Об изменении административного подчинения населенных пунктов и границ аульных округов Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Елді мекендердің әкімшілік бағынысын және ауылдық округтердің шекарасын өзгерту туралы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес және «Жамбыл облысы Тараз қаласының және Байзақ, Жамбыл аудандарының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № 113 қаулысы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданының әкімшілік шекарасынан жалпы көлемі 5609,1 гектар жер бөлігін Тараз қаласының әкімшілік шекарасына қоса отырып Тараз қаласының әкімшілік шекарасы өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Жамбыл ауданы Құмшағал ауылдық округіне қарасты Құмшағал, Шөлдала, Көлтоған, Қызыл-Абад, Казарма ауылдары және Қарой ауылдық округіне қарасты Жиделі ауылы Тараз қаласы әкімдігінің әкімшілік бағынысына берілсін.
Тармақ 3
3. Осы нормативтік құқықтық акт Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.