Об утверждении Правил составления консолидированной финансовой отчетности банками второго уровня Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiн бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.02.2007 N 11 (ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бухгалтерлiк есептi жетiлдiре түсу және екiншi деңгейдегi банктердiң халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарттарына көшуi мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесi бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Бухгалтерлiк есеп департаментi (Рахметова С.К.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзуге белгiленген тәртiппен тиiстi шаралар қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулыны және Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi құрылымдық бөлiмшелерiне, филиалдарына және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Н.Қ. Абдулинаға жүктелсiн.
Басқа 6. Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесi
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң шоғырландырылған қаржылық есебiн жасау ережесi
Ескерту: Ереженiң барлық мәтiнi бойынша "кредиттер", "кредиттердiң", "депозиттер" деген сөздер тиiсiнше "заемдар", "заемдардың", "салымдар" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен.
Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", " Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына, қаржылық есептің халықаралық стандарттарына, Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
Осы Ереже Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің шоғырландырылған қаржылық есебін жасау тәртібін және ұсыну мерзімдерін айқындайды.
Ескерту: Кіріспе жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28 қаулысымен.
Бөлім 1. 1-бөлiм. Жалпы ережелер
1-бөлiм. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде қолданылатын, негiзгi ұғымдар:
Тармақша 1
1)
Тармақша 2
2) еншiлес ұйым - банк тура (тiкелей) немесе жанама (басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу арқылы) дауыс беретiн акциялардың елу процентiнен астамын иеленетiн немесе дауыс беру мүмкiндiгi бар немесе олардың арасында жасалған шартқа сәйкес (немесе өзге тәсiлмен) осы заңды тұлға қабылдайтын шешiмдi анықтауға банктiң мүмкiндiгi болатын заңды тұлға;
Тармақша 3
3)
Тармақша 4
4) бас банк - бұл бiр және/немесе одан да көп еншiлес және/немесе бағынышты ұйымдары бар банк;
Тармақша 5
5) топ - бас банкпен оның барлық бағынышты және еншiлес ұйымдары;
Тармақша 6
6) шоғырландырылған қаржылық есеп беру - бұл топтың бірыңғай қаржылық есеп беру ретінде ұсынған қаржылық есеп беруі;
Тармақша 7
7) жеке қаржылық есеп беру - бас банктiң, оның бағынышты және еншiлес ұйымдарының шоғырландырылуға жататын қаржылық есеп беруi;
Тармақша 8
8) азшылық үлесі - бұл еншілес ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің таза кірістерінің (шығындарының) және таза активтерінің оның капиталындағы үлесіне тиесілі, бас банк тікелей немесе еншілес ұйымдар арқылы жанама түрде иеленбейтін бөлігі;
Тармақша 9
9) толық дерлiк иелiк - бас банк еншiлес ұйымның дауыс беру акциясының 90 проценттен астамын иеленушi;
Тармақша 10
10) бағынышты ұйым - банк дауыс беретiн акцияларының жиырма процентiнен астамын иеленетiн заңды тұлға;
Тармақша 11
11)
Тармақша 12
12) үлеске қатысу әдiсi - бас банк инвестициясын бағынышты ұйым қабылдаған кезде сатып алу бағасын келешек өсiмiмен (азаюымен) қоса бағалағанда бағынышты ұйымның таза активтерiнiң өзгерiстерiндегi есептеу әдiсi. Бағынышты ұйымның таза кiрiсiнде (шығынында) бас банктiң үлесiн мойындау бойынша бас банк үлесiнiң өзгеруi кірістер және шығыстар туралы есепте бас банктiң кiрiсi (шығысы) деп есептеледi;
Тармақша 13
13) бағалау әдiсi - инвестициялар сатып алынған кезде сатып алу бағасы бойынша көрсетiлетiн есеп әдiсi. Инвестициядан түскен кiрiс бас банктiң кірістер және шығыстар туралы есепте бағынышты ұйымның жинақталған таза табысының жалпы сомасынан сатып алынған тиiстi күннен кейiн пайда болған дивиденд мөлшерiнде қабылданады;
Тармақша 14
14) Консорциум - бiрiгiп шаруашылық қызмет ету туралы шарт негiзiндегi уақытша ерiктi тең құқықты одақ (бiрлестiк), мұнда заңды тұлғалар нақты шаруашылық мәселелерiн шешу үшiн қор атаулыны бiрiктiредi және күш-жiгердi жұмылдырады;
Тармақша 15
15) бiрлескен шаруашылық қызмет - екi немесе одан да көп тараптардың жалпышаруашылықтық мақсатқа жету үшiн бiрлесiп қызмет етуге мiндеттенуi;
Тармақша 16
16) жанама әдiс - таза кiрiс немесе шығын ағымдағы активтердi және мiндеттемелердi, ақшамен жасалмайтын операцияларды, сондай-ақ операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтiң нәтижесi болып табылатын есептелген кiрiстi және шығынды алдыңғы кезеңмен салыстыра өзгерту арқылы түзетiлетiн әдiс.
