О реализации Закона Республики Казахстан "О государственной службе" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 8 шешімімен. "Қазақстандағы мемлекеттiк қызметтiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентi әкiмшiлiгiнiң қызметтiк хаты бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы туралы" облыс Әкімінiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 658а шешiмi және "Жергiлiктi және Республикалық бюджеттерден қаржыландырылатын басшы кадрларды тағайындау және босату туралы" Ереже туралы" облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы 19 мамырдағы № 1-358ө  өкiмi, "Қазақстандағы мемлекеттiк қызметтiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентi әкiмшiлiгiнiң қызметтiк хаты бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы туралы" облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы шешiмiн орындау туралы" 1999 жылғы 3 маусымдағы № 1-631ө өкiмi облыстың мемлекеттiк қызмет жүйесiн реформалаудың бастапқы кезеңiнде жергiлiктi атқарушы органдардың барлық деңгейдегi басшы кадрларды тағайындау, босату және келiсу жөнiндегi жұмысында оңды рөл атқарды. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi органды құруға және мемлекеттiк қызмет мәселелерi бойынша жаңа нормативтi-құқықтық актiлердiң қабылдануына байланысты және "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау тұрғысында ШЕШIМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. "Қазақстандағы мемлекеттiк қызметтiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң қызметтiк хаты бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы туралы" облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 658а шешiмi және "Жергiлiктi және республикалық бюджеттерден қаржыландырылатын басшы кадрларды тағайындау және босату туралы" Ереже туралы" облыс Әкiмiнiң 1998 жылғы 19 мамырдағы № 1-358ө  өкiмi , "Қазақстандағы мемлекеттiк қызметтiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентi әкiмшiлiгiнiң қызметтiк хаты бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасы туралы" облыс Әкiмiнiң 1999 жылғы 15 наурыздағы № 658а шешiмiн орындау туралы" 1999 жылғы 3 маусымдағы № 1-631ө өкiмi күшiн жойды деп саналсын.
Тармақ 2
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, қаржыландыру көздерiне қарамастан облыстық басқармалар, комитеттер, департаменттер басшылары кадрларды iрiктеу, орналастыру және ауыстыру жөнiндегi жұмысты "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қатаң сәйкес, тек конкурстық негiзде жүргiзсiн, бұл үшiн беделдi конкурстық комиссиялар, оның iшiнде ведомстволық құрылымдық бөлiмдерде конкурстық комиссиялар құрылсын, олардың құрамына тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк Әкiмiнiң өкiлдерi келiсiм бойынша енгiзiлсiн.
Тармақ 3
3. Облыс Әкiмiнiң аппаратында әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтiң, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын облыстық басқармалар, комитеттер, департаменттер басшыларының бос лауазымдарының орнын басуға конкурс өткiзу облыстық конкурстық комиссияға жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Облыс Әкiмi аппаратының басшысы (Ибраев Т.Т.) "Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтiң орнын басуға конкурс өткiзу  Ережесiнiң " 4-тармағының 23-тармақшасына сәйкес орталық мемлекеттiк органдардың конкурстық комиссияларының жұмысына аумақтық бөлiмдер басшыларын конкурстық iрiктеу бойынша облыс Әкiмi өкiлдерiнiң мiндеттi түрде қатысуын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. БЕКIТIЛСIН: Облыстық конкурстық комиссияның құрамы (№ 1 қосымша). Облыс Әкiмi тағайындайтын, босататын және облыс Әкiмiмен келiсiлетiн лауазымдардың тiзбесi (№ 2 қосымша). Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын басшы кадрларды бекiтiлген лауазымдар тiзбесiне сәйкес тағайындау, босату және келiсу тәртiбi (№ 3 қосымша).
Тармақ 6
6. Облыс қалалары мен аудандарының әкiмдерi жергiлiктi жерлерде осындай жұмысты ұйымдастырсын.
Тармақ 7
7. Облыс Әкiмi аппаратының ұйымдық-кадр жұмысы және бақылау бөлiмi кадрлармен жұмысты "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , басқада нормативтiк актiлерге, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi Агенттiгiнiң талаптары мен ұсыныстарына қатаң сәйкес жүргiзсiн. Мемлекеттiк қызметке қабылдау кезiнде арнайы тексерулер өткiзу үшiн материалдарды дер кезiнде беру, табыстары туралы декларацияны тапсырғаны және қажеттi нұсқамалармен танысқандығы туралы анықтаманы бергенi үшiн бақылау күшейтiлсiн. Жергiлiктi атқарушы органдардың конкурстық комиссияларының жұмыс деңгейi мен сапасы арттырылсын. Мемлекеттiк қызметшiлер санатына жатпайтын лауазымды адамдарды бекiтiлген лауазымдар тiзбесiне сәйкес тағайындау, босату және келiсу жөнiндегi жұмыс қамтамасыз етiлсiн.
