Об утверждении Правил выпуска, размещения, обращения, погашения и обслуживания облигаций местного исполнительного органа Атырауской области Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысы жергілікті атқарушы органының облигацияларын шығарудың, орналастырудың, айналысының, өтеудің және қызмет көрсетудің уақытша тәртібін бекіту туралы "Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Атырау облысы жергілікті атқарушы органының облигацияларын шығарудың, орналастырудың, айналысының, өтеудің және қызмет көрсетудің уақытша тәртібі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Атырау облысы жергілікті атқарушы органының облигацияларын шығарудың, орналастырудың, айналысының, өтеудің және қызмет көрсетудің Тәртібі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 26 маусымдағы N 940 қаулысымен бекітілген Атырау облысы жергілікті атқарушы органының облигацияларын шығарудың, орналастырудың, айналысының, өтеудің және қызмет көрсетудің Тәртібі
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы тәртiп Қазақстан Республикасы аумағында Атырау облысы жергiлiктi атқарушы органының облигацияларын (бұдан әрi - Облигациялар) шығарудың, орналастырудың, айналысының, өтеудің және қызмет көрсетудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Облигациялар мемлекеттiк эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру мақсатында Атырау облысының жергілiктi атқарушы органы (бұдан әрi - Эмитент) шығарады.
Тармақ 3
3. Облигациялар құжатсыз нысанда шығарылады, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" жабық акционерлiк қоғамында (бұдан әрi - Депозитарий), оларды ұстаушылардың "депо" шоттарына және олардың инвесторлары бойынша бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушыларында ашылған "депо" шоттарына тиістi жазбалар жүргiзу жолымен орналастырылады.
Тармақ 4
4. Облигациялардың бастапқы құны - 100 АҚШ доллары. Барлық есеп айырысулар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есеп айырысуды жүзеге асыру күнiнен алдыңғы күнгi бағамы бойынша теңгемен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Облигациялардың айналыс мерзiмi - бiр жыл. Облигациялар бойынша сыйақыны (мүдденi) төлеуді облигациялар айналысының жүз сексен екiншi - жүз сексен үшiншi және үш жүз алпыс бесіншi күндерiнде Эмитент жүргізедi. Соңғы сыйақыны (мүдденi) төлеу күнi облигацияларды өтеу күнiмен дөп келедi.
Тарау 2. 2. Шығару және орналастыру
2. Шығару және орналастыру
Тармақ 6
6. Облигациялардың әрбiр шығарылымының Эмитент бекiткен шығару параметрлерiне орай, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясы беретiн ұлттық бiрдейлендiрiлген нөмiрi болады.
Тармақ 7
7. Облигацияларды бастапқы орналастыруды Эмитент өткiзетiн, конкурстың нәтижелерi бойынша сайлануы жүзеге асырылатын, Андеррайтер iске асырады. Эмитент пен Андеррайтердiң арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Тәртiппен және Эмитент пен Андеррайтердiң арасында жасалатын андеррайтингтiк қызмет көрсетуге арналған шартпен реттеледi.
Тармақ 8
8. Облигацияларды бастапқы орналастыруды сыйақы (мүдде) ставкасының өсуiмен бастапқы құны бойынша Қазақстан қор биржасының сауда жүйесi арқылы аукцион өткiзу жолымен, инвесторлардың - жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидент еместердiң арасында Андеррайтер жүргiзедi. Облигацияларды сатып алуға арналған өтiнiштердi қанағаттандыруды сыйақы (мүдде) ставкасының өсуi бойынша реттелген өтiнiштер ведомосының негізiнде, ставкалар мен көлемнiң Эмитент үшiн қолданымды мәнi бойынша Эмитент жасайды.
Тармақ 9
9. Аукционды өткiзудiң тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қазақстан қор биржасының биржалық сауда ережелерiмен реттеледi.
Тармақ 10
10. Облигацияларды биржаның сауда жүйесi арқылы бастапқы орналастыру кезiндегі ақшалай есеп айырысуының тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан қор биржасының биржалық сауда ережелерiмен айқындалады.
Тармақ 11
11. Облигациялар эмиссиясының көлемiн Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тиiстi қаулысымен бекiтiлген, қарызға алу лимитiнiң шегiнде Эмитент белгiлейдi. Облигациялар бойынша сыйақының (мүдденiң ставкасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiледi.
