Об утверждении Единой методики ввода данных объектов учета в реестр государственного имущества, а также проведения инвентаризации, паспортизации и переоценки государственного имущества Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесін бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 200-бабының 6-тармағын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру үшін БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Республикалық мемлекеттік мүлікті басқару және оңалту мен банкроттық әдіснамасы департаменті (Б.Х. Тәшенов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2013 жылғы 10 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 636 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесі
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) Мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) қосу үшін есепке алу объектiлерi деректерiн және мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзу мерзімдерін енгiзу тәртібін анықтайтын «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 200-бабының 6-тармағын және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Әдістеме пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлік – жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлiк, яғни мақсатына шамадан тыс зиян келтiрiлмей көшiрiлуi мүмкiн болмайтын объектiлер;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – Бірыңғай оператор) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен айқындалған, өзiне мемлекеттiк мүлiктi ұйымдастыру мен есепке алу саласында бiрыңғай техникалық саясатты iске асыру бойынша мiндеттер жүктелген заңды тұлға;
Тармақша 3
3) мүлік – сатуға арналған өзіне негізгі құралдарды, инвестициялық жылжымайтын мүлікті, биологиялық активтерді, материалдық емес активтерді, аяқталмаған құрылысты және ұзақ мерзімді активтерді қамтитын ұзақ мерзімді активтер;
Тармақша 4
4) паспорттау – жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеруді өткізу және оған техникалық паспорт жасау;
Тармақша 5
5) сәйкестендіргіш – электрондық есептің бірегей нөмірі.
Тармақ 3
3. Жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Тізілімге қосу үшін: мемлекеттік заңды тұлғалар есепті жыл қорытындылары бойынша мемлекеттік құпияларға жатқызылған мүлік туралы ақпаратты немесе «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қоспағанда, олардың теңгерімінде бекітілген мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпаратты ұсынады; мемлекеттік мекемелер «Қаржылық есептілік нысандарын, кезеңділігін және оларды жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 15 мамырдағы № 230 бұйрығымен бекітілген (бұдан әрі - № 230 бұйрық) нысандар бойынша жылдық қаржылық есептілікті ұсынады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекемелердің мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жөнінде ақпараты және жылдық қаржылық есептілігі электрондық форматта (бұдан әрі – электрондық есеп) ұсынылады. Электрондық есеп Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте тапсыруға қалыптастырылады;
Тармақ 5
5. Мемлекеттік заңды тұлғалар Тізілімге электрондық есепті мынадай тәртіпте ұсынады:
Тармақша 1
1) электрондық есеп Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте жасалады. Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте жұмыс істеу нәтижесінде оған ұлттық куәландыру орталығы берген мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасы қойылатын осы Әдістеменің 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мүлікке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргізу нәтижелері жөніндегі ақпараты және № 230 бұйрықтың 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржылық есептілігі бар файлдар қалыптастырылады;
Тармақша 2
2) сәйкестендіргіші бар электрондық есепті түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды өткізу туралы мемлекеттік заңды тұлғаның сканирленген шешімін бекітіп, Тізілімнің веб-порталындағы жеке кабинетте бар функционалды пайдалана отырып, Тізілімнің құрылымына есепті жөнелту және енгізу үшін жібереді.
Тармақ 6
6. Бірыңғай оператор электрондық есеп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық сандық қолтаңбасында көрсетілген электрондық мекенжайға Тізілімге электрондық есепті қосу немесе оны қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарламаны жібереді.
Тармақ 7
7. Бірыңғай оператордың электрондық сандық қолтаңбасы қойылған электрондық хабарламасы басып шығаруға, бірінші басшы мен бас бухгалтердің қол қоюына және ұйымда сақталуына жатады.
Тармақ 8
8. Осы Әдістеменің 4, 5-тармақтарында көрсетілген мемлекеттік заңды тұлғаның талаптарын сақтамау Бірыңғай оператордың электрондық есепті қабылдаудан бас тарту негізі болып табылады.
Тармақ 9
9. Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік техникалық тексеру саласында мемлекеттік саясат пен қызметті мемлекеттік реттеуді жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органның деректерімен жылжымайтын мүлікке қатысты мемлекеттік заңды тұлғаның электрондық есебінің деректерін салыстыру нәтижелері бойынша жылжымайтын мүлік анықталады: «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-тарауымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтпеген, соның ішінде жаңадан құрылған; Заңның 4-тарауымен белгіленген тәртіпте тіркелген, оған қатысты реконструкциялау, жаңадан жоспарлау, объектінің құрамының өзгерісі немесе мақсаты жүзеге асырылған және кейіннен мемлекеттік техникалық тексеруден өтпеген; балансында тұрған және мемлекеттік заңды тұлғаларға одан әрі бекітіп беру үшін құқық орнатушы құжаттары жоқ (қаржылық жалдауға алынғанды қоспағанда) жылжымайтын мүлік айқындалады.
