрохирургиялық аурулар мен жарақат алған науқастарға медициналық көмек көрсету.
Тармақ 26
26. Бір медициналық ұйымның құрамында бір нейрохирургиялық бөлімшеден артық болған кезде, бөлімшелердің әрқайсысы нейрохирургиялық көмектің жеке түріне (шұғыл немесе жоспарлы), сондай-ақ қатар аурулардың түрлеріне (жарақаттық зақымдану, тамырлы, онкологиялық аурулар, омыртқа және жұлын патологиясы және басқа) мамандандырылуы мүмкін.
Тармақ 27
27. Ұйымда ангиограф болса қажетті құралдармен және жабдықтармен жабдықталған инвазивтік нейрорадиологиялық араласуларға арналған рентгеноперациялық бөлме ұйымдастырылады.
Тармақ 28
28. Бөлімше орта, жоғары, қосымша және жоғарғы кәсіби білімнен кейінгі білім беруді ұйымдастыруға клиникалық база, сондай-ақ ғылыми ұйым ретінде қызмет ете алады.
Тарау 5. 5. Балалар нейрохирурургиясы бөлімшесі
5. Балалар нейрохирурургиясы бөлімшесі
Тармақ 29
29. Балалар нейрохирургиясы бөлімшесі (бұдан әрі - Балалар бөлімшесі) 18 жасқа дейінгі балаларға жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсететін көп бейінді балалар медициналық ұйымдарының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 30
30. Балалар бөлімшесі облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда, 200 мыңнан аса халқы бар ірі қалаларда орташа есеппен 7 000 балаға 1 төсек есебімен ұйымдастырылады.
Тармақ 31
31. Балалар бөлімшесінің құрылымын, медициналық және басқа да қызметкерлердің штат санын, жүргізілетін емдеу-диагностикалық жұмыс көлемі мен қызмет көрсетілетін халықтың санына байланысты, ұсынылған штат нормативтерін ескере отырып, медициналық ұйым басшысы белгілейді.
Тармақ 32
32. Балалар бөлімшесіне медициналық ұйым басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын меңгеруші басшылық жасайды.
Тармақ 33
33. Балалар бөлімшесінің меңгерушісі қызметіне «нейрохирургия» мамандығы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес, жоғары немесе бірінші санатты, мамандығы бойынша кемінде 6 жыл еңбек өтілі бар, балалар нейрохирургиясы бойынша қосымша дайындықтан өткен маман тағайындалады.
Тармақ 34
34. Балалар бөлімшесінің негізгі мақсаты - нейрохирургиялық аурулары мен жарақат алған балаларға медициналық көмек көрсету.
Тармақ 35
35. Бөлімше орта, жоғары, қосымша және жоғарғы кәсіби білімнен кейінгі білім беруді ұйымдастыруға клиникалық база, сондай-ақ ғылыми ұйым ретінде қызмет ете алады.
Тарау 6. 6. Нейрореанимациялық блок (төсектер)
6. Нейрореанимациялық блок (төсектер)
Тармақ 36
36. Нейрореанимациялық блок (төсектер) (бұдан әрі - Блок) көп бейінді медициналық ұйымның (стационардың) реанимациялық бөлімшесінің құрылымдық бөлімі болып табылады.
Тармақ 37
37. Төсектердің ұсынылатын ара қатынасы: 10 нейрохирургиялық төсекке 1 нейрореанимациялық төсек. Стационарда 100 және одан да көп нейрохирургиялық төсектер болған жағдайда төсектердің ұсынылатын ара қатынасына сәйкес, өз алдына 10 төсектік және одан да артық нейрореанимациялық бөлімше ашылуы керек.
Тармақ 38
38. Блок емдеу хаттамаларына сәйкес нейрореанимация және қарқынды терапияны жүргізу үшін қажетті дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, трансфузиялық орталармен үздіксіз қамтамасыз етілуі керек.
Тармақ 39
39. Медициналық ұйымның әкімшілігі Блокқа шұғыл емдеу-консультациялық көмек көрсету үшін бейінді мамандардан дәрігерлерді бекітеді.
Тармақ 40
40. Блоктың негізгі мақсаты нейрохирургиялық патологияға мамандандырылған нейрореанимацияны, нейроғылым мен дәлелді медицинаның соңғы жетістіктерін қолдану негізінде нейрохирургиялық аурулар мен жарақаттардан науқастардың өлім-жітімін азайту.
Тармақ 41
41. Блоктың негізгі міндеттері болып табылады:
Тармақша 1
1) нейрохирургиялық аурулар, жарақаттар салдарынан туындаған пациенттердің өмірін қамтамасыз ету жүйелерін ұстап тұру және қалпына келтіру бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) нейрохирургиялық аурулар мен жарақаттар алған пациенттерге нейрохирургиялық операциялар, диагностикалық және емдеу іс-шаралары кезінде анестезия жасауға дайындау және жасаудың кешенді іс-шараларын жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) операциядан кейінгі асқынуларды және өлімді азайтуға бағытталған анестезиологиялық әдістемелердің және қарқынды терапияның деңгейін жоғарылату, пациенттерді зерттеудің диагностикалық пен зертханалық әдістерін жетілдіру;
Тармақша 4
4) осы ережеге 3-қосымшаға сәйкес мониторинг алгоритміне сәйкес нейроанестезия және қарқынды терапия уақытында науқастың функциялық жағдайына мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) медицина қызметкеріне реанимациялық көмектің практикалық дағдыларына үйрету және теориялық білім деңгейін арттыру;
Тармақша 6
6) нейрохирургиялық аурулар мен жарақаттар алған пациенттерге күтім сапасын арттыру.
Тармақ 42
42. Блоктың негізгі міндеттерімен бірге оның медициналық қызметкерлері:
Тармақша 1
1) нейрохирургиялық операциялар, диагностикалық және емдік шаралар кезінде дәрі-дәрмектік операция алдындағы дайындықты және анестезия жасауды, анестезия әдісін анықтайды;
Тармақша 2
2) науқастың наркоздан кейінгі уақыттағы жағдайын және өмірлік маңызды органдарының қызметі тұрақтанғанша бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) айғақтары бойынша реанимациялық іс-шараларды және қарқынды терапияны жүргізеді;
Тармақша 4
4) нейроренимациялық блокта науқастарды одан әрі емдеу үшін айғақтарды белгілейді, науқастарды өмірлік маңызды органдардың қызметі тұрақтанғаннан кейін алдағы тәуліктерге емдеу және тексеру бойынша ұсынымдармен бейінді бөлімшелерге ауыстырады;
Тармақша 5
5) басқа бөлімшелермен жұмыс кезінде өзара байланыс пен сабақтастықты жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) нейроанестезиология және нейрореаниматология мәселелері бойынша басқа бөлімшелердің дәрігерлеріне кеңес береді;
Тармақша 7
7) медициналық құжаттамаларды жүргізеді, тіркеуді және есептілікті қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8) нейроанестезиология және нейрореаниматология мәселелері бойынша клиникалық конференцияларды ұйымдастырады және өткізеді.