Тарау 3. 3. Облигациялардың айналысы
3. Облигациялардың айналысы
Тармақ 12
12. Шығарылымдағы барлық облигациялардың айналысы аукционға қатысушылар Қазақстан қор биржасының аукционның қорытындысы бойынша инвесторлар сатып алған облигациялар үшiн ақшаның Эмитенттiң шотына түскендiгi туралы растауын алған күннен кейiнгi күннен басталады және сыйақыны (мүдденi) төлеу күнiне және/немесе облигацияларды өтеу күнiне дейiн бес жұмыс күнi қалғанда тоқтатылады.
Тармақ 13
13. Бағалы қағаздардың екiншi рыногында облигациялармен жасалатын барлық операциялар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Облигацияларға меншiк құқықтарын есепке алу мен ауыстыруды облигацияларды ұстаушылардың жазбаша тапсырмаларының негізінде сатушы мен сатып алушының "депо" шоттарына тиістi жазбалар енгiзу жолымен Депозитарий жүзеге асырады.
Тарау 4. 4. Облигацияларды өтеу
4. Облигацияларды өтеу
Тармақ 15
15. Сыйақыны (мүддені) есептеу Қазақстан қор биржасы инвесторлар бастапқы орналастыру кезiнде сатып алған облигациялар үшiн Эмитенттiң шотына ақша аударған күннен кейінгі күннен басталады және шығару шарттарына сәйкес айқындалатын сыйақының (мүдденiң) ставкасы бойынша, өтеу күнiн қоса есептегенде, айналыс кезең бойы жүргізiледі.
Тармақ 16
16. Эмитент облигацияларды өтеудi бастапқы құны бойынша облигациялар айналысының үш жүз алпыс бесiншi күнтізбелiк күнiнде жүргiзедi. Егер облигацияларды өтеу немесе сыйақыны (мүдденi) төлеу демалыс күніне түссе, ол келесi жұмыс күнi жүргізедi.
Тармақ 17
17. Депозитарий сыйақыны (мүддені) төлеу күнінен және/немесе облигацияларды өтеу күніне дейінгі үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей Эмитентке Депозитарий деректерінің негізінде қалыптастырылатын және олар бойынша сыйақыны (мүдденi) төлеу және бағалы қағаздар рыногына әрбiр кәсiби қатысушы бойынша өтеу жүргізiлуi тиiс облигациялардың саны туралы мәлiметтердi қамтитын жиынтық ведомосты жалдайды.
Тармақ 18
18. Облигациялардың бастапқы құнын өтеудi және сыйақыны (мүдденi) төлеудi жиынтық ведомосқа сәйкес, бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушылардың есеп/жеке шоттарына ақша аудару жолымен, Атырау облысы жергілiктi бюджетiнiң қаражаты есебiнен Эмитент жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Облигациялардың бастапқы құнын өтеуді және сыйақыны (мүдденi) төлеудi Эмитент немесе оның уәкiлеттiк берiлген өкiлi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң өтеу күнiнiң алдындағы күнгi ресми бағамы бойынша теңгемен жүргізедi.
Тармақ 20
20. Облигацияларды өтегеннен кейiн Эмитент 5 күннiң iшiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне облигациялардың өтелгенi туралы Депозитарийдiң мәлiметтерiнiң көшiрмесiн және жүргiзiлген өтеулердi растайтын құжаттардың көшiрмелерiн ұсынады.
Тармақ 21
21. Эмитент Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң бұрын өтеу күнiнен алдыңғы күнгi ресми бағамы бойынша сыйақы (мүдде) есептеудiң кезектi кезеңiнде олардың нақты айналыста болған уақыты үшiн сыйақыны (мүдденi) төлеу арқылы облигацияларды мерзiмiнен бұрын өтеуге құқықты.
Тармақ 22
22. Эмитенттiң мерзiмiнен бұрын өтеу туралы шешiмi мұндай өтеу күнiне дейін 10 жұмыс күнi бұрын, өз кезегiнде 5 жұмыс күнiнен кешiктiрмей ол туралы бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушыларына хабарлайтын, Депозитарийге жеткiзiледi.
Тармақ 23
23. Облигациялармен операциялар бойынша салық салудың тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.