Тармақ 10
10. Осы Әдістеменің 9-тармағына сәйкес салыстыру нәтижесінде айқындалған жылжымайтын мүлік жөніндегі ақпаратты мемлекеттік мүлік бойынша уәкілетті органның келісімі бойынша Бірыңғай оператор есептік жылдан кейінгі жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде электрондық форматта:
Тармақша 1
1) осы Әдістеменің 9-тармағында көрсетілген паспорттандыру және мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу бойынша жұмысты республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемін анықтау үшін мемлекеттік мекемелер бойынша: тиісті саланың уәкілетті органына (республикалық мекемелер бойынша); облыстық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (облыстық коммуналдық мекемелер бойынша); аудандық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (аудандық коммуналдық мекемелер бойынша); жергілікті өзін-өзі басқарудың мүлікін басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының коммуналдық мекемелері бойынша);
Тармақша 2
2) осы Әдістеменің 9-тармағында көрсетілген паспорттандыру және мүлік құқығын мемлекеттік тіркеу бойынша шығындарды дамыту жоспарларына қосу үшін мемлекеттік кәсіпорындар бойынша: тиісті саланың уәкілетті органына (республикалық кәсіпорындар бойынша); облыстық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (облыстық коммуналдық кәсіпорындар бойынша); аудандық коммуналдық мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (аудандық коммуналдық кәсіпорындар бойынша); жергілікті өзін-өзі басқарудың мүлікті басқаруға уәкілетті жергілікті бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органға (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының коммуналдық кәсіпорындары бойынша) жібереді.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасына сәйкес мүлікті түгендеуді жүргізеді. Мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімі тізілімінде № 10954 болып тіркелген) Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларына сәйкес мүлікті түгендеуді жүргізеді. Мемлекеттік мекемелер қайта бағалау моделін қолданған немесе активтерді бағалаған жағдайда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидалары және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 191 бұйрығымен бекітілген Есеп саясатына сәйкес мүлікті қайта бағалауды жүргізеді. Мемлекеттік кәсіпорындар құнның қайта бағалау бойынша есептеу моделін есеп саясатында таңдаған жағдайда «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен анықталған қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес мүлікті қайта бағалауды жүргізеді. Мемлекеттік заңды тұлғалар олардың теңгерімінде бекітілген жылжымайтын мүлікті паспорттау жүргізу бойынша шаралар қабылдайды. Жылжымайтын мүлікті паспорттау бойынша іс-шараларды мемлекеттік мекемелер жыл ішінде бекітілген қаржы жоспарларына, ал мемлекеттік кәсіпорындар бекітілген даму жоспарларына сәйкес жүргізеді.
Басқа 1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан «20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат»
Мемлекеттiк мүлiк тiзiлiмiне есепке алу объектiлерi деректерiн енгiзудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесіне 1-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан «20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат» 20___ жылғы есепті кезең Индекс: 1-ЖА Кезеңділігі: жыл сайын Тапсырады: мемлекеттік заңды тұлғалар Алушы: мемлекеттік мүлік тізілімі Тапсыру мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Нысан Мемлекеттік заңды тұлғаның атауы: ________________________________ Ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі: _____________________________ Ұйымның заңды мекенжайы: _________________________ мың теңге Мү­лік тү­рі Са­ны Ал­ғаш­қы құн Жи­нақ­тал­ған амор­ти­за­ция Құн­сызда­ну­дан шы­ғын­дар Тең­ге­рім құ­ны (3-ба­ған – 4-ба­ған – 5-ба­ған) Қай­та Ба­ға­лау со­ма­сы (+/-) Қай­та ба­ға­ла­удан кей­ін­гі тең­ге­рім құ­ны (6-ба­ған + 7-ба­ған) Тех­ни­ка­лық пас­порт­та­ры бар объ­ек­ті­лер са­ны Есеп­ті жыл­да пас­порт­тау жүр­гі­зі­л­ген