Тармақ 43
43. Науқастарға жетекшілікті тек нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, ол болмаған жағдайда аға ординатор жүзеге асырады.
Тарау 7. 7. Нейрохирургиялық кабинет
7. Нейрохирургиялық кабинет
Тармақ 44
44. Нейрохирургиялық кабинет (бұдан әрі - Кабинет) кабинет құрамына енетін медициналық ұйымның басшысымен келісілген және бекітілген жоспар бойынша жұмыс істейді.
Тармақ 45
45. Нейрохирургиялық кабинет дәрігерінің негізгі міндеті болып табылады:
Тармақша 1
1) нейрохирургиялық аурулар мен жарақаттар алған пациенттерге консультациялық, диагностикалық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) кабинет құрамына енетін медициналық ұйыммен қызмет көрсетілетін аймақта тұратын барлық нейрохирургиялық патологиялы науқастарды есепке алуды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 4
4) қызмет көрсетілетін ауданның нейрохирургиялық көмек жағдайын үйлестіру;
Тармақша 5
5) амбулаторлық-емханалық ұйымдардың дәрігерлерімен диагностикалық қателіктерді жүйелі түрде талдау және қарауды жүзеге асыру.
Басқа 1. Нейрохирургиялық көмек көрсету алгоритмі
Нейрохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережеге № 1 қосымша Нейрохирургиялық көмек көрсету алгоритмі
Тарау 1. 1. Жоспарлы нейрохирургиялық көмек
1. Жоспарлы нейрохирургиялық көмек
Тармақ 1
1. Жоспарлы нейрохирургиялық көмек стационарлық және консультациялық-диагностика түрде көрсетіледі.
Тармақ 2
2. Нейрохирургиялық аурулар мен жарақаттары бар науқастарға жоспарлы нейрохирургиялық көмек мамандандырылған нейрохирургиялық бөлімшелерде нейрохирургиялық бөлімше қызметіне арналған барлық талаптарға жауап беретін және нейрохирургиялық көмек көрсетуге лицензиясы бар көпбейінді медициналық ұйымдардың базасында жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Нейрохирургиялық аурулар мен жарақаттары бар науқастарға жоспарлы медициналық көмек көрсетуге жолдама амбулаториялық-емханалық кезеңде нейрохирург дәрігердің кеңесінен және нейрохирургиялық бөлімше келісімінен кейін невропатолог-дәрігерлермен және/немесе жалпы практика дәрігерлерімен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Нейрохирургиялық аурулар мен жарақаттары бар науқастарға жоспарлы медициналық көмек келесі жағдайларда көрсетіледі:
Тармақша 1
1) нейрохирургиялық онкологиялық аурулар;
Тармақша 2
2) нейрохирургиялық қан тамырлық аурулар;
Тармақша 3
3) жұлынның зақымдануымен омыртқаның нейрохирургиялық дегенеративтік аурулары;
Тармақша 4
4) хирургиялық емдеуді қажет ететін, бассүйек-ми жарақатының зардаптары;
Тармақша 5
5) басқа да нейрохирургиялық аурулар.
Тармақ 5
5. Жоспарлы медициналық көмек көрсетілетін нейрохирургиялық онкологиялық ауруларға мыналар жатады:
Тармақша 1
1) мидың және жұлын ісіктерінің барлық түрлері, перифериялық нервтер мен бассүйектің ісіктері;
Тармақша 2
2) бет сүйектерінің, бастың және мойын бассүйек қуысына кіретін және мидың қатты қабығы мен мидың ақ затын зақымдаушы ісіктер;
Тармақша 3
3) омыртқа ісіктері;
Тармақша 4
4) омыртқа жанында орналасқан омыртқаға араласа өскен ісіктер және омыртқа өзегіне жайылуымен және/немесе қатты қабықты немесе жұлынның талшықтарын зақымдаумен;
Тармақша 5
5) бассүйекте және омыртқа сүйектерінде, мидың және жұлынның ақ затындағы метастаздық ісіктер.
Тармақ 6
6. Нейрохирургиялық тамырлы аурулар кезінде жоспарлы медициналық көмек келесі жағдайларда көрсетіледі:
Тармақша 1
1) аневризмалардың үзілуі салдарынан, қан құйылудың суық кезеңінде үзілмеген артериялық аневризмалар және артериялық аневризмалардың барлық түрі;
Тармақша 2
2) жіті қан құйылу белгілерінсіз артериялық-веналық мальформациялардың немесе ауру ағымының псевдоісіктік типі бар барлық түрі;
Тармақша 3
3) брахиоцефалдық артериялардың ми қанайналымының жіті ишемиялық бұзылыстарының белгісінсіз және гемодинамикалық маңызы бар стеноздаушы және деформацияланушы патологиялардың барлық түрлері;
Тармақша 4
4) посттравматикалық артериялық-синустық сағалықтың барлық түрлері немесе гемодинамикалық маңызы бар басқа да сипаттағы.
Тармақ 7
7. Жұлынды зақымдаумен омыртқаның нейрохирургиялық дегенеративтік ауруларына неврологиялық асқынуларды туғызатын және хирургиялық емдеуді қажет ететін омыртқаның дегенеративтік және омыртқааралық дискілерінің ауруларының барлық түрлері.
Тармақ 8
8. Нейрохирургиялық емдеуді қажет ететін бассүйек-ми жарақаттарының зардаптарына бассүйек күмбезінің трепанациялаудан кейінгі кемістіктері, посттравматикалық ликворея, бас терісінің ақаулары, гидроцефалия, остеомиелит және басқалар жатады.
Тармақ 9
9. Басқа да нейрохирургиялық ауруларға жатады:
Тармақша 1
1) Ликвородинамикалық бұзылыс - хирургиялық емдеуді қажет ететін туа біткен және жүре пайда болған гидроцефалия, арахноидальдық кисталар.
Тармақша 2
2) туа біткен және жүре пайда болған, хирургиялық емдеуді қажет ететін ми және жұлынның зақымдануы кезінде спазмалық және ауырсындыру синдромдары, қозғалыс бұзылыстары;
Тармақша 3
3) хирургиялық емдеуді қажет ететін нерв жүйесінің функционалдық бұзылыстары;
Тармақша 4
4) эпилепсияның фармокорезисттенттік формалары;
Тармақша 5
5) хирургиялық емдеуді қажет ететін орталық және шеткі нерв жүйесінің асқынған аурулары, басүйекішілік және жұлын абсцесстері, паразиттік зақымдау;
Тармақша 6
6) хирургиялық емдеуді қажет ететін басссүйек дамуының, омыртқаның, мидың және жұлынның туа біткен ақаулары;
Тармақша 7
7) перифериялық нервтердің аурулары және зақымданулары.