Тармақ 8
8. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс Әкiмi аппаратының басшысы Т.Т. Ибраевқа жүктелсiн.
Басқа 9. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос орындарына конкурс өткізу үшін Шығыс Қазақстан облыстық комиссияның
Шығыс Қазақстан облыс Әкiмiнiң 2000 жылғы 14 маусымдағы № 867 шешiмiне № 1 қосымша 📌 Ескерту. № 1 қосымша жаңа редакцияда - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 25 ақпандағы № 66  шешімімен . Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің бос орындарына конкурс өткізу үшін Шығыс Қазақстан облыстық комиссияның ҚҰРАМЫ 1 Юрий Петрович Швайченко Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы 2 Евгений Иванович Шатов облыс әкімінің аппарат басшысы, комиссия төрағасының орынбасары 3 Нуржамал Молдакановна Баженова облыс әкімі аппаратының    ұйымдастыру-кадрлық жұмыс және бақылау бөлімінің бас маманы, комиссияның хатшысы Комиссия мүшелері: 4 Облыс әкімінің орынбасары Қарастыратын мәселелер бойынша 5 Бағлан Қапаевич Данияров Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат департаментінің директоры 6 Тоқтамыс Кадошевич Жұмағұлов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы (келісімі бойынша) 7 Бақытбек Құрманбекович Қизатов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің директоры  (келісімі бойынша) Облыс Әкімі аппаратының басшысы Т. Ибраев
Басқа 10
Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 2000 жылғы 14 маусымдағы № 867 шешiмiне № 2 қосымша
Тармақ i. I. Облыс Әкiмi санаттар бойынша тағайындайтын және босататын әкiмшiлiк және саяси мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының
I. Облыс Әкiмi санаттар бойынша тағайындайтын және босататын әкiмшiлiк және саяси мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдарының ТIЗБЕСI Саяси мемлекеттiк лауазымдар:
Тармақ 1
1. Облыс Әкiмiнiң орынбасарлары
Тармақ 2. Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар:
2. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар:
Тармақ 3
3. Облыс Әкiмi аппаратының басшысы
Тармақ 4
4. Облыс Әкiмi аппараты басшысының орынбасары
Тармақ 5. "Е" санатының тобы
5. Облыс Әкiмi аппаратының бөлiм меңгерушiлерi "Е" санатының тобы
Тармақ 6
6. Экономика басқармасының бастығы
Тармақ 7
7. Ауылшаруашылығы және өңдеушi өнеркәсiбi басқармасының бастығы
Тармақ 8
8. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасының бастығы
Тармақ 9
9. Денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Тармақ 10
10. Мәдениет, спорт және туризм басқармасының бастығы
Тармақ 11
11. Энергетика, индустрия, телекоммуникациялар және сыртқы экономикалық байланыстар басқармасының бастығы
Тармақ 12
12. Мұрағаттар басқармасының бастығы
Тармақ 13
13. Бiлiм департаментiнiң бастығы
Тармақ 14
14. Құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бастығы
Тармақ 15
15. Сауда және қызмет көрсету департаментiнiң бастығы
Тармақ 16
16. Көлiк департаментiнiң бастығы
Тармақ 17
17. Тiл жөнiндегi комитеттiң төрағасы
Тармақ 18
18. Шығыс Қазақстан облысы бойынша коммуналдық меншiк басқармасының бастығы
Тармақ 19
19. Қаржы басқармасының бастығы Ескерту: саяси мемлекеттiк қызметшiлерден басқа қалған аталған санаттар конкурстың нәтижелерi бойынша қызметке тағайындалады
Тармақ ii. II. Облыс Әкiмiмен келiсiм бойынша тағайындалатын және босатылатын саяси мемлекеттiк лауазымдардың
II. Облыс Әкiмiмен келiсiм бойынша тағайындалатын және босатылатын саяси мемлекеттiк лауазымдардың ТIЗБЕСI
Тармақ 1
1. Ауданға бағынышты қалалардың әкiмдерi
Тармақ 2
2. Селолық және кенттiк округтердiң әкiмдерi
Тармақ iii. III. Мемлекеттiк қызмет санатына жатпайтын, тағайындалуы және босатылуы облыс Әкiмiмен келiсiлетiн мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер басшыларының
III. Мемлекеттiк қызмет санатына жатпайтын, тағайындалуы және босатылуы облыс Әкiмiмен келiсiлетiн мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер басшыларының ТIЗБЕСI
Тармақ 1
1. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғаудың бас басқармасы
Тармақ 1.1
1.1. Облыстық медицина-әлеуметтiк сараптау комиссиясының төрағасы
Тармақ 1.2
1.2. "Облыстық ортопедиялық орталық" мемлекеттiк кәсiпорынның директоры
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтау басқармасы
Тармақ 2.1
2.1. Облыстық туберкулезге қарсы диспансердiң бас дәрiгерi
Тармақ 2.2
2.2. Облыстық психиатриялық диспансердiң бас дәрiгерi
Тармақ 2.3
2.3. СПИД орталығының бас дәрiгерi
Тармақ 2.4
2.4. Облыстық психоневрологиялық диспансердiң бас дәрiгерi
Тармақ 2.5
2.5. Сот-медицина сараптауының - РБ облыстық бюросының бастығы
Тармақ 2.6
2.6. Емдеу-сауықтыру кешенiнiң бас дәрiгерi
Тармақ 2.7
2.7. Арнайы медициналық жабдықтау базасының бастығы
Тармақ 2.8
2.8. Апаттар медицинасының аймақтық орталығының директоры
