Об утверждении Инструкции по составлению сметы расходов государственных казенных предприятий Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар шығыстарының сметаларын жасау жөніндегі Нұсқаулықты бекiту туралы 📌 ЕСКЕРТУ. Преамбула өзгерді - ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 9 маусымдағы N 229  қаулысымен. "Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар "Мемлекет кәсіпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Жарлығына байланысты БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырылған: Мемлекеттiк қазыналық кәсіпорындар шығыстарының сметаларын жасау жөнiндегі нұсқаулық; мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар шығыстары сметаларының нысаны бекiтiлсiн.
Тармақ 2. Мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар шығыстарының сметаларын жасау жөнiндегi НҰСҚАУЛЫҚ
2. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2000 жылғы 24 мамырдағы N 248 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар шығыстарының сметаларын жасау жөнiндегi НҰСҚАУЛЫҚ
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындардың (бұдан әрi - Кәсiпорын) мемлекеттiк тапсырысты көрсете отырып сметаларды жасау тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Кәсiпорындардың сметасы өзiмен бiрге Кәсiпорындардың өз табыстары есебiнен, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырыс бойынша жүзеге асырылатын бiр қаржы жылына арналған шаруашылық қызметтерiнiң қаржы жоспарын білдiредi. Кәсiпорындардың сметасын уәкiлеттi органдар бекiтедi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде жасалатын азаматтық-құқықтық тiркеудi қамтамасыз ету мақсатында бюджеттiк бағдарламалар (iшкi бағдарламалар) (5-10-баған) бойынша мемлекеттiк тапсырысты орындаудың қаржылық жоспары бөлiп көрсетiледi.
Тармақ 4
4. 6, 8, 10-бағандарда Кәсiпорынның жалпы шығыстарындағы мемлекеттiк тапсырыстың орындалуына арналған кiрiстер мен шығыстар көрсетiледi.
Тармақ 5
5. 010 жол бойынша, жоспарлы жылдағы шаруашылық қызмет көрсетуден түсетiн ақшалар мен жылдың басында қалған ақшалардың жиынтығынан тұратын кiрiстердiң жалпы сомасы көрсетiледi (011 жол + 012 жол). 📌 Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.11. N 123   бұйрығымен .
Тармақ 5-1
5-1. 011 жол бойынша, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде алынған ақшалар қалдығы бөлiп көрсетiлген жыл басындағы ақша қалдығы, яғни өткен қаржы жылының соңындағы жоспарланған кiрiс шеңберiнде пайдаланылмаған ақшалар қалдығы көрсетiледi. 📌 Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.11. N 123   бұйрығымен .
Тармақ 5-2
5-2. 012 жол бойынша, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде алынған ақшалар бөлiп көрсетiлген, шаруашылық қызметтi жүзеге асырудан түскен ақшалар көрсетiледi қосылған құнға салықты есепке ала отырып. 📌 Ескерту. 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.11. N 123   бұйрығымен .
Тармақ 6
6. Шығыстардың жалпы сомасы 020-жол бойынша (030 - 260 жолдардың сомасы) көрсетiледi. Сметада шығыстардың екi тобы бөлiп көрсетiледi:
Тармақша 1
1) азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау жүзеге асырылмайтын шығыстар;
Тармақша 2
2) азаматтық-құқықтық мәмлелер жасау жүзеге асырылатын шығыстар. 📌 Ескерту. 6-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.11. N 123   бұйрығымен .
Тармақ 7
7. Азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау жүзеге асырылмайтын шығыстарға шығыстардың мынадай түрлерi жатады: осы жол бойынша (030 жол) - қызметкерлерге жалақы төлеу қызметкерлердiң еңбек мiндеттемелерiн орындағаны үшiн төленетiн ақша төлемдерi көрсетiледi (жеке табыс салығы, қызметкерлердiң жалақыларынан ұсталатын жинақтаушы зейнетақы қорларына төленетiн мiндеттi жарналар да осы жол бойынша көрсетiледi); осы жол бойынша (040 жол) - ынталандыру, көтермелеу сипатындағы, сондай ақ Кәсiпорын басшысының шешiмi бойынша қосымша жұмыстарға төленетiн ақша төлемдерi көрсетiледi; iссапар шығыстары (050 жол); 030 жол, бойынша көрсетiлетiн, оның iшiнде негiзгi салықтар мен бюджетке төленетiн төлемдер жеке жолдармен (070-100 жол) көрсетiлетiн жеке табыс салығын (060 жол) қоспағанда салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер; сот шығындары (110 жол) яғни атқарушы құжаттардың атқарылуы бойынша шығыстар; айыппұлдар, өсiмдер (120 жол); басқа шығыстар (130 жол) яғни 030-120 жолдарда есепке алынбаған шығыстар. 📌 ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 9 маусымдағы N 229  қаулысымен.