Тармақ 10
10. Нейроонкологиялық патологиясы бар пациенттер нейрохирургиялық бөлімшеден шығырылғаннан кейін тұрғылықты мекенжайы бойынша амбулаториялық-емханалық мекемеде дәрігер невролог және дәрігер онкологқа тіркеуге тұруы керек.
Тармақ 11
11. Нейрохирургиялық онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарға онкологиялық медициналық көмек (сәулелік терапия, химиотерапия) онкологиялық диспансер жағдайында көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Емдеудің радиохирургиялық әдістері (Гамма-пышақ) нейрохирургиялық бөлімше базасында қолданылады.
Тармақ 13
13. Жоспарлы нейрохирургиялық көмек уәкілетті орган бекіткен диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Науқастарға нейрохирургиялық емдеу көрсетіліп болғаннан кейін, егер медициналық айғақтар бар болған жағдайда нейрохирургиялық бөлімше жағдайында стационарлық ерте нейрооңалту көрсетіледі. Медициналық оңалтудың келесі кезеңі оңалту бөлімшесі жағдайында (болмаған жағдайда неврологиялық) жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Жоспарлы консультациялық-диагностикалық нейрохирургиялық көмек телемедициналық конференция арқылы көрсету мүмкіндігі бар, сол үшін денсаулық сақтау басқармасының жергілікті басқару органымен облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және ірі қалаларда телемедициналық орталықтар анықталынады, орталық базасында конференция жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Телемедициналық конференция көмегімен консультациялық-диагностикалық көмек көрсету мүдделі ұйым бастамасымен, жергілікті денсаулық сақтау басқармасының келісімімен жүргізіледі. Телемедициналық конференцияны телемедициналық орталық жүзеге асырады. Мүдделі ұйымдардың келісімімен жергілікті денсаулық сақтау басқармасымен телемедициналық конференцияны өткізу тәртібі анықталынады.
Тармақ 17
17. Телемедициналық конференция бастамашысы кеңес беруші ұйым мен дәрігерді таңдау құқығын білдіре алады.
Тарау 2. 2. Шұғыл нейрохирургиялық көмек
2. Шұғыл нейрохирургиялық көмек
Тармақ 18
18. Шұғыл нейрохирургиялық көмек стационарлық және санитариялық авиация түрінде көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Нейрохирургиялық аурулар мен жарақаттары бар науқастарға шұғыл нейрохирургиялық көмек мамандандырылған нейрохирургиялық бөлімшелерде, нейрохирургиялық бөлімше қызметіне арналған барлық талаптарға жауап беретін және нейрохирургиялық көмек көрсетуге лицензиясы бар көпбейінді медициналық ұйымдардың базасында, штатында нейрохирург бар хирургиялық немесе травматологиялық бөлімшесі бар кез келген стационарда жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Нейрохирургиялық аурулар мен жарақаттары бар науқастарға шұғыл нейрохирургиялық көмек келесі жағдайларда көрсетіледі:
Тармақша 1
1) бассүйек-ми жарақаты;
Тармақша 2
2) ми және жұлын жарақаты;
Тармақша 3
3) орталық нерв жүйесінің жіті асқынған аурулары (абсцесстер, посттравматикалық менингиттер; арахноидтер, эпидуриттер);
Тармақша 4
4) жіті жарақаттық емес бассүйекішілік және жұлын қан құйылулары;
Тармақша 5
5) омыртқааралық диск жарықтарының жұлынның және оның түбіршектерінің жіті қысылуымен;
Тармақша 6
6) шунттардың дисфункциясы;
Тармақша 7
7) жіті окклюзияланушы синдром.
Тармақ 21
21. Жеңіл ми жарақатына мидың шайқалуы мен мидың жеңіл дәрежеде соғылуы жатады. Жеңіл ми жарақатының негізгі өлшемі ретінде қысқа мерзімде естен тану мен кома Глазго шкаласына сәйкес ес деңгейі 13-15 балл болып саналады.
Тармақ 22
22. Орта-ауыр ми жарақатына мидың орта ауырлық дәрежесіндегі соғылуы, мидың жеделдеу және созылмалы гематомалармен ығысуы жатады. Орта-ауыр ми жарақатының негізгі өлшемі ретінде зардап шеккен науқастың ес деңгейін бағалау, кома Глазго шкаласына сәйкес ес деңгейі 9-12 балл, бас сүйек күмбезі және/немесе негізі сынуының болуы болып табылады.
Тармақ 23
23. Ауыр ми жарақатына мидың ауыр дәрежедегі соғылуы, миішілік гематоманың барлық түрлері, мидың диффузды аксоналдық зақымдалуы, және де бас сүйегінің кең көлемде басылып сынуы, бас сүйек негізінің сынуы мен мидың жарақаттық сығылуы, жарақаттық субарахноидалды және қарыншаішілік қан құйылулар жатады. Ауыр ми жарақатының негізгі өлшемі ретінде зардап шеккен науқастың ес деңгейі кома Глазго шкаласына сәйкес 8 балл және одан да төмен болып табылады.
Тармақ 24
24. Омыртқа және жұлын жарақатына омыртқаның зақымдалуы, жұлын өткізгіштігі бұзылысымен бірге қатар жүретін жұлын жарақаты мен жұлынның барлық жарақаттық зақымдалулары жатады.
Тармақ 25
25. Орталық жүйке жүйесінің жіті асқынған ауруларына мидың және жұлынның абсцессі, эпидуральдық абсцесстер, посттравматитикалық менингиттер, арахноидиттер жатады.
Тармақ 26
26. Мидың ақ затындағы жіті жарақаттық емес қан құйылуларға миды қысатын және ығыстыратын гематомалардың қалыптасуымен бассүйекішілік тамырлардың үзілуі салдарынан болатын геморрагиялық инсульт немесе бассүйекішілік артериялық аневризмалар және артерия - веналық мальформациялар, каверналы ангиомалар мен басқа да тамырлы түзілімдердің жіті үзілуі жағдайлары жатады.
Тармақ 27
27. Жұлынның және оның түбіршектерінің жіті қысылуымен омыртқааралық диск жарықтарына омыртқа өзегіне дисктердің жіті пролапсының барлық түрлері жатады, осы синдром салдарынан туындаған жұлын өткізгіштігінің толық немесе ішінара бұзылыстары, соның ішінде кауда-синдром.
