Об изменении границы Сарыкемерского аульного округа Байзакского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.09.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округінің шекарасын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабының 2) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Сарыкемер ауылдық округінің әкімшілік шекарасына «Үшбұлақ» өндірістік кооперативінің аумағында орналасқан мемлекеттік жер қорынан жалпы көлемі 84,79 гектар жер қосылып Байзақ ауданының Сарыкемер ауылдық округінің шекарасы өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы нормативтік құқықтық акт Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.