объ­ек­ті­лер са­ны Пас­порт­тау жүр­гі­зі­луі қа­жет объ­ек­ті­лер са­ны 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1. Ғи­ма­рат­тар, жер­лер** Тұр­ғын емес ғи­ма­рат­тар Тұр­ғын ғи­ма­рат­тар Жер х *** 2. Құ­ры­лы­стар** (су тарт­қы­штар, ста­ди­он­дар, бас­сейн­дер, жол­дар, кө­пір­лер, ес­керт­кіш­тер, са­ябақ­тар, сквер­лер, қо­ғам­дық бақ­тар қор­ша­у­ла­ры, бұр­ғы сква­жи­на­ла­ры, штоль­ня­лар) 3. Бе­ру қон­дыр­ғы­ла­ры Электр бе­ру және бай­ла­ныс қон­дыр­ғы­ла­ры Транс­мис­си­я­лар және құ­быр өт­кіз­гіш­те­рі 4. Кө­лік құ­рал­да­ры Те­мір­жол кө­лі­гі­нің жы­л­жы­ма­лы құ­ра­мы Су кө­лі­гі Ав­то­мо­биль кө­лі­гі Әуе кө­лі­гі Ат кө­лі­гі Өн­ді­рі­стік кө­лік Спорт­тық кө­лік 5. Ма­ши­на­лар және жаб­дық Күш ма­ши­на­ла­ры және жаб­дық Жұ­мыс ма­ши­на­ла­ры және жаб­дық Өл­шеу ас­пап­та­ры Рет­те­у­ші ас­пап­тар және қон­дыр­ғы­лар Ла­бо­ра­то­ри­я­лық жаб­дық Ком­пью­тер­лік жаб­дық Ме­ди­ци­на­лық жаб­дық Кең­се жабды­ғы Өзге де ма­ши­на­лар және жаб­дық 6. Құ­рал­дар, өн­ді­рі­стік және ша­ру­а­шы­лық мүк­әм­мал* Құ­рал­дар Өн­ді­рі­стік мүк­әм­мал және ке­рек-жа­рақ­тар Ша­ру­а­шы­лық мүк­әм­мал Өзге де өн­ді­рі­стік және ша­ру­а­шы­лық мүк­әм­мал 7. Өзге де негіз­гі құ­рал­дар Кө­гал­дан­ды­ра­тын, сән­дік отыр­ғы­зу­лар жа­сан­ды көп жыл­дық отыр­ғы­зу­лар Жер­лер­ді жақ­сар­ту бой­ын­ша күр­де­лі шы­ғын­дар Өзге де мүк­әм­мал Жұ­мыс ма­лы Өзге де негіз­гі құ­рал­дар 8. Ин­ве­сти­ци­я­лық жы­л­жы­май­тын мү­лік** Тұр­ғын емес ғи­ма­рат­тар Тұр­ғын ғи­ма­рат­тар Жер х 9. Био­ло­ги­я­лық ак­тив­тер Жа­ну­ар­лар Көп жыл­дық отыр­ғы­зу­лар 10. Ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер Бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету Ав­тор­лық құқық­тар Ли­цен­зи­я­лық ке­лі­сім Па­тент­тер Өзге де ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер 11. Мем­ле­кет­ке ти­е­сі­лі ақ­па­рат­тан­ды­ру объ­ек­ті­ле­рі х х х Элек­трон­дық ақ­па­рат­тық ре­сур­стар х х х Бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету х х х Ин­тер­нет-ре­сурс және ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық ин­фра­құ­ры­лым х х х 12. Са­ту­ға ар­нал­ған ұзақ мер­зім­ді ак­тив­тер Ескертпе: * осы тармақты мемлекеттік кәсіпорындардың толтыруы міндетті емес; ** жүргізілген паспорттау бойынша ақпаратты көрсете отырып; *** «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – ААҮ) анықтаған немесе мемлекеттік мүлік тізілімінде ААҮ белгіленген тәртіппен автоматты түрде есептелген жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны көрсетіледі; x бұл жайғасым толтыруға жатпайды. Бірінші басшы _____________________________________ ____________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (қолы) Бас бухгалтер ______________________________________ ____________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде) (қолы) Мөр орны «20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпарат» Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме 20 ___ жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мүлікті түгендеу, паспорттау және қайта бағалау нәтижелері бойынша жиынтық ақпараттың нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
Тармақ 2
2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал оның жоқ болған жағдайында оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 3
3. Нысанның 1-бағанында мүлік түрі көрсетілген.
Тармақ 4
4. Нысанның 2-бағанында мүліктің саны көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 3-бағанында мүліктің алғашқы құны, теңгерімге қойған кездегі алғашқы қабылданғаны көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 4-бағанында қолдану кезеңінде жинақталған мүліктің тозуы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 5-бағанында мүліктің баланстық құны оның қайтару құнынан артық болған құны көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 6-бағанында жинақталған амортизация мен құнсызданудың шығындарын алғаннан кейін мүлік есепке алынатын құны көрсетіледі (3-баған – 4-баған – 5-баған).