Тармақ 28
28. Жеңіл бассүйек-ми жарақатымен науқастар нейрохирургтың кеңесінен және бассүйектің тіке және қырынан түсірілген проекцияларындағы рентгенография, ЭХО-энцефалоскопия немесе/және компьютерлік томография жасалғаннан кейін нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылады. Оқшауланған жеңіл бассүйек-ми жарақаты бар науқастарды ауруханаға жатқызу мерзімі 10 күннен аспайды, жанама аурулары және/немесе зақымдануларының бар болуына байланысты ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 29
29. Жіті жарақаттаушы емес бассүйекішілік және жұлын қан құйылуларымен, ауыр және орташа-ауыр бассүйек-ми жарақаты және омыртқа және жұлын жарақаты бар науқастар нейрохирургиялық бөлімшеге жатқызылады. Нейрохирургиялық бөлімше болмаған жағдайда хирургиялық немесе травматологиялық бөлімшеге жатқызылу жүзеге асырылады, жарақаттаушы емес бассүйекішілік және жұлын қан құйылуларымен науқастар неврологиялық бөлімшеге жатқызылады. Медициналық ұйымның хирургиялық, травматологиялық, неврологиялық немесе реанимациялық бөлімшелеріне науқасты жатқызу кезінде шұғыл нейрохирургиялық көмек, өз қызметін осы бұйрыққа сәйкес жүзеге асыратын көшпелі консультациялық нейрохирургиялық бригада мамандары жүзеге асырады.
Тармақ 30
30. Омыртқаның мойын бөлігінің жарақаты бар екендігіне күдік туындаған кезде жартылай қатты жағамен міндетті түрде иммобилизация, омыртқаның мойын бөлігінің тіке және қырынан түсірілген проекцияларындағы рентгенография және ауызды ашу арқылы проекциялар жүргізіледі.
Тармақ 31
31. Жанамаласқан ауыр жарақаттар кезінде міндетті түрде омыртқаның мойын бөлігінің тіке және қырынан түсірілген проекцияларындағы рентгенография, кеуде бөлігінің және жамбастың тікелей проекциясының рентгенографиясын орындау.
Тармақ 32
32. Кома Глазго шкаласына (бұдан әрі - КГШ) сәйкес ес деңгейі 8 балл және одан төмен болатын пациенттер, шұғыл хирургиялық емдеуге айғақтары жоқ болған жағдайда, гемодинамика және тыныс алудың тұрақты және тұрақсыз көрсеткіштерімен, тез арада нейрореанимациялық блокқа жатқызылады.
Тармақ 33
33. КГШ бойынша ес деңгейі 8 балл және одан төмен болатын пациенттерге міндетті түрде кеңірдекті интубациялау және қолайлы режіммен өкпені жасанды тыныс алдыру жүргізіледі.
Тармақ 34
34. Шұғыл патология кезінде операция алдындағы кезең ауруханаға жатқызу сәтінен бастап 2 сағатттан аспауы керек.
Тармақ 35
35. Нейрохирургиялық емдеу және қарқынды терапия уәкілетті орган бекіткен диагностика және емдеу клиникалық хаттамаларына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 36
36. Науқастарға нейрохирургиялық емдеу көрсетіліп болғаннан кейін, егер медициналық айғақтары бар болған жағдайда нейрохирургиялық бөлімше жағдайында стационарлық ерте нейрооңалту көрсетіледі. Медициналық оңалтудың келесі кезеңі оңалту бөлімшесі жағдайында (болмаған жағдайда неврологиялық) жүргізіледі.
Тармақ 37
37. Нейрохирургиялық аурулары және жарақаттары бар науқастарды стационардан шығарғаннан кейін амбулаториялық медициналық көмекті – невропатолог дәрігер, невропатолог дәрігер болмаған жағдайда учаскелік терапевт дәрігер, жалпы практика дәрігері, нейрохирург дәрігер, невропатологтың ұсынымы ескеріле отырып көрсетіледі.
Тармақ 38
38. Санитариялық авиация түрінде медициналық көмекті ұсыну білікті мамандарды пациент тұрған орынға жеткізу немесе пациентті тиісті медициналық ұйымға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде консультациялық–диагностикалық және емдік көмек көрсету үшін жер үстіндегі көлікті немесе санитариялық әуе көлігін пайдалану арқылы жүргізіледі.
Тармақ 39
39. Шұғыл консультациялық–диагностикалық және емдік нейрохирургиялық медициналық көмек, мамандардың штат және жұмылдырылған санынан санитариялық авиация бөлімшесінің меңгерушісі ұйымдастырған санитариялық авиация бөлімшесінің көшпелі бригадалары (бұдан әрі - Бригада) жүзеге асырады.
Тармақ 40
40. Бригада денсаулық сақтау басқармасының келісімі бойынша 400 мыңнан аса халқы бар өңірлерде ұйымдастырылады.
Тармақ 41
41. Бригада жасақтары денсаулық сақтау басқармасының бас нейрохирургінің келісімі бойынша жасақталады.
Тармақ 42
42. Бригада құрамы тәуліктік кесте бойынша жұмыс істейтін нейрохирург-дәрігер, анестезиолог-реаниматолог дәрігер, операциялық мейірбике (фельдшер), санитар және мамандандырылған санитарлық көлік жүргізушісінен (ұшқыш) құралады.
Тармақ 43
43. Санитариялық авиация қызметін шақырту мемлекеттік денсаулық сақтау өтінімдері негізінде жүзеге асырылады. Шұғыл жағдайларда (ЖКО, қайғылы жағдай және т.б.) санитариялық авиация қызметін шақыртуды, сондай-ақ медициналық қызметкер, зардап шегуші немесе болған жағдайды көрген адам санитариялық авиация қызметіне қоңырау шалу арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 44
44. Бригаданың нейрохирург дәрігер қызметіне «нейрохирургия» мамандығы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес, мамандығы бойынша біліктілік санаты бар, мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар маман тағайындалады.
Тармақ 45
45. Бригаданың анестезиолог-реаниматолог дәрігер қызметіне «анестезиология-реаниматология» мамандығы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес, мамандығы бойынша біліктілік санаты бар, мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар, нейроанестезиология және нейрореанимация бойынша біліктілігін арттырудан өткен маман тағайындалады.
Тармақ 46
46. Бригаданың операциялық мейірбике (фельдшер) қызметіне операциялық іс сұрақтары бойынша біліктілігін арттырудан өткен операциялық мейірбике (фельдшер) тағайындалады.
Тармақ 47
47. Бригаданы жабдықтау, нейрохирургиялық көмек көрсететін ұйымдарды жабдықтау стандартына осы ереженің 2 қосымшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 48
48. Іс-қимылдарға басшылық жасау, міндеттерді анықтау және орындауға бақылау жасауды санитариялық авиация бөлімшесінің меңгерушісі жүзеге асырады.