Бұл әдiс топтың кірістер және шығыстар туралы шоғырландырылған баланстағы және шоғырландырылған есептегі ақпаратқа негізделген;
Тармақша 17
17) банктiк топ - банк қатысушысы болып табылатын банк және ұйым.
Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен , 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Еншiлес немесе бағынышты ұйымды тiкелей иемдену мынадай жағдайда: бұл ұйымдардың дауыс беру акцияларын бас банк өзi сатып алғанда жүзеге асады. Жанама иелiк еншiлес және бағынышты ұйымдардың дауыс беру акцияларын бас банкке өз кезегiнде еншiлес немесе бағынышты ұйымдардың сатып алғандығымен анықталады.
Тармақ 3
3. Бас банк акциялардың жартысын немесе жартысынан азын алғаннан кейiн инвестициялаушы дауыс құқы бар ұйым жағдайында шешiмдi айқындау мүмкiндiгi болады, егерде:
Тармақша 1
1) басқа инвесторлармен келiсiм негiзiнде дауыстың жартысынан көбiн алатын болса;
Тармақша 2
2) жарғыға немесе келiсiмге сәйкес инвестициялаушы ұйымның қаржы-шаруашылық саясатын белгiлеуге өкiлдiгi болса;
Тармақша 3
3) директорлар кеңесi мүшелерiнiң көпшiлiгiн тағайындауға және босатуға өкiлеттiгi болса;
Тармақша 4
4) директорлар кеңесiнiң жиналысында көпшiлiк дауыс алуға құқы болса.
Ескерту: 3-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Қаржы есеп-қисабын пайдаланушылардың бүкiл топтың қаржы жағдайы туралы және қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы ақпаратқа деген қажетi шоғырландырылған қаржылық есептермен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 5
5. Бас банк шоғырландырылған қаржылық есепке өзiнiң барлық еншiлес ұйымдарын енгiзуi және мынадай жағдайларды қоспағанда үлеске қатысу әдiсi бойынша бағынышты ұйымдарға инвестицияларды ескеруi тиiс:
Тармақша 1
1) еншiлес ұйымдар, сондай-ақ бағынышты ұйымдарға инвестициялар он екі ай ішінде сату мақсатында сатып алынғанда және еншiлес ұйымның шешiмiн айқындау мүмкiндiгi уақытша болғанда;
Тармақша 2
2) алынып тасталды .
Ескерту: 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен , 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28 қаулысымен.
Тармақ 6-9
6-9. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен.
Тармақ 10
10. Бас банктiң және оның еншiлес, бағынышты ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есептерге енгiзiлетiн қаржылық есептерi бiр күнде, бiр мерзiмде жасалады. Шоғырландырылған қаржылық есептер әртүрлi есептi беру күндерi жасалған қаржылық есептер негiзiнде жасалуы мүмкiн, алайда аралары үш айдан аспауы керек. Мұндай жағдайда есеп беру күндерi бiр мерзiмнен екiншi мерзiмге жалғасып жатуы қажет. Мұндай қаржылық есептердi шоғырландыру мақсатында осы күндер аралығындағы елеулi операциялардың немесе басқа да оқиғалардың нәтижелерi болып табылатын өзгертулерге түзетулер енгiзiледi.
Тармақ 11
11. Бас банктiң және оның еншiлес, бағынышты ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есептерге енгiзiлетiн қаржылық есептерi қаржы-шаруашылық қызметiнiң осы тәрiздес операциялары мен оқиғалары үшiн бiрыңғай есеп саясатын пайдалана отырып дайындалады. Егер топ мүшесi шоғырландырылған қаржылық есеп құрастыру үшiн қабылданғаннан өзгеше есеп саясатын пайдаланса, онда шоғырландырылған кезде оның қаржы есептерiне тиiстi түзетулер жасалады. Егер мұндай түзетулердiң есебiн шығару мүмкiн болмаса, онда бұл жағдай шоғырландырылған қаржылық есеп беру баптарының әртүрлi есеп саясаты қолданылған бөлiктерiмен бiрге шешiлуi тиiс.