Тармақ 3
3. Мәдениет, спорт және туризм басқармасы
Тармақ 3.1
3.1. А.С.Пушкин атындағы кiтапхананың директоры
Тармақ 3.2
3.2. А. Гайдар атындағы кiтапхананың директоры
Тармақ 3.3
3.3. Көзi көрмейтiндер үшiн облыстық мамандандырылған кiтапхананың директоры
Тармақ 3.4
3.4. Жоғары спорт шеберлiгi мектебiнiң директоры
Тармақ 3.5
3.5. Олимпия резервiнiң балалар-жасөспiрiмдердiң облыстық мамандандырылған спорт мектебiнiң директоры (Өскемен қаласы)
Тармақ 3.6
3.6. Олимпия резервiнiң балалар-жасөспiрiмдердiң облыстық мамандандырылған спорт мектебiнiң директоры (Семей қаласы)
Тармақ 3.7
3.7. Облыстық ұлттық балалар-жасөспiрiмдер ат спорты мектебiнiң директоры
Тармақ 4
4. Мұрағаттар басқармасы
Тармақ 4.1
4.1. Облыстық мемлекеттiк мұрағат директоры
Тармақ 4.2
4.2. Облыстық мемлекеттiк мұрағаттың Аягөз филиалының директоры
Тармақ 4.3
4.3. Облыстық мемлекеттiк мұрағаттың Жарма филиалының директоры
Тармақ 4.4
4.4. Облыстық мемлекеттiк мұрағаттың Зайсан филиалының директоры
Тармақ 4.5
4.5. Облыстық мемлекеттiк мұрағаттың Лениногор филиалының директоры
Тармақ 4.6
4.6. Облыстық ең жаңа тарихын құжаттау орталығының директоры
Тармақ 5
5. Бiлiм департаментi
Тармақ 5.1
5.1. Жаңа технология орталығының директоры
Тармақ 5.2
5.2. Жамбыл атындағы Облыстық мектеп-гимназияның директоры
Тармақ 6
6. Құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы
Тармақ 6.1
6.1. Жобаларды мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптаудың Шығыс Қазақстан еншiлес кәсiпорнының бастығы
Тармақ 6.2
6.2. Мемархқұрылысинспекцияның Шығыс Қазақстан облыстық кәсiпорнының бастығы
Тармақ 6.3
6.3. Сәулет-қалақұрылысы iс-қимылдарын лицензиялаудың Шығыс Қазақстан мемлекеттiк орталығының бастығы
Тармақ 6.4
6.4. "Облжөндеужоба" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
Тармақ 6.5
6.5. Коммерциялық құрылыс салудың облыстық компаниясының директоры
Тармақ 7
7. Iшкi iстер басқармасы
Тармақ 7.1
7.1. Iшкi iстер басқармасының бастығы
Тармақ 7.2
7.2. Iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары
Тармақ 7.3
7.3. Әкiмшiлiк полициясы қызметiнiң бастығы
Тармақ 7.4
7.4. Көшi-қон полициясы басқармасының бастығы
Тармақ 7.5
7.5. Секретариат бастығы
Тармақ 7.6
7.6. Тылды қамтамасыз ету басқармасының бастығы
Тармақ 7.7
7.7. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер Министрлiгiнiң кәсiптiк даярлау училищесiнiң бастығы
Тармақ 7.8
7.8. Медицина қызметiнiң бастығы
Тармақ 7.9
7.9. Жол полициясы басқармасының бастығы
Тармақ 7.10. Коммуналдық меншiк кәсiпорындары
7.10. Қалалық және аудандық iшкi iстер бөлiмдерiнiң бастығы Коммуналдық меншiк кәсiпорындары Облыс Әкiмi тағайындайтын және босататын басшылар
Тармақ 1
1. Облыстық құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының "Облтұрғынүйкомшарқұрылыс" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорынның директоры
Тармақ 2
2. "Семей қаласында Ертiс өзенi арқылы өтетiн көпiр құрылысын жүзеге асыру жөнiндегi дирекция" мемлекеттiк коммуналдық қазыналы кәсiпорынның директоры
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң "Семей" былғары-мех комбинаты" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорынның директоры
Тармақ 4
4. Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң "Шығыс Қазақстан халықтары кiшi Ассамблеясының облыстық Достық үйi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорынның директоры
Тармақ 5
5. "Клиника" Шығыс Қазақстан шаруашылық есептегi орталық" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын" мемлекеттiк кәсiпорнының директоры
Тармақ 6
6. "Шығыс Қазақстан облыстық оперативтi құтқару отряды" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығы
Тармақ 7
7. "Киров автокөлiк кәсiпорны" мемлекеттiк кәсiпорнының директоры Тағайындалуы облыс Әкiмiмен келiсiлетiн басшылар
Тармақ 1
1. Облыстық мәдениет, спорт және туризм басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк филармония" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорынның директоры
Тармақ 2
2. Облыстық мәдениет, спорт және туризм басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық "Кинобейнепрокат" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорынның директоры
Тармақ 3
3. Облыстық мәдениет, спорт және туризм басқармасының "Облыстық тарихи-өлкетану мұрағаты" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорынның директоры
Тармақ 4
4. Облыстық мәдениет, спорт және туризм басқармасының "Облыстық этнографиялық мұрағаты" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 5
5. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Семей геологиялық барлау колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорынның директоры
Тармақ 6
6. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспiрiмдер спорт мектебi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорынның директоры