Тармақ 49
49. Бригада мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ауруханалық ұйымдарда (стационарларда) жіті бассүйек-ми жарақаты, омыртқаның асқынған сынықтары, спонтанды субарахноидалдық қан құйылулары, геморрагиялық инсульттары, жіті гипертензиялық-дислокациялық синдромы, перифериялық нерв жүйесінің жарақаты және басқа да нейрохирургиялық аурулары бар науқастарға көшпелі тәуліктік мамандандырылған нейрохирургиялық көмек көрсетуді;
Тармақша 2
2) медициналық ұйымдарда (стационарларда) медициналық айғақтар бойынша шұғыл нейрохирургиялық араласулар жүргізуді;
Тармақша 3
3) нейрохирургиялық аурулары және зақымданулары бар науқастарды нейрохирургиялық бөлімшеге мамандандырылған және/немесе жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін ауыстыруға немесе тасымалдауға медициналық айғақтар мен қарсы айғақтарды анықтау;
Тармақша 4
4) көмек көрсетілген науқасты одан әрі емдеу тактикасын анықтауды.
Басқа 2. Нейрохирургиялық көмек беретін ұйымдарды жабдықтау стандарты
Нейрохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережеге № 2 қосымша Нейрохирургиялық көмек беретін ұйымдарды жабдықтау стандарты
Тарау 1. 1. Нейрохирургиялық бөлімшені жарақтандыру
1. Нейрохирургиялық бөлімшені жарақтандыру № р/с Жаб­дық­тың ата­уы Са­ны 1 Ликвор қы­сы­мын өл­шеу жиын­тығы 2 2 Де­фи­брил­ля­тор 1 3 Тө­сек­тік мо­ни­тор – элек­тро­кар­дио­граф (бұ­дан әрі - ЭКГ), пуль­сок­си­мет­рия, ин­ва­зив­тік емес қы­сым, кө­мір­тек ок­си­ді (IV) (бұ­дан әрі – СО2) 10 тө­сек­ке 1 4 Ин­фу­зо­мат 2 тө­сек­ке 1 5 Пер­фу­зор 2 тө­сек­ке 1 6 Хи­рур­ги­я­лық электр ас­пи­ра­то­ры 10 тө­сек­ке 1 7 Жы­лы көр­пе­ше­лер 10 тө­сек­ке 1 8 Функ­ци­я­лық тө­сек Бар­лық тө­сек­тің 50% кем емес 9 Ой­ы­лу­ға қар­сы мат­рас 5 да­на­дан кем емес 10 Ин­га­ля­тор (небу­лай­зер) 1 11 Ба­с­тұт­қы (әр­түр­лі мөл­шер­де­гі) 5
Тарау 2. 2. Нейрохирургиялық операциялық бөлімді жарақтандыру
2. Нейрохирургиялық операциялық бөлімді жарақтандыру № Ме­ди­ци­на­лық тех­ни­ка­ның ата­у­ла­ры Са­ны 1 Уль­тра­ды­быст­ық хи­рур­ги­я­лық ас­пи­ра­тор 1 2 Қоз­ғал­ма­лы хи­рур­ги­я­лық рент­ген­те­ле­ви­зи­я­лық ап­па­рат С-до­ға­мен; 1 3 Мик­ро­хи­рур­гия құ­рал­да­ры­ның ко­а­гу­ля­ция жи­і­лік би­по­ляр жиын­тығы 1 4 Ас­си­стент­ке ар­нал­ған ті­ре­уі­ші­мен опе­ра­ци­я­лық өрі­сті бей­не­лей­тін мо­ни­то­ры­мен еден­ге қой­ы­ла­тын мик­ро­скоп 1 5 Опе­ра­ци­я­ға ар­нал­ған гид­ро­при­вод­тық жұм­сақ мо­биль­дік орын­дық 1 6 Опе­ра­ци­я­лық үстел (рент­ген ай­қын) 1 7 Ба­сты қат­ты ұстау жүй­е­сі 1 8 Уль­тра­ды­быст­ық ин­тра­о­пе­ра­ци­я­лық ска­нер 1 9 Эн­до­ско­пи­я­лық жиын­тық 1 10 «Кра­ни­ал­дық эн­до­ско­пия» хи­рур­ги­я­лық ас­пап­тар­дың жиын­тығы 1 11 «Жұлын эн­до­ско­пи­я­сы» хи­рур­ги­я­лық ас­пап­тар­дың жиын­тығы 1 12 «Транс­сфе­но­и­дал­дық эн­до­ско­пия» хи­рур­ги­я­лық ас­пап­тар­дың жиын­тығы 1 13 Жо­ғар­ғы жыл­дам­дық­пен бұр­ғы­ла­у­ға ар­нал­ған ней­ро­хи­рур­ги­я­лық элек­тр­лік неме­се пнев­ма­ти­ка­лық бұр­ғы жиын­тығы 1 14 Жа­рық­тан­ды­ру көз­де­рі­нің би­но­ку­ляр­лық лу­па­сы 1 15 Қан­ның тұ­рақ­ты қыш­қыл­дық-негіз­гі ана­ли­за­то­ры 1 16 Қол­мен ты­ныс ал­ды­ру қап­шы­ғы 2 17 Тө­сек­тік мо­ни­тор - ЭКГ, пуль­сок­си­мет­рия, ин­ва­зив­ті емес қы­сым, ты­ныс алу СО2 1 18 Нар­коз­дық ты­ныс алу ап­па­ра­ты 1 19 Хи­рур­ги­я­лық электр ас­пи­ра­то­ры 2 20 Пер­фу­зор (шприц­тік сор­ғы) 2 21 Бас­сүй­е­кі­ші­лік қы­сым­ды өл­шеу мо­ни­то­рин­гі 1 22 Де­фи­брил­ля­тор 1 23 Ане­сте­зио­ло­ги­я­лық-ре­ани­ма­ци­я­лық жы­лыт­қыш ке­ше­ні 1 24 Ла­рин­го­скоп­тар жиын­тығы 1 25 Ин­фу­зи­я­лық ро­лик­ті сор­ғы (Ин­фу­зо­мат) 2 26 Хи­рур­ги­я­лық, опе­ра­ци­я­лық шам, лам­па 2 27 Ней­ро­хи­рур­ги­я­лық құ­рал­дар­дың ба­за­лық жиын­тығы 1 28 Мик­ро­ней­ро­хи­рур­гия құ­рал­да­ры­ның жиын­тығы 1 29 Ликвор қы­сы­мын өл­шей­тін жиын­тық 2 30 Рент­ген­дік сәу­ле­ле­ну­ден өзін­дік қор­ға­ну құ­рал­да­ры (жиын­тық) 3