Тармақ 12
12. Банктердiң шоғырландырылған қаржылық есеп беру қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен (бұдан былай - уәкілетті орган) келісім бойынша Ұлттық Банк белгiлеген мерзiмде берiледi.
Ескерту: 12-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен , 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28 қаулысымен.
Тармақ 13
13. Бас банк шоғырландырылған қаржылық есеп берудi уәкілетті органмен келісім бойынша Ұлттық Банк белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде жариялайды.
Жылдық шоғырландырылған қаржылық есептi мiндеттi түрде тәуелсiз аудитор растауы қажет.
Ескерту: 13-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен , 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28 қаулысымен.
Тармақ 14
14. Еншiлес ұйымды сатқанда, еншiлес ұйым шыққаннан кейiн алынған сома мен оның активтерiнiң шыққан күнгi мiндеттемелерiн (таза активтерiн) шегерiп тастағандағы, баланстық құны арасындағы айырмашылығы қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есепке еншiлес ұйым шығып кеткен күнгi кiрiс немесе шығын деп саналады.
Бөлім 2. 2-бөлiм. Шоғырландырылған қаржылық есеп берудi оның түрлерi бойынша жасау
2-бөлiм. Шоғырландырылған қаржылық есеп берудi оның түрлерi бойынша жасау
Ескерту: 2-бөлімнің атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен.
Тармақ 15
15. Шоғырландыру мақсатында бас банктiң және оның еншiлес ұйымдарының қаржылық есептерi активтер, мiндеттемелер, өз капиталы, кiрiс және шығыс баптарында көрсетiлген сомаларды қосу арқылы әр бап және әр жол бойынша сипаты және мәнi бойынша бiрiктiрiледi. Бас банктiң және оның бағынышты ұйымдарының қаржылық есептерiн шоғырландыру құн әдiсi және үлеске қатысу әдiсi бойынша жүзеге асырылады.
Ескерту: 15-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен.
Тармақ 16
16. Шоғырландырылған қаржылық есептер бiртұтас ұйым ретiндегi топ туралы қаржылық ақпарат болып шығуы үшiн кейбiр баптар бойынша қайталауға жол берiлмеуi тиiс. Ол үшiн шоғырландырылған қаржылық есептердi құрастырғанда жүргiзiлген есептер негiзiнде түзету жазбалары жазылады. Түзету (жөндеу) жазбалары бухгалтерлiк есепте көрсетiлмейдi, шоғырландырылған қаржылық есептер дайындау барысында жұмыс кестесiне енгiзiледi.
Тармақ 17
17. Шоғырландырылған қаржылық есептi дайындау үшiн бiрiктiруге, түзетуге және бас банктiң, оның еншiлес және бағынышты ұйымдарының жекелеген қаржылық есептерiнен шоғырландырылған қаржылық есепке ауыстырылуға жататын баптар белгiленеді.
Ескерту: 17-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен.
Тармақ 18
18. Шоғырландырылған қаржылық есепке мыналар кiредi:
Тармақша 1
1) бухгалтерлiк баланс (N 1 қосымша);
Тармақша 2
2) қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы есеп (N 2 қосымша);
Тармақша 3
3) ақша қозғалысы туралы есеп (N 3 қосымша);
Тармақша 3-1
3-1) меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп (4-қосымша);
Тармақша 4
4) жазбаша түсiнiктеме.
Ескерту: 18-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28 қаулысымен.
Тармақ 18-1
18-1. Шоғырландырылған қаржылық есеп Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жасалады.
Ескерту: 18-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен.
Тарау 1. 1-тарау. Шоғырландырылған баланс
1-тарау. Шоғырландырылған баланс
Тармақ 19
19. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен.
Тармақ 20
20. Бас банктiң, бухгалтерлiк оның еншiлес ұйымдарының баланстарының мынадай баптары бiрiктiрiлуi тиiс:
Тармақша 1
1) "Актив" бөлiмi бойынша: банктердегi ақша, корреспонденттiк есепшоттар, берiлген заемдар мен салымдар, бағалы қағаздар, негiзгi құрал-жабдықтар, жинақталған тозу, материалдық емес активтер, материалдық емес активтердiң амортизациясы, аяқталмаған негiзгi құрылыс, тауар-материалдық қорлар, дебиторлық қарыздар және басқа да активтер;
Тармақша 2
2) "Мiндеттемелер" бөлiмi бойынша: заемдар, салымдар, меншiктi бағалы қағаздар, кредиторлық берешек және басқа да мiндеттемелер;
Тармақша 3
3) "Меншiктi капитал" бөлiмi бойынша: қосымша капитал, резервтегi капитал, негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалау бойынша резервтер, қайта бағалау бойынша резервтер, өткен жылдардағы және ағымдағы жылы бөлiнбеген таза табыс (жабылмаған шығын).
