О предельных (максимальных) размерах земельных участков, которые могут находиться в постоянном землепользовании или в собственности Күшін жойған
Басқа 0
Тұрақты жер пайдалануда немесе меншiкте бола алатын жер учаскелерiнiң шектi (барынша көп) мөлшерi туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімиятының 2001 жылғы 10 желтоқсанадағы № 35 қаулысымен.
"Азаматтарға және заңды тұлғаларға жер учаскелерiн беру нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 сәуiрдегi № 401 Қаулысының негiзiнде ШЕШIМ ҚАБЫЛДАЙМЫН:
Тармақ 1
1. Шаруа (фермерлiк) қожалығын жүргiзу үшiн тұрақты жер пайдалануда немесе меншiкте бола алатын жер учаскелерiнiң шектi (барынша көп) мөлшерлi мынадай көлемде белгiленсiн:
Тармақша 1
1) арнаулы жер қорынан елу аудандық жер үлесiне тең мөлшерiнде;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы ұйымдарының (кәсiпорындарының) жерлерiнен жүз жиырма шартты жер үлесiне тең;
Тармақ 2
2. Отбасылардың меншiгiнде бола алатын жер учаскелерiнiң шектi (барынша көп) мөлшерлi мынадай көлемде белгiленсiн:
Тармақша 1
1) ауылдық жерлерде жеке қосалқы шаруашылығын (iргедегi және алқаптық үлестi қосқанда) жүргiзу үшiн - 1,0 гектар суарылмайтын және 0,5 гектар суармалы жерлерден;
Тармақша 2
2) тұрғын үй құрылысын салу және оған қызмет көрсету, бау-бақша және саяжай құрылысы үшiн - 0,5 гектар.