Тарау 3. 3. Базалық нейрохирургиялық жиынтық
3. Базалық нейрохирургиялық жиынтық № Ата­уы Са­ны 1 Ми­дың қат­ты қа­бығ­ы­ның ре­трак­то­ры ФРА­ЗЬЕ 1 2 Ба­ғыт­та­у­шы 2 3 Ре­зең­ке үрім­ше­ге ар­нал­ған ка­те­тер 2 4 ОЛИ­ВЕ­КРОН сым ара­сы 20 5 Сым ара­ның тұт­қа­сы 2 6 ТОН­НИС-АД­СОН қай­шы­ла­ры 1 7 Нерв­ке ар­нал­ған қай­шы­лар 1 8 ФЕР­Г­Ю­СОН сор­ғыш тү­ті­гі (жал­пақ) 1 9 ФЕР­Г­Ю­СОН сор­ғыш тү­ті­гі (жі­ңіш­ке) 1 10 Хи­рур­ги­я­лық қай­шы­лар 1 11 Скаль­пель­ге ар­нал­ған тұт­қа (жал­пақ) 1 12 Скаль­пель­ге ар­нал­ған тұт­қа (жі­ңіш­ке) 1 13 Скальп­қа ар­нал­ған ге­мо­ста­ти­сти­ка­лық қы­сқы­штар 20 14 Ба­ла­лар қы­сқы­шы 2 15 ХЕ­ГАР ине ұста­ғы­шы 1 16 ЯШАР­ГИЛ се­ріп­пе­сі 3 17 ДЕН­ДИ жұ­қа қы­сқы­шы 1 18 ХАЛЬ­СТЕД-МОС­КИТ қы­сқы­шы 2 19 МЭЙО-ХЕ­ГАР ине ұста­ғы­шы 2 20 ДЭ­ВИС та­мыр­лы шпа­те­лі 1 21 Ми шпа­те­лі – жал­пақ 2 22 Ми шпа­те­лі – ор­та­ша 2 23 Ми шпа­те­лі - жі­ңіш­ке 2 24 ДЕ­МАР­ТЕЛЬ ба­ғыт­та­у­шы­сы 2 25 Жұм­сақ тін­ге ар­нал­ған ЖЕ­РАЛЬД пин­це­ті 1 26 жұм­сақ тін­ге ар­нал­ған стан­дарт­ты пин­цет 1 27 Жұм­сақ тін­ге ар­нал­ған пин­цет 1 28 ЯШАР­ГИЛ іс­ік пин­це­ті (үл­кен) 1 29 ЯШАР­ГИЛ іс­ік пин­це­ті (ор­та­ша) 1 30 ЯШАР­ГИЛ іс­ік пин­це­ті (кі­ші) 1 31 МИ­НИ-АЛИФ пин­це­ті 1 32 ГРЮН­ВАЛЬД пин­це­ті 1 33 Зерт­ха­на­лық ыдыс 1 34 Бүй­рек тә­р­із­дес на­уа 1 35 ЯШАР­ГИЛ ЛЕЙЛ ре­трак­ци­я­лық жүй­е­сі 2 36 ФОЛК­МАН ре­трак­то­ры 2 37 КЕР­РИ­СОН сүй­ек ті­сте­уік­те­рі 1 38 ВАЙТ­Л­ЭНЕР ре­трак­то­ры 2 39 ЛАН­ГЕН­БЕК эле­ва­то­ры 1 40 Үл­кен қы­сқыш 1 41 ХАД­СОН ко­ло­во­ро­ты 1 42 ПО­ЛИТ­ЦЕР ре­зең­ке үрім­ше­сі 1 43 МИД сүй­ек ті­сте­уік­те­рі 1 44 КУ­ШИНГ ара­сы 2 45 Жі­ңіш­ке бұр­ғы 2 46 Ми­дың ане­вриз­ма­ла­рын клип­стау үшін кон­фи­гу­ра­ци­я­сы және мөл­ше­рі әр­түр­лі клип­стар 20 47 Клип­сқы­сқыш 2 48 Люм­бо­пе­ри­то­не­ал­дық ка­те­тер­ді те­рі асты­нан жүр­гізу­ге ар­нал­ған көп мәр­те қол­да­ны­ла­тын өт­кіз­гіш­тер 2 49 Ней­ро­хи­рур­ги­я­лық әм­бе­бап жа­ра­қат ке­ңейт­кіш 2 50 Вен­ти­ку­ляр­лық пунк­ци­я­ға ар­нал­ған әр­түр­лі диа­метр­де­гі ка­нюл­дар (жиын­тық) 2 51 Сүй­ек­ке ар­нал­ған ті­сте­уік­тер 1 52 САЙ­МОН сүй­ек қа­сығы 1 53 ДО­БЕН­ШПЕК сүй­ек қа­сығы 1 54 ТОН­НИС-АД­СОН қай­шы­ла­ры 1 55 Хи­рур­ги­я­лық қай­шы­лар 1 56 Жұм­сақ тін­ге ар­нал­ған стан­дарт­ты пин­цет 1 57 Жұм­сақ тін­ге ар­нал­ған пин­цет 1 58 Скаль­пель­ге ар­нал­ған тұт­қа (жал­пақ) 1 59 Скаль­пель­ге ар­нал­ған тұт­қа (жі­ңіш­ке) 1 60 Дис­сек­тор 1 61 Тік ре­трак­тор 1 62 МЭЙО-ХЕ­ГАР ине ұста­ғы­шы 1 63 ГРЮН­ВАЛЬД пин­це­ті 1 64 КАС­ПАР жүй­ке име­гі 1 65 ФЕР­Г­Ю­СОН сор­ғыш тү­тікше­сі (жал­пақ) 1 66 ФЕР­Г­Ю­СОН сор­ғыш тү­тікше­сі (жі­ңіш­ке) 1 67 КАС­ПАР тік кон­хо­то­мы 1 68 КАС­ПАР иіл­ген кон­хо­то­мы 1 69 Үл­кен қы­сқыш 1 70 ХЕ­ГАР ине ұста­ғы­шы 1 71 ХАР­ВИ ДЖЕК­СОН ре­трак­то­ры 1 72 ЭШЛИН сүй­ек ті­сте­уік­те­рі 1 73 КАС­ПАР ре­трак­то­ры 1 74 КЕР­РИ­СОН 3 сүй­ек ті­сте­уік­те­рі 1 75 КЕР­РИ­СОН 4 сүй­ек ті­сте­уік­те­рі 1 76 КЕР­РИ­СОН 5 сүй­ек ті­сте­уік­те­рі 1 77 ЛАН­ГЕН­БЕК қа­бырт­қа рас­па­ра­то­ры 1 78 РОТ­ГЕН-РУС­КИН сүй­ек ті­сте­уік­те­рі 1 79 Бүй­рек тә­р­із­дес на­уа 1 80 Зерт­ха­на­лық ыдыс 1 81 Үстің­гі қа­ба­ты қа­ра­мен бо­я­л­ған контр-ре­трак­тор 1 82 Үстің­гі қа­ба­ты қа­ра жа­ра­қат ке­ңейт­кіш 1 83 Үстің­гі қа­ба­ты қа­ра­мен бо­я­л­ған жа­ра­қат ке­ңейт­кіш 1 84 Омырт­қа ба­ға­на­сы­на опре­а­ци­я­ға ар­нал­ған жа­ра­қат ке­ңейт­кіш 1 85 Омырт­қа ба­ға­на­сы­на ар­нал­ған тік, иіл­ген рас­па­ра­тор (үл­кен, кі­ші) 2 86 Бас­сүй­ек­ке ар­нал­ған қап­сыр­ма 1 87 Ко­ро­нар­лық фре­за 2 88 Май­ы­с­қан пы­шақ­пен әм­бе­бап қа­бырт­қа ті­сте­уік­те­рі 2 89 ЛИ­СТОН сүй­ек ті­сте­уік­те­рі 1 90 Ней­ро­хи­рур­ги­я­лық ті­сте­уік­тер 2