Ескерту: 20-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен.
Тармақ 21
21. Бас банктiң, оның еншiлес ұйымдарының бухгалтерлiк баланстарынан мынадай баптары түзетiлуi тиiс:
Тармақша 1
1) "Актив" бөлiмi бойынша: заемдар, салымдар, дебиторлық, арыздар, қысқа мерзiмдi қаржылық инвестициялар, басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталына инвестициялар, басқа активтер;
Тармақша 2
2) "Мiндеттемелер" бөлiмi бойынша: заемдар, салымдар, ұзақ мерзiмдi заемдардың ағымдағы бөлiгi, кредиторлық қарыздар, өздерi шығарған бағалы қағаздар, басқада мiндеттемелер;
Тармақша 3
3) "Меншiк капитал" бөлiмi бойынша: төленген жарғылық капитал бөлiнбеген кiрiс (шығын).
Ескерту: 21-тармақ өзгертілді, толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен.
Тармақ 22
22. Бас банктiң, оның еншiлес ұйымдары бухгалтерлiк балансының бiрiктiруге және түзетуге жатпайтын, шоғырландырылған балансқа өзгерiссiз ауысатын баптары.
Ескерту: 22-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен.
Тармақ 23
23. Шоғырландырылған қаржылық есептi құрастырған күнi еншiлес ұйымның меншiк капиталы сомасынан әр еншiлес ұйымның таза активiнен азшылық үлесi анықталады. Еншiлес ұйымның таза активiнен азшылық үлесi, шоғырландырылған бухгалтерлiк баланстан оның мiндеттемесiнен жеке және "Азшылық үлесi" бабы бойынша меншiк капиталынан берiледi және бас банкке жатпайтын еншiлес ұйымның таза активiнiң көлемiн көрсетедi.
Тарау 2. 2-тарау. Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есеп
2-тарау. Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есеп
Тармақ 24
24. Қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есеп, топтан тыс жасалған операциялардың қаржылық нәтижелерiн көрсетуге тиiс.
Тармақ 25
25. Шоғырландыру мақсатында iшкi топтар операциялары бойынша кiрiс, шығыс және дивидендтер, бiр ұйымдарда толық аяқталған, бiрақ басқаларында аяқталмаған немесе толық аяқталмаған, сондай-ақ осы операциялардың нәтижесiнде туындаған пайдаланылмаған кiрiстер мен шығындарды алып тастау қажет.
Iшкi операциялар тобына мыналарды жатқызуға болады:
қызмет сату және сатып алу;
негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтердi алу және өткiзу;
займдар беру және алу;
салымдарды орналастыру және тарту;
басқалар.
Тармақ 26
26. Шоғырландыру есептер құрастыруды байланыстыру мақсатында қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы шоғырландырылған есептегi "Таза кiрiс (шығын)" ("оны жабылмаған шығын") жолынан шоғырландырылған баланстағы "Ағымдағы жылғы бөлiнбейтiн таза кiрiс" жолына ауыстырылады.
Тармақ 27
27. Бас банктiң, оның еншiлес ұйымдарының қаржышаруашылық қызмет нәтижелерi туралы есептерiндегi мәлiметтер, олардың талдамалары мен түсiнiктемелерi бойынша бiрiктiрiлген және түзетiлген баптары анықталады.
Ескерту: 27-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен.
Тармақ 28
28. Бас банктiң, оның еншiлес ұйымдарының қаржышаруашылық қызмет нәтижесi туралы есебiнiң баптары бiрiктiруге, және түзеуге келмесе, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы шоғырландырылған есепке өзгерiссiз ауыстырылады.
Ескерту: 28-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен.
Тармақ 29
29. Еншiлес ұйымның таза кiрiстегi (шығындағы) азшылық үлесi, ұйымның есеп берiп отырған мерзiмдегi таза кiрiс сомасына қарай анықталады. Азшылық үлесi еншiлес ұйымның банкке тиесiлi емес таза кiрiсiнiң көлемiн көрсетедi.
Қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижесi туралы шоғырландырылған есепте азшылық үлесi "Азшылық үлесi" деген жеке бапта азайтылған (көбейтiлген) шоғырландырылған таза кiрiс (шығын) көрсеткiшi ретiнде көрсетiледi.
