Об амнистии в связи с двадцатилетием государственной независимости Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығына байланысты, iзгiлiк қағидаты басшылыққа алына отырып қабылданды.
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 1) тармақшасында аталған адамдар – қылмыс жасаған кезiнде он сегiз жасқа толмаған адамдар;
Тармақша 2
2) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 2) тармақшасында аталған адамдар: осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге жүктi әйелдер; осы Заң қолданысқа енгiзілетін күнге ата-ана құқықтарынан айырылмаған және он сегiз жасқа толмаған балалары, оның iшiнде асырап алған не қорғаншылыққа және (немесе) қамқоршылыққа алған балалары бар не қамалғанға және сотталғанға дейін асырауында жастарына қарамастан І және ІІ топтардағы мүгедек балалары болған әйелдер; осы Заң қолданысқа енгiзілетін кезге кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын және ата-ана құқықтарынан айырылмаған ер адамдар;
Тармақша 3
3) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 3) тармақшасында аталған адамдар – осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен I, II және III топтағы мүгедектер деп танылған адамдар;
Тармақша 4
4) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 4) тармақшасында аталған адамдар – осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн елуге толған және одан жоғары жастағы әйелдер, алпыс үшке толған және одан жоғары жастағы ер адамдар;
Тармақша 5
5) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 5) тармақшасында аталған адамдар – Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
Тармақша 6
6) осы Заңның 2-бабы 1-тармағы 6) тармақшасында аталған адамдар – Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, оның ішінде бұрынғы КСР Одағының, әскери немесе интернационалдық борышын атқару кезінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен әскери қызметшілерінің басқа тіркелген некеге тұрмаған жесірлері, сондай-ақ соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген адамдардың әйелдері.
Бап 2. 2-бап. Жазадан босатылатын адамдар
2-бап. Жазадан босатылатын адамдар
Тармақ 1
1. Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшiн сотталған адамдар:
Тармақша 1
1) кәмелетке толмағандар;
Тармақша 2
2) жүкті әйелдер, кәмелетке толмаған немесе І және ІІ топтардағы мүгедек балалары бар әйелдер, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалардың жалғыз ата-анасы болып табылатын ер адамдар;
Тармақша 3
3) I, II және III топтағы мүгедектер;
Тармақша 4
4) елуге толған және одан жоғары жастағы әйелдер, алпыс үшке толған және одан жоғары жастағы ер адамдар;
Тармақша 5
5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
Тармақша 6
6) әскери және интернационалдық борышын атқару кезiнде қаза тапқан әскери қызметшiлердiң жесiрлерi, сондай-ақ күйеулерi соғыс мүгедектерi және оларға теңестiрiлген адамдар болып табылатын әйелдер жазадан босатылады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының қолданылу аясына жатпайтын, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшiн сотталған адамдар, егер олар тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде төрттен бiр бөлігiн өтеген болса, бас бостандығынан айыру түрiндегi жазадан босатылады.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарының қолданылу аясына жатпайтын адамдар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 63-бабы қолданыла отырып, сот үкiмi бойынша бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза тағайындалып, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшiн сотталған адамдар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 70 және 73-баптарының негiзiнде сот тағайындаған жазасын өтеуден босатылған адамдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 71-бабы қолданыла отырып, сот тағайындаған жазасы неғұрлым жеңiл жаза түрiне ауыстырылған адамдар;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 72-бабына сәйкес сот үкiмiнiң орындалуы кейiнге қалдырылған, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған жүктi әйелдер және жас балалары бар әйелдер, жас балаларды жалғыз өзi тәрбиелейтiн ер адамдар;
Тармақша 3
3) онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза түрлеріне сотталған адамдар, егер бұл жаза негiзгi жаза түрiнде қолданылған болса, жазадан босатылады.
Бап 3. 3-бап. Жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін қысқарту
3-бап. Жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін қысқарту Онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған, осы Заңның 2-бабының негiзiнде жазадан босатуға жатпайтын адамдардың жазасының өтелмеген бөлiгiнiң жартысы қысқартылады.
Бап 4. 4-бап. Қылмыстық істерді қозғаудан бас тарту және оларды тоқтату
4-бап. Қылмыстық істерді қозғаудан бас тарту және оларды тоқтату Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жасалған, олар үшін бес жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы немесе бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза көзделген онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар туралы қылмыстық iстер және соттар қарамаған істер Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен іс қозғаудан бас тартылуға және іс жүргізілуі тоқтатылуға жатады. Осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн бөлiмдi немесе қызмет орнын өз бетiмен тастап кеткен әскери қызметшiлер, егер олар осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін алты айдан кешікпей әскери басқару, әскери полиция органдарына немесе құқық қорғау органдарына кінәсін мойындап келсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Бап 5. 5-бап. Рақымшылық жасауды қолдану шарттары
5-бап. Рақымшылық жасауды қолдану шарттары
Тармақ 1
1. Осы Заңның 2-бабының 1-тармағында аталған адамдарға қатысты рақымшылық жасауды қолдану үшін олардың мәртебесін растайтын құжаттардың болуы міндетті.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 2-бабының 2-тармағында және 3-бабында көзделген жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн өтеу осы Заң қолданысқа енгiзiлетін күнге есептеледi.