Тармақ 9
9. Нысанның 7-бағанында қайта бағалау сомасы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 8-бағанында қайта бағалаудан кейінгі теңгерімдік құны көрсетіледі (6-баған + 7-баған).
Тармақ 11
11. Нысанның 9-бағанында техникалық паспорттары бар объектілер саны көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Нысанның 10-бағанында есепті жылда паспорттау жүргізілген объектілер саны көрсетіледі.
Тармақ 13
13. Нысанның 11-бағанында паспорттау жүргізілуі қажет объектілер саны көрсетіледі.
Басқа 2
Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесіне 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www. e-qazyna.kz. Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1- АҚ Кезеңділік: жыл сайын Есепті кезең: 20___ жылғы Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік заңды тұлғалар Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей ЖСН/БСН Жинау әдісі: электронды түрде Р/с № Үй-жайдың атауы Мемлекеттік заңды тұлға қызметкерлерінің саны Бекітілген нормативтерге сәйкес үй-жайдың ауданы, ш. м. Үй-жайдың нақты ауданы, ш. м. Бекітілген нормативтерге сәйкес мемлекеттік заңды тұлғаны орналастыру үшін қажетті аудан, ш. м. 1 2 3 4 5 6 Ескертпе: Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат» қосымшада берілген. Атауы ___________________________ Мекенжайы___________________ Телефон Электрондық пошта мекенжайы Орындаушы _______________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _____________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) _____________ Аббревиатуралардың толық жазылуы: ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі БСН - бизнес- сәйкестендіру нөмірі Ш.м. – шаршы метр
Басқа 42. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат»
Нысанға қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат» (Индекс: 1- АҚ, кезеңділігі: жыл сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ереже
1-тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалардың үй-жай алаңдарына қажеттігі туралы ақпарат» нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
Тармақ 2
2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 3
3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысанның 2-бағанында үй-жайдың атауы көрсетіледі, атап айтқанда мемлекеттік заңды тұлғалары орналасқан әрбір жеке үй-жай толтырылады.
Тармақ 5
5. Нысанның 3-бағанында мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметшілері саны, атап айтқанда осы үй-жайға орналасқан мемлекеттік заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 4-бағанында бекітілген нормативтеріне сәйкес үй-жайдың алаңы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның нақты алып отырған алаңы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 6-бағанында бекітілген нормативтерге сәйкес орналастыруға арналған мемлекеттік заңды тұлғаларға қажетті алаң көрсетіледі (6-баған, егер 5-бағанда көрсетілген мән 4-бағанында көрсетілген мәннен аз болса толтырылады).
Басқа 3
Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесіне 3-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www. e-qazyna.kz. Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1- АА Кезеңділік: жыл сайын Есепті кезең: 20___ жылғы Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік заңды тұлғалар Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей ЖСН/БСН Жинау әдісі: электронды түрде р/с № Ғи­ма­рат­тың неме­се үй-жай­дың ата­уы Ғи­ма­рат­тың неме­се үй-жай­дың ор­на­лас­қан же­рі Ғи­ма­рат­тың ка­дастр­лық нө­мі­рі Ғи­ма­рат неме­се үй-жай ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (же­ке тұр­ған ғи­ма­рат, ғи­ма­рат­тың бір бө­лі­гі неме­се ғи­ма­рат­та­ғы үй-жай­лар және сол си­яқ­ты) Мем­ле­кет­тік заң­ды тұл­ға­ны ор­на­ла­сты­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Мем­ле­кет­тік заң­ды тұл­ға ор­на­лас­қан ғи­ма­рат­тың неме­се үй-жай­дың ауда­ны, ш. м. Жал­ға бе­рі­ле­тін алаң­ның 1 ш. м. құ­ны, тең­ге * Ғи­ма­рат­ты неме­се үй-жай­ды жал­ға алу бой­ын­ша шы­ғы­стар, бір ай­ға, тең­ге * Есеп­ті жы­лы ғи­ма­рат­ты неме­се үй-жай­ды жал­ға алу бой­ын­ша шы­ғы­стар, тең­ге * Же­дел жүр­гі­зу неме­се ша­ру­а­шы­лық бас­қа­ру құқы­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген ғи­ма­рат неме­се үй-жай Бас­қа мем­ле­кет­тік заң­ды тұ­лға­лар­дың үй-жай­ла­рын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған Мем­ле­кет­тік емес заң­ды тұ­лға­лар­дан және/неме­се же­ке тұ­лға­лар­дан жал­ға алын­ған Жал­пы ауда­ны Пай­да­лы аудан 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 Ескертпелер: * 11, 12 және 13 бағандарды жалға алынатын үй-жайы бар болған жағдайда мемлекеттік мекемелер ғана толтырады. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары» қосымшада берілген. Атауы ___________________________ Мекенжайы___________________ Телефон Электрондық пошта мекенжайы Орындаушы _______________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _____________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) _____________ Аббревиатуралардың толық жазылуы: ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі БСН - бизнес- сәйкестендіру нөмірі Ш.м. – шаршы метр