Тарау 3. 3-тарау. Ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп
3-тарау. Ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп
Тармақ 30
30. Бас банк жанама әдiстi қолдана отырып, ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есеп құрастырады.
Тармақ 31
31. Алып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен.
Тармақ 32
32. Жанама әдiс қаржы-шаруашылық қызметi нәтижесi туралы шоғырландырылған есептiң әрбiр бабын түзеудi қарастырмайды. Осы әдiске сәйкес таза кiрiс (шығын) сомасы есептi мерзiмдегi шоғырландырылған баланстағы соманы алдындағы есептi мерзiммен салыстыру бойынша түзетiледi.
Тармақ 33
33. Ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есептегi топтар iшiнде айналысқа түскен және шыққан ақша есептелмейдi.
Тарау 3-1. 3-1-тарау. Бас банктiң және оның бағынышты ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есептерiн жасау тәртiбi
3-1-тарау. Бас банктiң және оның бағынышты ұйымдарының шоғырландырылған қаржылық есептерiн жасау тәртiбi
Ескерту: 3-1-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен.
Тармақ 33-1
33-1. Бас банктiң және оның бағынышты ұйымдарының қаржылық есептерiн шоғырландыру осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Тармақ 33-2
33-2. Шоғырландырылған қаржылық есепте бас банктiң бағынышты ұйымдарға инвестициялары үлеске қатысу әдiсi бойынша есептеледi.
Үлеске қатысу әдiсi мынадай белгiлермен сипатталады:
Тармақша 1
1) инвестициялар сатып алынған сәттегi сатып алу құны бойынша есептеледi;
Тармақша 2
2) бағынышты ұйымның таза кiрiс үлесi инвестициялардың баланстық құнын көбейтедi, ал шығын үлесi - азайтады;
Тармақша 3
3) есептелетiн дивидендтер сомасы инвестициялардың баланстық құнын азайту ретiнде көрсетiледi.
Тармақ 33-3
33-3. Мынадай жағдайларда банктiң жекелеген қаржылық есебiнде оның бағынышты ұйымдарға инвестицияларын көрсету үшiн құн әдiсi пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бағынышты ұйымдарға инвестициялар жақын болашақта (алған күннен бастап алты айдан асырмай) сату мақсатында сатып алынды;
Тармақша 2
2) бағынышты ұйымдар қатаң түрде ұзақ мерзiмдi шектеулер жағдайында жұмыс iстейдi.
Мынадай жағдайлар қатаң түрде ұзақ мерзiмдi шектеулердiң шарттары болып табылады:
Тармақша 1
1) бағынышты ұйым оның дивидендтiк саясатына араласа алатын өкiметтiң қадағалауында бола алатын;
Тармақша 2
2) бағынышты ұйым өз қызметiн таза кiрiстi шет елге аударуға шектеу қойылған елде жүзеге асырғанда;
Тармақша 3
3) бағынышты ұйымның қызметiн шектеудiң пайда болуына әкелiп соқтыруы ықтимал саяси жағдай өзгергенде.
Тармақ 33-4
33-4. Бас банктiң бағынышты ұйымының шығынындағы қатысу үлесi инвестициялардың баланстық құнына тең немесе одан артық болса, онда нольдiк құнға дейiн жеткiзiлетiн шығындардың үлесi инвестициялардың баланстық құнын азайтып көрсетедi, ал инвестициялардың құнынан асып кеткен сома балансқа есептеледi. Бас банк бағынышты ұйымның таза кiрiсiне өзiнiң үлестiк қатысуын таза кiрiс үлесi есепке алынбаған таза шығын үлесiне тең болғаннан кейiн ғана көрсетедi.
Тармақ 33-5
33-5. Егер бағынышты ұйым активтердi қайта бағалайтын болса, қайта бағалауға байланысты бас банк үлесiнiң өзгеруi инвестициялардың баланстық құнын өсiредi (азайтады). Бас банктiң инвестицияларының баланстық құнының өсуi өз капиталы бөлiмiнде қосымша төленбеген капитал ретiнде көрсетiледi. Бас банктiң инвестицияларының баланстық құнының кемуi бұрын бағалағанға дейiн жүргiзiлген сома шегiнде қосымша төленбеген капиталдың азаюымен көрiнедi. Егер шығынның үлесi бұрын жүргізiлген бағалағанға дейiнгi сомадан асып кетсе, онда айырмашылық сомасы үлеске қатысу шығыны ретiнде танылады.
