Об утверждении Правил выплаты субсидий на удешевление стоимости затрат на транспортные расходы при экспорте зерна Қолданыста
Басқа 0
Астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы
«2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 3. Астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1544 қаулысымен
бекітілген
Астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар төлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Агроөнекәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 8-4) тармақшасына, «2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 29 қарашадағы Заңына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Қағидалар 2011 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде астық экспорттау кезіндегі көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға субсидиялар (бұдан әрі - бюджеттік субсидиялар) төлеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Бюджеттік субсидиялар төлеуді жүзеге асыратын бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі - бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Тармақ 4
4. Бірыңғай оператор - ұлттық темір жол компаниясы айқындаған, астықты экспортқа тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі экспорттаушыларға қызмет көрсететін заңды тұлға.
Тармақ 5
5. Экспорттаушы - Қазақстан Республикасының аумағынан астықты экспортқа сатуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
Тармақ 6
6. Бюджеттік субсидиялар бірыңғай операторға астықты экспортқа тасымалдау жөнінде нақты көрсетілген көліктік қызметтер үшін төленеді.
Тармақ 7
7. Бюджеттік субсидияларды төлеу Бюджеттік бағдарламаның әкімшісімен 2011 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қытай Халық Республикасына немесе оның аумағы арқылы транзитпен, сол сияқты Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен үшінші сыныпты азық-түліктік бидайды тасымалдау кезіндегі бір тоннаға 6000 теңге көлеміндегі экспорттаушылардың жұмсаған шығынын растайтын құжаттардың негізінде іске асырылады.
Тармақ 8
8. Экспорттаушылар бюджеттік субсидиялардың соңғы алушылары болып табылады.
Тармақ 2. 2. Астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға бағытталған бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі
2. Астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын арзандатуға бағытталған бюджеттік субсидияларды төлеу тәртібі
Тармақ 9
9. Бірыңғай оператор экспорттаушыларға көліктік экспедиция шартының негізінде көліктік экспедиция қызметтерін көрсету арқылы астықты экспортқа тасымалдауды ұйымдастырады.
Тармақ 10
10. Астықты тиеп жөнелткеннен кейін экспорттаушы Бірыңғай операторға мәміле паспортының көшірмесін және кедендік жүк декларациясы мен жіберуші үшін жүкқұжат телнұсқасының (Халықаралық темір жол жүк қатынасы туралы келісім (ХТЖҚК) жүкқұжатының үшінші парағы) көшірмелерін береді.
Астықты шекаралық өту станциясына және/немесе межелі станцияға (айлаққа) дейін тасымалдағаннан кейін экспорттаушы Бірыңғай операторға экспорттаушының қолымен және мөрімен куәландырылған шекаралық өту станциясының және/немесе межелі станцияның (айлақтың) күнтізбелік мөртабаны бар темір жол жүкқұжаттарының көшірмесін береді.
Тармақ 11
11. Бірыңғай оператор осы Қағидалардың 10-тармағының бірінші абзацына сәйкес экспорттаушылардың құжаттарды беру фактісі бойынша осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша астықты экспортқа тасымалдау жөнінде көрсетілген қызметтердің актілерін (бұдан әрі - Актілер) жасайды.
Тармақ 12
12. Бірыңғай оператор Актілердің негізінде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша темір жол көлігімен астықты экспортқа тасымалдау жөнінде көрсетілген қызметтердің тізілімін қалыптастырады және Актілерді қосып, оны бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне береді.
Тармақ 13
13. Бірыңғай оператор бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне шот-фактураны ұсынады және осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша қаражатын аударуға өтінім береді.
Тармақ 14
14. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Бірыңғай оператор осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарында көрсетілген дұрыс ресімделген құжаттарды тапсырғаннан кейін он жұмыс күнінің ішінде:
Тармақша 1
1) Бірыңғай оператор тапсырған құжаттарды тексереді және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге қорытындыны қалыптастырады;
Тармақша 2
2) Қазынашылықтың аумақтық бөлімшелеріне төлем шоттарының тізбесін және екі данада төлем шоттарын жолдайды.
Тармақ 15
15. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Бірыңғай оператордың шотына бюджеттік субсидияларды аударады.
Бірыңғай оператор осы Қағидалардың 10-тармағының екінші абзацында көрсетілген құжаттарды экспорттаушы тапсырғаннан кейін экспорттаушыға астықты экспортқа тасымалдау кезіндегі шығын құнының бір бөлігін өтеуді жүргізеді және Бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Бірыңғай оператордың басшысы және экспорттаушы қол қойған астықты экспортқа тасымалдау кезіндегі шығын құнының бір бөлігінің өтелгенін экспорттаушының растау актісін тапсырады.