Тармақ 3
3. Қылмыстардың жиынтығы болған кезде, егер олардың бiреуі ауыр немесе аса ауыр қылмыс болып табылса, рақымшылық жасау қолданылмайды.
Тармақ 4
4. Рақымшылық жасау аясына жатқызылған адамдар негiзгi жазадан босатылады.
Тармақ 5
5. Осы Заңды қолдану кезiнде соттылықты алып тастау Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 77-бабында белгiленген жалпы негiздерде жүргiзiледi.
Тармақ 6
6. Егер өзiне қатысты рақымшылық жасау қолданылуы мүмкiн адам бұған қарсы болған жағдайда, рақымшылық жасау қолданылмайды.
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасының соттары соттаған, бiрақ жазасын оның шегiнен тыс жерлерде өтеп жүрген адамдарға рақымшылық жасауды қолдану
6-бап. Қазақстан Республикасының соттары соттаған, бiрақ жазасын оның шегiнен тыс жерлерде өтеп жүрген адамдарға рақымшылық жасауды қолдану Қазақстан Республикасының соттары соттаған, бiрақ жазасын оның шегiнен тыс жерлерде өтеп жүрген адамдарға рақымшылық жасауды қолдану туралы мәселенi Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың негiзiнде, аумағында сот үкiмiн орындау жүзеге асырылып жатқан мемлекеттiң құзыреттi органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының соттары шешедi. Қазақстан Республикасы тиiстi халықаралық шарттар жасаспаған шет мемлекеттерден бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны одан әрi өтеу үшiн Қазақстан Республикасына берiлген адамдарға рақымшылық жасау мұндай адамдарды берген мемлекеттердiң құзыреттi органдарының келiсiмiмен ғана қолданылады.
Бап 7. 7-бап. Осы Заңды қолдану тәртібі
7-бап. Осы Заңды қолдану тәртібі
Тармақ 1
1. Осы Заңның 2 және 3-баптарын қолдану сотталған адамдар жазаларын өтеп жатқан жердегі соттарға жүктеледі.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 4-бабын қолдану қылмыстық процесті жүргiзуші органдарға жүктеледі.
Тармақ 3
3. Осы Заңды қолдану прокурор санкция берген қылмыстық процесті жүргізуші органның (лауазымды адамның) қаулысы негізінде, сондай-ақ сот қаулысы негізінде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Жазаны орындаушы мекемелер мен органдар осы Заңның уақтылы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында соттарға мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) жазаны одан әрі өтеуден босату туралы не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту туралы ұсынымды;
Тармақша 2
2) сот үкімінен үзінді көшірмені (оған енгізілген өзгерістерімен қоса, егер сондай өзгерістер орын алған болса);
Тармақша 3
3) осы Заң қолданысқа енгізілетін кезге жазаның өтелген және қалған мерзімі туралы мәліметтерді;
Тармақша 4
4) сотталған адамның жеке немесе бақылау ісін;
Тармақша 5
5) осы Заңның 2-бабының 1-тармағында аталған адамдардың мәртебесін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.
Тармақ 5
5. Соттар осы Заңды қолданған кезде прокурордың қатысуы міндетті.
Бап 8. 8-бап. Осы Заңның орындалу мерзімі
8-бап. Осы Заңның орындалу мерзімі 7-баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген органдар осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде оның орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Бап 9. 9-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
9-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Бап 10. 10-бап. Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар
10-бап. Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының Үкiметі және облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылған және зайыбы (жұбайы) немесе жақын туыстары жоқ I және II топтағы мүгедектер мен жасының егде тартуына байланысты өзiн-өзi күте алмайтын адамдарды стационарлық үлгiдегi медициналық-әлеуметтiк мекемелерге (ұйымдарға) орналастыру;
Тармақша 2
2) босатылған кәмелетке толмағандарды ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не мамандандырылған мемлекеттік органның қадағалауына беру;
Тармақша 3
3) сот үкiмiмен тағайындалған, осы Заң қолданысқа енгiзiлетін кезде үкiмді орындау барысында аяқталмай қалған ем қабылдаудың жалғастырылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) рақымшылық жасау бойынша жазадан босатылғандарды белгiлi бiр тұрғылықты жері жоқ адамдарға арналған әлеуметтiк бейiмдеу орталықтарына орналастыру жөнiнде шаралар қолдансын.