Тарау 4. 4-тарау. Түсiндiрме жазба
4-тарау. Түсiндiрме жазба
Тармақ 34
34. Түсiндiрме жазба бас банктiң (есептеу әдiстерiн және бiрiктiрудi көрсетiп) шоғырланған қаржылық есептi құрастыру негiзiне алынған және қаржы-шаруашылық қызметi нәтижесiн тану есеп саясатын ашып бередi.
Тармақ 35
35. Шоғырландырылған қаржы есебi тобының түсiндiрме жазбасында төмендегiдей ақпарат болуға тиiс, онымен де шектелмейдi:
Тармақша 1
1) еншiлес және бағынышты ұйымдардың аты көрсетiлген тiзiмi, тiркелген елi немесе мекен-жайы, акцияларға қатысу үлесi және дауыс берушi акциялар үлесiнiң айырмашылығы болған жағдайда, байланысты тараптар туралы ақпаратты жария ету (аффилирлеу) - қатынастар сипаты мен ауқымы;
Тармақша 2
2) бас банк дауыстың жартысынан астамына ие бола алмаған жағдайда, бас банкке еншiлес банктiң шешiмiн айқындауға мүмкiндiк беретiн, бас банк пен оның еншiлес ұйымы арасындағы қарым-қатынас сипаттамасы;
Тармақша 3
3) дауыс берушi акцияларының жартысынан астамы бас банктiң иелiгiндегi ұйымдардың тiзiмi, бiрақ олардың шешiмiн айқындауға бас банктiң мүмкiндiгi жоқ;
Тармақша 4
4) еншiлес ұйымдарды сатып алудың немесе сатудың есеп берiлетiн кезеңнiң және оның алдындағы кезеңнiң қаржылық көрсеткiштерiне әсерi;
Тармақша 5
5) бас банктiң еншiлес ұйымдардың инвестицияларын есептеу үшiн пайдаланатын жекелеген қаржылық есебiнiң әдiсi;
Тармақша 6
6) бағынышты ұйымдардың инвестицияларын есептеу үшiн пайдаланылған әдiстер;
Тармақша 7
7) еншiлес ұйымның шоғырландырылған есепке кiрмеу себептерi;
Тармақша 8
8) бас банк пен оның еншiлес бағынышты ұйымдарының есеп саясатының осы баптарға қолданылатын айырмашылықтары салдарынан есептеу мүмкiн емес шоғырландырылған қаржылық есеп баптарына түзетулер;
Тармақша 9
9) бас банктiң, оның бағынышты еншiлес ұйымдарының қаржылық есептерiнде бiрiктiруге, түзеуге және ауыстыруға жататын баптар, сондай-ақ шоғырландырудың нәтижелерi;
Тармақша 10
10) азшылық үлестi жария ету туралы ақпарат - қатысушылардың атауын көрсете отырып, азшылық үлестi құрайтын бас банктiң еншiлес, бағынышты ұйымдардағы олардың үлеске қатысуы;
Тармақша 11
11) топ мүшелерiнiң консорциумге және бiрлескен қызметке қатысуы топ туралы ақпаратты жария ету.
Ескерту: 35-тармақ өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен.
Тармақ 36
36. Ұйым еншiлес немесе бағынышты ұйымға сәйкес емес деп танылған күннен бастап, бұл ұйымға инвестициялар қаржылық есептің халықаралық стандарттарына сәйкес есептеледi.
Ескерту: 36-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28 қаулысымен.
Тармақ 37
37. Бағынышты ұйымдарға үлестiк қатысу әдiсiмен есептелген, инвестициялар, жеке баланстың жеке бабында капиталға инвестиция ретiнде ашылады.
Тармақ 38
38. Бас банктiң үлесi апат жағдайларында немесе өткен кезеңдердегi түзетулерде жеке көрсетiледi .
Бөлім 3. 3-бөлiм. Шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру
3-бөлiм. Шоғырландырылған қадағалауды жүзеге асыру
Ескерту: 3-бөлім (39-44-тармақтар) алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28 қаулысымен.
Бөлім 4. 4-бөлiм. Қорытынды ереже
4-бөлiм. Қорытынды ереже
Тармақ 45
45. Шоғырландырылған қаржылық есептi жасаған кезде, топтар қызметiнiң жариялы болуына және шоғырландырылған қаржылық есептiң дұрыстығына жету мақсатында уәкілетті орган банктен активтер мен мiндеттемелердiң, кiрiс пен шығыстың жеке баптарының мазмұнын неғұрлым толық ашуға қажеттi қосымша ақпарат (шоғырландырылған қаржылық есептi жасау жөнiндегi жұмыс кестелерiн) сұрауға құқылы.