Тармақ 7
7. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Интеллект" бiлiм берудегi жаңа технологияның Семей ғылыми-әдiстемелiк орталығы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналы кәсiпорынның директоры
Тармақ 8
8. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Дарын" Шығыс Қазақстан аймақтық ғылыми-практикалық орталығы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 9
9. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Жасөспiрiмдер техниктерiнiң облыстық стансасы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 10
10. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Шығысжабдықбiлiм" Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынның директоры
Тармақ 11
11. Облыстық бiлiм департаментiнiң "М. Төлебаев атындағы Семей музыкалық колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорынның директоры
Тармақ 12
12. Облыстық бiлiм департаментi жанындағы "Бiлiмдегi жаңа технологиялардың Шығыс Қазақстан аймақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 13
13. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Шығыс Қазақстан облыстық бiлiм арттыру институты" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 14
14. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Семей электртехникалық колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 15
15. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Семей бизнес-колледж" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 16
16. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Семей политехникалық колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 17
17. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Лениногор аграрлық-техникалық колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 18
18. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Шығыс Қазақстан ауылшаруашылығы колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 19
19. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Семей геодезия және картография колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 20
20. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Семей сервис колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 21
21. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Шығыс Қазақстан өнер колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 22
22. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Семей көлiк колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 23
23. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Семей құрылыс колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 24
24. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Семей радиотехника және байланыс колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 25
25. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 26
26. Облыстық бiлiм департаментiнiң "М.О.Әуезов атындағы Семей педагогтiк колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 27
27. Облыстық бiлiм департаментiнiң Өскемен политехникалық колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 28
28. Облыстық бiлiм департаментiнiң "Өскемен медициналық колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 29
29. "Семей мемлекеттiк медициналық академиясының клиникалық оқу орталығы - Шығыс Қазақстан облыстық халықты сауықтыру орталығы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 30
30. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Аягөз орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 31
31. Облыстық денсаулық сақтау  басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық медициналық бiрлестiгi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 32
32. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Семей қаласындағы облыстық онкологиялық диспансерi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 33
33. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық наркологиялық диспансерi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 34
34. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Семей медициналық колледжi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 35
35. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Глубокое орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 36
36. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық онкологиялық диспансерi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 37
37. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық қан тапсыру орталығы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 38
38. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Семей консультациялық- диагностикалық орталығы емханасымен" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 39
39. Шығыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының коммуналдық мемлекеттiк қазыналы мамандырылған емдеу-профилактикалық кәсiпорны
Тармақ 40
40. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Салауатты өмiр салтын қалыптастыру проблемаларының облыстық орталығы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 41
41. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Балалардың облыстық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 42
42. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Шығыс Қазақстан облыстық тер-венерелогиялық диспансерi" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 43
43. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Теректi аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 44
44. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Күршiм орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 45
45. Шығыс Қазақстан облысының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғаудың бас басқармасының Зимовье психоневрологиялық үй-интернаты қосалқы шаруашылығы коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 46
46. Облыстық әдiлет басқармасының "Ритуал" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры
Тармақ 47
47. Облыстық сауда және қызмет көрсету департаментiнiң "Дәулет" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының директоры
Тармақ 48
48. Шығыс Қазақстан облысы iшкi iстер басқармасының "Шығысжолкөлiк" коммуналдық мемлекеттiк қазыналы кәсiпорнының директоры Облыс Әкiмi аппаратының басшысы Т. Ибраев
Басқа 137. Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын басшы кадрларды бекiтiлген лауазымдар тiзбесiне сәйкес тағайындау, босату және келiсу
Шығыс Қазақстан облысы Әкiмiнiң 2000 жылғы 14 маусымдағы № 867 шешiмiне № 3 қосымша Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын басшы кадрларды бекiтiлген лауазымдар тiзбесiне сәйкес тағайындау, босату және келiсу ТӘРТIБI Мақсаты: Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын басшы кадрларды бекiтiлген лауазымдар тiзбесiне сәйкес тағайындаудың, босатудың және келiсудiң бiртұтас, айқын тәртiбiн қамтамасыз ету. Негiзгi ереже: Д-1, Д-2, Д-3, Е-1 санаттағы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi тағайындау және босату. Д-1, Д-2, Д-3, Е-1 санаттағы әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердi облыс Әкiмi немесе оны ауыстыратын адам конкурстың нәтижелерi бойынша қызметке тағайындайды. Конкурсты облыстық конкурстық комиссия жариялайды және өткiзедi. Әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлердiң жоғарыда аталған санаттарын қызметтен босатуды облыс Әкiмi немесе оны ауыстыратын адам жүзеге асырады. Саяси мемлекеттiк қызметшiлер Облыс Әкiмiнiң орынбасарларын, қалалар мен аудандардың әкiмдерiн облыс Әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Ауданға бағынышты қалалардың әкiмдерiн, селолық және кенттiк округтер әкiмдерiн тиiстi қалалар мен аудандардың әкiмдерi облыс Әкiмiмен алдын ала келiсiм бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Коммуналдық меншiк кәсiпорындарының басшылары Коммуналдық меншiк кәсiпорындарының басшыларын (бекiтiлген тiзбеге сәйкес) облыс Әкiмi өкiлеттi орган басшысының ұсынысы бойынша негiзгi дәлелдемесiмен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Мемлекеттiк қызмет санатына жатпайтын мемлекеттік кәсiпорындар басшыларын (бекiтiлген тiзбеге сәйкес) тағайындауды және босатуды қалалар мен аудандардың тиiстi әкiмдерi, облыстық басқармалардың, комитеттердiң, департаменттердiң бiрiншi басшылары облыс Әкiмiмен келiсiм бойынша жүзеге асырады. Қызметтiк тағайындау, қызметтен босату, кандидатураға келiсу облыс Әкiмi аппаратының кадр қызметi арқылы - ұйымдық-кадр жұмысы және бақылау бөлiмi жүзеге асырады. Мемлекеттiк органдар басшыларының ұсынысы бойынша ұйымдық-кадр жұмысы және бақылау бөлiмi "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес кадрлар жөнiнде құжаттарды қалыптастырады (ұсыныс, кадрларды есептеу жөнiндегi жеке парақ, анкета, келiсу парағы және басқалары), олардың сапасын тексергеннен, өңдегеннен кейiн оларды арнайы тексеруден өту үшiн ёлттық қауiпсiздiк комитетiнiң департаментiне тапсыруды қамтамасыз етедi. Конкурстың және арнайы тексерудiң нәтижелерi бойынша облыс Әкiмiнiң тапсырмасымен нақты кандидатураны бос қызметке тағайындау туралы өкiм әзiрлейдi. Тиiстi мемлекеттiк органдар басшыларының ұсынысы бойынша ұйымдық-кадр жұмысы және бақылау бөлiмi кандидатураны қызметке тағайындау үшiн аппарат басшысымен, облыс Әкiмiнiң қамқорлық етушi орынбасарымен келiсудi жүргiзедi. Облыс Әкiмiнiң тапсырмасына сәйкес бос орынға тағайындауға ұсынылған кандидатураға келiсу нәтижелерi бойынша жазбаша жауап бередi. Облыс Әкiмi аппаратының басшысы Т. Ибраев