Тарау 4. 4. Биполярлық коагуляция жиынтығы
4. Биполярлық коагуляция жиынтығы № Ата­уы Са­ны 1 Негіз­гі блок және эк­ви­по­тен­ци­ал­дық ка­бел­мен элек­тро­хи­рур­ги­я­лық ап­па­рат 1 2 Пла­сти­ка­лық кор­пу­с­та­ғы пе­даль 1 3 ЯШАР­ГИЛЬ би­по­ляр­лық пин­цет­те­рі­мен және жал­ғау­шы ка­бел­де­рі бар ар­ба 1 4 Пин­цет бай­о­нет­тік 0,4*175 мм 1 5 Пин­цет бай­о­нет­тік 0,7*195 мм 1 6 Пин­цет бай­о­нет­тік 1,0*195 мм 1 7 Пин­цет бай­о­нет­тік 1,0*235 мм 1 8 Пин­цет бай­о­нет­тік 1,3*235 мм 1
Тарау 5. 5. Тез бұрғылау жиынтықтары
5. Тез бұрғылау жиынтықтары № Ата­уы Са­ны 1 Электр дви­га­те­лі 1 2 Иіл­ме­лі ка­бель 1 3 Дрель­дің тұт­қа­сы 1 4 Кра­нио­том 1 5 Дрель­дің иіл­ген тұт­қы­сы 1 6 Ра­у­шан тек­тес бұр­ғы 3 7 Ал­маз­дық бұр­ғы 3 8 Бөш­кет­ә­р­із­дес бұр­ғы 3
Тарау 6. 6. Зарарсыздандыру
6. Зарарсыздандыру № Ата­уы Са­ны 1 Кон­тей­нер 4 2 Тұ­рақ­ты фильтр 20 3 Фильтр­ді таң­ба­ла­у­ға ар­нал­ған қа­рын­даш 4
Тарау 7. 7. Операциялық микроскоп
7. Операциялық микроскоп Негізгі мінездеме:
Тармақша 1
1) Жерге бекіту;
Тармақша 2
2) Оңай жеткізу және тұрақтылық;
Тармақша 3
3) Апохромдік оптика 5-зорайтқышымен;
Тармақша 4
4) Мобильдік туба қозғалыс радиусы 180 0 ;
Тармақша 5
5) Қосымша шаммен аралас жарықтандыру көзі;
Тармақша 6
6) Ассистентке арналған арнайы туба;
Тармақша 7
7) Ұтымды жұмыс дистанциясын қамтамасыз ететін линзалар.
Тарау 8. 8. Нейрореанимациялық блокты жарақтандыру
8. Нейрореанимациялық блокты жарақтандыру № Жаб­дық­тар­дың ата­уы Са­ны 1 Өк­пе­ні жа­сан­ды де­мал­ды­ру ап­па­ра­ты Әр­бір тө­сек­ке 1 бір­лік­тен 2 Тө­сек­тік мо­ни­тор - ЭКГ, пуль­сок­си­мет­рия, ин­ва­зив­тік емес қы­сым, ты­ныс алу СО2 Әр­бір тө­сек­ке 1 бір­лік­тен 3 Хи­рур­ги­я­лық элек­тр­лік ас­пи­ра­тор (ор­та­лық ва­ку­ум ма­ги­стра­лын қол­да­ну­ға бо­ла­ды) Әр­бір тө­сек­ке 1 бір­лік­тен 4 Пер­фу­зор (шприц­тік сор­ғы) Әр­бір тө­сек­ке 2 бір­лік­тен 5 Ин­фу­зо­мат Әр­бір тө­сек­ке 2 бір­лік­тен 6 Бас­сүй­е­кі­ші­лік қы­сым мо­ни­то­ры 1-3 тө­сек­ке 1 бір­лік­тен 7 Де­фи­брил­ля­тор 1 8 Қыш­қыл­дық-негіз­гі жағ­дай­ды ба­қы­лай­тын га­з­дық ана­ли­за­тор 1 9 Элек­тро­лит­тік ана­ли­за­тор 1 10 Қан мен несеп­тің ана­ли­за­то­ры 1 11 Це­ре­брал­дық ок­си­метр 1 12 Тран­кра­ни­ал­дық до­ппле­ро­гра­фи­я­ға ар­нал­ған ап­па­рат 1 13 Фиб­ро­брон­хо­скоп 1 14 Уль­тра­ды­быст­ық, бу ин­га­ля­тор­ла­ры 1 15 Қоз­ғал­ма­лы рент­ген-ап­па­рат 1 16 Элек­тро­кар­дио­граф 1 17 Кө­лік­те өк­пе­ні жа­сан­ды жол­мен де­мал­ды­ру ап­па­ра­ты 2
Тарау 9. 9. Диагностикалық бөлімшені жарақтандыру
9. Диагностикалық бөлімшені жарақтандыру № Жаб­дық­тар­дың ата­уы Са­ны 1 Ан­гио­гра­фи­я­лық се­рио­граф (би­жос­пар­лық) 1 2 По­тен­ци­ал­дар­ды тір­ке­у­ге ар­нал­ған 4-ка­нал­дық ком­пью­тер­лік ап­па­рат 1 3 Уль­тра­ды­быст­ық тран­с­кра­ни­ал­дық до­ппле­ро­гра­фи­я­ға ар­нал­ған ап­па­рат 1 4 Уль­тра­ды­быст­ық дуп­лек­стік ска­нер­леу це­ре­брал­дық та­мыр­лар­ға ар­нал­ған ап­па­рат 1 5 Маг­нит­тік-ре­зо­нан­стық то­мо­граф (маг­нит­тік өріс қу­ат­ты­лы­ғы 1,5 Т кем емес) 1 6 6 срез­ден кем емес рент­ген­дік спи­раль­дік ком­пью­тер­лік то­мо­граф 1 7 Пор­та­тив­ті уль­тра­ды­быст­ық ин­тра­о­пе­ра­ци­я­лық зерт­те­у­ге ар­нал­ған ап­па­рат 1 8 Элек­тро­эн­це­фа­ло­граф 1 9 Эхо­эн­це­фа­ло­граф 1 10 Рент­ген­дік сан­дық қон­дыр­ғы 1
Тарау 10. 10. Нейрохирургиялық көшпелі бригаданы жарақтандыру