Ескерту: 45-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28 қаулысымен.
Тармақ 46
46. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес шешiлуге тиiс.
Басқа 1. Топтың ХХХХ жылғы шоғырландырылған балансы
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
2000 жылғы 11 ақпандағы
N 25 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының
екiншi деңгейдегi банктерiнiң
шоғырландырылған қаржылық
есебiн жасау ережесiне
N 1 қосымша
Ескерту: Қосымшаға өзгертулер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28 қаулысымен.
N 1 нысан
Топтың ХХХХ жылғы шоғырландырылған балансы
мың теңге
---------------------------------------------------------------------
Баптардың атауы ! Жылдың ! Жылдың
!басында !аяғында
---------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3
---------------------------------------------------------------------
Активтер
Қолма-қол валюта
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі салымдар
Басқа банктердегі салымдар(шығынды жабуға арналған
провизияларды алып тастағанда)
Бағалы қағаздар
Несиелер және лизингтер(шығынды жабуға арналған
провизияларды алып тастағанда)
Капиталды инвестициялар
Негізгі құрал-жабдықтар(амортизацияны алып
тастағанда)
Материалдық емес активтер(амортизацияны алып
тастағанда)
Басқа да активтер
Кейінге қалдырылған салық талабы
Барлық активтер
Пассивтер
Міндеттемелер
салымдар
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің алдындағы
берешек
Басқа банктер мен ұйымдардың арасындағы берешек
Банктің бағалы қағаздары
Халықаралық қаржы ұйымдарының алдындағы берешек
Басқа да қарыз алу(реттелген борыш)
Басқа міндеттемелер
Кейінге қалдырылған салық талабы
Барлық міндеттемелер(І)
Азшылықтың үлесі(ІІ)
Капитал
Жарғылық акционерлік капитал(сатып алынған меншік
акцияларын қоспағанда)
Қосымша капитал
Банктің резерв капиталы
Негізгі құрал-жабдықтарды қайта бағалау жөніндегі
резерв
Қайта бағалау резерві
Өткен жылдардың бөлінбеген таза кірісі
Бөлінбеген таза кіріс(жабылмаған шығын)
Барлық капитал(ІІІ)
Барлық пассивтер(І+ІІ+ІІІ)
Басқа 2. Топтың ХХХХ жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің
нәтижелері бойынша шоғырландырылған есебі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
2000 жылғы 11 ақпандағы
N 25 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
екiншi деңгейдегi банктерiнiң
шоғырландырылған қаржылық
есебiн жасау ережесiне
N 2 қосымша
Ескерту: N 2 қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен.
N 2 нысан
Топтың ХХХХ жылғы қаржылық-шаруашылық қызметінің
нәтижелері бойынша шоғырландырылған есебі
мың теңге
---------------------------------------------------------------------
р/с ! Баптардың атауы ! Сома
N ! !
---------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3
---------------------------------------------------------------------
1 Сыйақы алумен байланысты кіріс
2 Сыйақы төлеуге байланысты шығыс
3 Сыйақы алумен байланысты таза шығыс
4 Сыйақы алумен байланысты емес кіріс
5 Сыйақы төлеуге байланысты емес шығыс
6 Резервке есептегенге дейінгі таза операциялық
кіріс(3+4+5)
7 Жіктелген активтер мен шартты міндеттемелер бойынша
зиянды жабуға арналған резерв
8 Резервке есептегеннен кейінгі таза операциялық
кіріс(6-7)
9 Активтерді сатудан түскен кiрiс (шығын)
10 Көзделмеген баптар
11 Салық зияны төлегенге дейінгі кіріс/зиян(8+9+10)
12 Салық төлемдері
13 Топтың таза кірісі/зияны
14 Азшылықтың үлесі
15 Азшылықтың үлесін ескере отырып таза кіріс/зиян
---------------------------------------------------------------------
Басқа 3. Топтың ХХХХ жылға ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есебі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкi Басқармасының
2000 жылғы 11 ақпандағы
N 25 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
екiншi деңгейдегi банктерiнiң
шоғырландырылған қаржылық
есебiн жасау ережесiне
N 3 қосымша
📌 Ескерту. N 3 қосымша өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 26 наурыздағы N 107 қаулысымен.
N 3 нысан
Топтың ХХХХ жылға ақша қозғалысы туралы шоғырландырылған есебі
мың теңге
---------------------------------------------------------------------
р/с ! Баптардың атауы ! Сома
N ! !