Тармақ 16
16. Бірыңғай оператор бюджеттік субсидияларды алу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне берілген құжаттардың дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Басқа 24. астықты экспортқа тасымалдау бойынша 20__ ж. «__» ________ көрсетілген қызметтердің № ______ актісі
Астықты экспорттау кезінде көліктік
шығыстарға арналған шығындардың
құнын арзандатуға субсидиялар төлеу
қағидаларына 1-қосымша
_____________________________________________________
экспорттың бағыты
астықты экспортқа тасымалдау бойынша 20__ ж. «__» ________ көрсетілген қызметтердің № ______ актісі
Р/с №
Жөнелту №
Вагон №
Жөнелту станциясы
Кіретін станциясы
Шығатын станциясы
Жеткізу (шекарадан өту) станциясы (айлақ)
Жөнелту датасы (тасымалдау құжаттарындағы бекет мөртабаны)
Тасымалдау көлемі, тонна
Өтеу құны, теңге
1
2
3
4
5
6
7
жиыны
Экспорттаушының атауы Бірыңғай оператордың атауы
_____________________ ____________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.) (басшының қолы, Т.А.Ә.)
Басқа 25. темір жол көлігімен астықты экспортқа тасымалдау бойынша көрсетілген қызметтердің тізілімі
Астықты экспорттау кезінде көліктік
шығыстарға арналған шығындардың
құнын арзандатуға субсидиялар төлеу
қағидаларына 2-қосымша
_____________________________________________________
экспорттың бағыты
темір жол көлігімен астықты экспортқа тасымалдау бойынша көрсетілген қызметтердің тізілімі
Р/с
№
Экспорттаушының атауы
Тиеп жөнелту кезеңі (айлар бойынша)
Тасымалдау көлемі, тонна
1 тоннаға өтеу құны, теңге
Жалпы өтеу құны, теңге
1
2
3
4
5
6
7
8
Бірыңғай оператордың атауы ________________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.)
Басқа 26. астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын өтеуге өтінім
Астықты экспорттау кезінде көліктік
шығыстарға арналған шығындардың
құнын арзандатуға субсидиялар төлеу
қағидаларына 3-қосымша
_____________________________________________________
экспорттың бағыты
астықты экспорттау кезінде көліктік шығыстарға арналған шығындардың құнын өтеуге өтінім
20__ жылғы «__» _____
Осымен Бірыңғай оператор Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен республикалық бюджеттен ___ «______________» республикалық бюджеттік бағдарламасы бойынша _______ (____________________) теңге сомасындағы қаражатты субсидия алушының
цифрмен және жазумен
____________________ № ___ есеп шотына аударуды сұрайды.
банктің атауы
___________________________ ___________________________________
Бірыңғай оператордың атауы (бірінші басшының қолы және Т.А.Ә.)
м.о.
Өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі:
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
нөмірі көрсетілген банк шотының бар болуы туралы банктің анықтамасы;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі (СТН).
Басқа 27. «Бекітемін»
Астықты экспорттау кезінде көліктік
шығыстарға арналған шығындардың
құнын арзандатуға субсидиялар төлеу
қағидаларына 4-қосымша
«Бекітемін»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
жауапты хатшысы
____________________________
20___жылғы «____» ___________
Нысан
Қазақстан Республикасының экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының 20 __ жылғы «__» _________ № _____ хаттамасына сәйкес ____ «_____» бюджеттік бағдарламасы бойынша ________________ темір жол экспорттың бағыты көлігімен астықты экспортқа тасымалдау кезіндегі шығындардың құнын арзандатуға бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қорытынды
Экспорттаушының атауы
Бірыңғай оператормен жасалған көліктік экспедиция шартының нөмірі мен күні
__________ кезеңде
________________ экспорттың бағыты
тасымалданған барлық астық, тонна, кезеңі
1 тоннаға өтеу сомасы, теңге
______ бюджеттен аударуға жататын өтеу сомасы, теңге, кезеңі
1
2
3
4
5
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
құрылымдық бөлімшесінің басшысы __________________
Басқа 28. астықты экспортқа тасымалдау кезіндегі шығындар құнының бір бөлігін өтеуді ______________________ 20__ ж. «___» ___ экспорттаушының атауы № _______ растау актісі
Астықты экспорттау кезінде көліктік
шығыстарға арналған шығындардың
құнын арзандатуға субсидиялар төлеу
қағидаларына 5-қосымша
_____________________________________________________
экспорттың бағыты
астықты экспортқа тасымалдау кезіндегі шығындар құнының бір бөлігін өтеуді ______________________ 20__ ж. «___» ___ экспорттаушының атауы № _______ растау актісі
Р/с
№
Жөнелту №
Вагон №
Жөнелту станциясы
Кіретін станциясы
Шығатын станциясы
Жеткізу (шекарадан өту) станциясы (айлақ)
Жөнелту датасы (тасымалдау құжаттарындағы станцияның мөртабаны)
Тасымалдау көлемі, тонна
Бір тоннаға өтеу сомасы, теңге
Жалпы өтеу сомасы, теңге
1
2
3
4
5
6
7
жиыны
Экспорттаушының атауы Бірыңғай оператордың атауы
_____________________ _______________________
(басшының қолы, Т.А.Ә.) (басшының қолы, Т.А.Ә.)