10. Нейрохирургиялық көшпелі бригаданы жарақтандыру № Жаб­дық­тар­дың ата­уы Са­ны 1 Кө­лік­те өк­пе­ні жа­сан­ды жол­мен де­мал­ды­ру ап­па­ра­ты 1 2 Де­фи­брил­ля­тор 1 3 Нев­ро­ло­ги­я­лық бал­ға 1 4 Кө­лік мо­ни­то­ры 1 5 Жа­рық­тан­ды­ру көз­де­ріне ар­нал­ған би­но­ку­ляр­лық лу­па 1 6 Ме­ха­ни­ка­лық қай­шы ас­пи­ра­то­ры 1 7 То­но­метр 1 8 Хи­рур­ги­я­лық электр ас­пи­ра­то­ры 1 9 Жы­л­жы­ма­лы эхо­эн­це­фа­ло­скоп 1 10 Ба­ла­лар мен ере­сек­тер­ге ар­нал­ған ауа құ­бы­ры 2-ден 11 Ге­мо­стаз­ға ар­нал­ған ба­ла­у­ыз 3 ора­ма 12 Ми пунк­ци­я­сы­на ар­нал­ған ине 2 13 Ба­ла­лар мен ере­сек­тер­ге ар­нал­ған бір рет қол­да­на­тын тра­хео­сто­ми­а­лық сте­риль­дік ка­нюл­дер 2-ден 14 Вен­три­ку­ляр­лық пунк­ци­я­ға ар­нал­ған әр­түр­лі диа­метр­де­гі ка­нюл­дер жиын­тығы (ком­плект) 2 15 Ба­ла­лар мен ере­сек­тер­ге ар­нал­ған ауыз кер­гіш 1-ден 16 Сұй­ық­тық­ты ве­на ішіне құ­ю­ға ар­нал­ған си­сте­ма­лар (бір рет­тік) 10 17 По­ли­мер­лік ма­те­ри­ал­дар ман­жет­пен ин­ту­ба­ци­я­лық тү­тіктер (жиын­тық) 2 жиын­тық 18 Ба­ла­лар мен ере­сек­тер­ге ар­нал­ған тіл қыш­қаш 1-ден 19 Ней­ро­хи­рур­ги­я­лық құ­рал­дар­дың ба­за­лық жиын­тығы 1 20 Омыр­тқа­ның мой­ын бө­лі­гі за­қым­дал­ған на­у­қа­стар­ды та­сы­мал­да­уда ар­нал­ған жар­ты­лай қат­ты ба­с­тұт­қы (мөл­ше­рі S, M, L) 3
Басқа 3. Мониторингтің алгоритмі
Нейрохирургиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы ережеге № 3 қосымша Мониторингтің алгоритмі Мониторинг арқылы науқас ағзасының өмірлік маңызы бар функцияларын іс-шаралар және техникалық құрал-жабдықтар арқылы білуге болады. Мониторингтің 2 түрі бар: Базалық мониторинг – бұл негізгі мониторинг болып саналады, науқас ағзасының өмірлік маңызы бар функцияларын іс-шаралар және техникалық құрал-жабдықтар арқылы әртүрлі нейроанестезия және қарқынды терапия арқылы үнемі бақылауға алып білуге болады. Базалық мониторингке:
Тармақша 1
1) Наркоздық – дем беру аппараты арқылы ЕТCO2 (дем шығару соңында көмір қышқыл газының деңгейін анықтау) арқылы өкпені жасанды жолмен желдету мониторингі, тыныс алып-шығарудағы газ тектес анестетиканың концентрациясы, МАК (минимальды альвеолярлық концентрация), тыныс алып-шығарудағы оттегінің концентрациясы, ТАЖ (тыныс алу жиілігі), ТАК (тыныс алу көлемі), ӨМЖЖ (өкпені минуттық жасанды жолмен желдету), ең жоғарғы қысымда, капнограммалар, тыныс алып-шығарудың ара қатынасы, газ ағыны мен ауа-оттегі қоспасы, демді алу мерзімі, триггер, балалар мен ересектерге арналған РЕЕР (дем шығару соңында оң нәтижелі қысымды режим) және ересектер мен балаларға арналған ұзартылған тыныс алуконтурлары, изофлюран және севофлюран газдарына, адсорберлер үшін булағыштардың бар болуы;
Тармақша 2
2) артериялық қысым (бұдан әрі – АҚ) мониторингі, жүрек жиырылуының жиілігі, SpO2 (артериялық қанның оттегімен қанықтырылу деңгейі) ЕТCO2, дене температурасы, ЭКГ-мониторингі;
Тармақша 3
3) қанның газдары мен негізгі қышқылдылық жағдайын анықтау;
Тармақша 4
4) қанның электролиттік құрамын анықтау; Мамандандырылған мониторинг – бұл қосымша мониторинг, науқас ағзасының өмірлік маңызы бар функцияларын іс-шаралар және техникалық құрал-жабдықтар арқылы міндетті түрде әртүрлі өкпені жасанды жолмен желдету; жіті тыныс-алу-демдік жеткіліксіздік, жіті церебралдық жеткіліксіздік, жіті гемодинамикалық жеткіліксіздік. Мамандандырылған мониторингке:
Тармақша 1
1) бассүйекішілік қысым мониторингі, ауыр бассүйек ми жарақаты кезінде церебралдық перфузиялық қысым, ми ісігі;
Тармақша 2
2) ми діңіне, мидың кең көлемде ісігіне операция жасағанда инвазивтік АҚ мониторингі;
Тармақша 3
3) церебралдық оксиметрия (инвазивті емес);
Тармақша 4
4) церебралдық оттегілеу SvjO2 мониторлендіру (ішкі мойынтұрық көктамырының пиязшығынан ағатын қанды гемоглобинді оттегімен қанықтыру);
Тармақша 5
5) электроэнцефалография;
Тармақша 6
6) транскраниалдық доплерография;
Тармақша 7
7) несеп пен қанның осмолярлығын анықтау.