---------------------------------------------------------------------
1 ! 2 ! 3
---------------------------------------------------------------------
1 Топтың таза кірісі
2 Топтың мынадай таза кірісіне түзетулер:
1.1. Қамтамасыз етуге қаржы бөлу
1.2. Амортизациялық есептеулер
1.3. Сыйақы алумен байланысты емес есептелген кіріске өзгеріс
1.4. Сыйақы төлеуге байланысты емес есептелген шығысқа өзгеріс
1.5. Басқа есептелген кіріс минус есептелген шығыс
---------------------------------------------------------------------
1.6. Топтың таза кірісімен байланысты барлық ақша қозғалысы
---------------------------------------------------------------------
2 Операция активтері мен міндеттемелеріне өзгеріс
2.1. Мемлекеттік бағалы қағаздар портфеліне өзгеріс
2.2. Басқа бағалы қағаздар портфеліне өзгеріс
2.3. Банктерге берілген мерзімді салымдар мен заемдар
2.4. Клиенттерге заемдар
2.5. Басқа активтер
2.6. "Лоро" корреспонденттік есепшоты
2.7. Банктер мен ұйымдардан алынған мерзімді салымдар
мен заемдар
2.8. Клиенттің салымдары
2.9. Басқа міндеттемелер
---------------------------------------------------------------------
2.10.Операциялық (банктік) қызметке байланысты ақша
қозғалысының жиынтығы
---------------------------------------------------------------------
3. Инвестициялық қызмет бойынша ақша қозғалысы
3.1. Басқа заңды тұлғалардың акциялары
3.2. Реттелген борышқа инвестициялар
3.3. Негізгі құрал-жабдықтар мен материалдық емес
активтерге инвестициялар
---------------------------------------------------------------------
3.4. Инвестициялық қызметке байланысты ақша қозғалысының
жиынтығы
---------------------------------------------------------------------
4. Қаржылық қызмет бойынша қозғалыс
4.1. Жарғылық капиталдағы өзгерістер
4.2. Сатып алынған меншік акциялары
4.3. Қосымша капиталдағы өзгерістер
4.4. Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар
4.5. Басқа да қарыз алу (реттелген борыш) өзгерістері
4.6. Акциялар бойынша дивидендтер төлеу
---------------------------------------------------------------------
4.7. Қаржы қызметіне байланысты ақша қозғалысының жиынтығы
---------------------------------------------------------------------
5. Ақша қозғалысына байланысты операциялар
5.1. Банктердің резервтері
5.2. Бағам айырмашылығының әсері
---------------------------------------------------------------------
5.3. Ақша қозғалысымен байланысты емес операциялар жиынтығы
---------------------------------------------------------------------
6. Азшылық үлесі
---------------------------------------------------------------------
7. Барлығы (1.6; 2.10; 3.4; 4.7; 5.3; 6 жолдардың
сомасы - 10 жол)
---------------------------------------------------------------------
8. Жыл басындағы ақша қалдығы
---------------------------------------------------------------------
9. Жыл соңындағы ақша қалдығы
---------------------------------------------------------------------
10. Ақша қозғалысы (9 және 8 жолдар айырмашылығы)
---------------------------------------------------------------------
Басқа 4. Топтың меншікті капиталындағы _______ жылғы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп
Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі банктерінің
шоғырландырылған қаржылық
есебін жасау ережесіне
4-қосымша
📌 Ескерту. Қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 14 ақпандағы N 28 қаулысымен.
N 4-нысан
Топтың меншікті капиталындағы _______ жылғы өзгерістер туралы шоғырландырылған есеп
Мың теңгемен
Баптардың атауы
Жарғылық
капитал
Эмиссиялық
кіріс
Алынған
капитал
Резервтік
капитал
Басқада
резервтер
Бөлінбеген
кіріс (өтелмеген
шығын)
Жиынтығы
Есепті кезең
басындағы сальдо
Есеп саясатындағы
өзгерістер және
түбірлі қателерді
түзету
Есепті кезең
басында қайта
саналған сальдо
Есепті кезеңде
қосымша шығарылған
(сатып алынған)
меншікті акциялар
Дивидендтер
Негізгі құрал-
жабдықтарды қайта
бағалау
Сатуға арналған
қолда бар бағалы
қағаздар құнының
өзгеруі
Есепті кезеңнің
бөлінбеген кірісі
(шығын)
Ішкі аударымдар
оның ішінде:
резервтік капиталды
қалыптастыру
негізгі құрал-
жабдықтардың
жинақталған қайта
бағалаудың өзгеруі
Басқа да операциялар
Есепті кезең
соңындағы сальдо