Об установлении водоохранной зоны, полосы реки Ишим и режима ее хозяйственного использования Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Есіл өзенінде су қорғау аймағы мен белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, «Су қорғау аумақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы» Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 бұйрығына сәйкес, «Есіл өзенінің су қорғау аумағының және белдеуінің жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының 2006 жылғы 14 маусымдағы № 91 бұйрығымен бекітілген жобалау құжаттамасының негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Есіл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Есіл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі аймағын шаруашылыққа пайдалану режимі Қазақстан Республикасы Су кодексінің нормаларына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы бастығының міндетін атқарушы Р.Сүлейменов
Басқа 5. Есіл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі
Ақмола облысы әкімдігінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № А-11/492 қаулысына қосымша Есіл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі № Су объектісі- нің атауы Су айдынының ауданы, ш.км Су қорғау аймағы Су қорғау белдеуі 1 Есіл өзені 650 ені метрмен аймағының ш.км ені метрмен аймағының ш.км 500-1000 1300 50-100 97,50 Қысқарған сөздердің толық атаулары: ш.км – шаршы километр