Басқа 54. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат»
Нысанға қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат» (Индекс: 1-АА, кезеңділігі:жыл сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғалар орналасып отырған ғимараттардың немесе үй-жайлардың алаңдары бойынша ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
Тармақ 2
2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 3
3. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысанның 2-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың атауы көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 3-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың орналасқан жері көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 4-бағанында ғимараттың немесе үй-жайдың кадастрлық нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 5-бағанында ғимарат немесе үй-жай туралы мәліметтер (жеке тұрған ғимарат, ғимараттың немесе ғимараттағы үй-жайдың бөлігі және т.б.) көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 6, 7, 8 - бағандарында мемлекеттік заңды тұлғаның орналастырылуы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 9, 10 - бағандарында мемлекеттік заңды тұлға алып отырған ғимараттың немесе үй-жайдың жалпы және пайдалы алаңы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Нысанның 11-бағанында жалға алынған алаңның 1 шаршы метрі үшін құны көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 12-бағанда ғимаратты немесе үй-жайды жалға алу бойынша бір айдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 13-бағанда ғимаратты немесе үй-жайды жалға алу бойынша есептік жылдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.
Басқа 4
Мемлекеттік мүлік тізіліміне есепке алу объектілері деректерін енгізудің, сондай-ақ мемлекеттiк мүлiкке түгендеу, паспорттау және қайта бағалау жүргiзудің бірыңғай әдістемесіне 4-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www. e-qazyna.kz. Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 1- АЖ Кезеңділік: жыл сайын Есепті кезең: 20___ жылғы Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: мемлекеттік заңды тұлғалар Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмей ЖСН/БСН Жинау әдісі: электронды түрде р/с № Мемлекеттік заңды тұлғаның атауы Қызметтік немесе кезекші (оның ішінде автобустар) Маркасы, моделі, модификациясы Мемлекеттік нөмірі Қозғалтқыш көлемі, текше см 1 2 3 4 5 6 кестенің жалғасы Автокөліктің тиесілігі туралы мәліметтер Автокөлікті жалға алу бойынша шығыстар, бір айға, теңге Автокөлікті жалға алу бойынша шығыстар, есепті жыл үшін, теңге Жедел немесе шаруашылық басқару құқығына бекітілген автомобиль Басқа мемлекеттік заңды тұлғалардың пайдалануына берілді Мемлекеттік емес заңды тұлғалардан және (немесе) жеке тұлғалардан жалға алынатын 7 8 9 10 11 Ескертпе: Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат» қосымшада берілген. Атауы ___________________________ Мекенжайы___________________ Телефон Электрондық пошта мекенжайы Орындаушы _______________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефон Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _____________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда) _____________ Аббревиатуралардың толық жазылуы: ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі БСН - бизнес- сәйкестендіру нөмірі Текше см – текше сантиметр
Басқа 70. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат»
Нысанға қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат» (Индекс: 1- АЖ, кезеңділігі:жыл сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ереже
1-тарау. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Мемлекеттік заңды тұлғаларды автомобильдермен жабдықтау бойынша ақпарат» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды анықтайды.
Тармақ 2
2. Нысанға мемлекеттік заңды тұлғаның бірінші басшысы, ал ол жоқ болған жағдайда оның қызметін атқаратын тұлға қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 3
3. Нысанның 1 - бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Нысанның 2 - бағанында мемлекеттік заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Нысанның 3 - бағанында қызметтік немесе кезекші автомобиль (оның ішінде автобустар) көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Нысанның 4 - бағанында автомобильдің маркасы, моделі, модификациясы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Нысанның 5 - бағанында автомобильдің мемлекеттік нөмірі көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Нысанның 6-бағанында автомобиль қозғалтқышының көлемі текше см көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Нысанның 7, 8, 9 - бағандарында автомобильдің жабдықтары туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 10 - бағанда автомобильді жалға алу бойынша бір айдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 11 - бағанда автомобильді жалға алу бойынша есептік жылдың шығыны, теңгеде көрсетіледі.