Тармақ 8
8. Азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасау жүзеге асырылатын шығыстар өзiне шығыстардың мынадай түрлерiн: материалдарды сатып алуды (140 жол) яғни өндiрiстiк тауарлар, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету (тамақ өнiмдерiн, дәрi-дәрмектердi және т.б. сатып алу) үшiн қажеттi материалдарды, шикiзаттарды сатып алуға арналған шығыстарды; негiзгi құрал-жабдықтарды сатып алуды (150 жол); басқа активтердi сатып алуды (160 жол); коммунальдық қызмет көрсетулерді (170 жол) яғни электр энергиясы мен жылуды қоспағанда суға, газға және басқа да коммунальдық қызмет көрсетулерге арналған шығыстарды; электр энергиясын (180 жол); жылуды (190 жол); байланыс қызметтерiн (200 жол); көлiк қызметiн көрсетудi (210 жол); негiзгi құрал-жабдықтарды ағымдағы жөндеудi (230 жол); негiзгi құрал-жабдықтар бойынша жалдау ақыларын (240 жол); несиелердiң сыйақылар (мүдделер) төлемдерi бойынша шығыстарын (250 жол); басқа шығыстарды (260 жол) яғни 140-250 жолдарда есепке алынбаған шығыстарды қамтиды.
Тармақ 8-1
8-1. Ескерту: Жаңа 8-1-тармақпен толықтырылды, алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 9 маусымдағы N 229  қаулысымен ,  2004 жылғы 8 сәуірдегі N 147   бұйрығымен .
Тармақ 8-2
8-2. Ескерту: Жаңа 8-2-тармақпен толықтырылды, алынып тасталды - ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 9 маусымдағы N 229  қаулысымен ,  2004 жылғы 8 сәуірдегі N 147   бұйрығымен .
Тармақ 9
9. 140-230, 260 жолдар бойынша шығыстар қосылған құнға салынатын салықты есепке ала отырып көрсетiледi.
Тармақ 10
10. 9-тармақта көрсетiлген шығыстарды жүзеге асыруға арналған мемлекеттiк тапсырыс шеңберiндегi азаматтық-құқықтық мәмiлелердi тiркеу қазынашылықтың аумақтық органдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Тармақ 11
11. 270 жол бойынша Кәсiпорын кiрiстерiнiң (010 жол) және шығыстарының (020 жол) арасындағы айырма ретiнде есептелетін таза табыс (шығын) көрсетiледi.
Тармақ 12
12. Мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар шығыстарының сметасына кәсiпорынның басшысы, осы кәсiпорын қаржы қызметiнiң басшысы қол қояды және уәкiлеттi органның қарауына және бекiтуiне ұсынылады.
Тармақ 13
13. Шығыстардың сметасына Кәсiпорын кiрiстерiнiң, егер Кәсiпорынның жоспарлы жылдағы шығыстар сметасында өткен жылдың жабылмаған шығындарын өтеу қарастырылса, өткен жылдағы жабылмаған шығындарды жабу (сонымен қатар мемлекеттiк тапсырысты орындау бойынша), басқа барлық шығыстардың шифрленуi, сондай-ақ Кәсiпорын қызметкерлерiнiң штат саны бойынша деректер (барлығы, оның iшiнде мемлекеттiк тапсырысты орындайтындар), тауарларды өндiру, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулер бойынша негiзгi сандық көрсеткiштер (жолдың ұзындығы, оқытудың нысандары мен түрлерi бойынша оқитындардың саны, iс-шаралардың саны, емделген аурулардың, жобалардың, лабораториялық зерттеулердiң саны және т.б.) көрсетiлуi тиiстi түсiндiрме жазба қоса берiледi. 📌 Ескерту. 13-тармақ толықтырылды - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.11. N 123   бұйрығымен .
Тармақ 14
14. Кәсiпорын шығыстарының сметасы уәкiлетті орган тағайындаған мерзiмде жасалады және бекiтуге ұсынылады.
Тармақ 15
15. Уәкiлеттi орган бекiткен смета Кәсiпорынның азаматтық-құқықтық келiсiм-шартымен бiрге мемлекеттiк тапсырысты орындау үшiн тиiстi қазынашылықтың аумақтық органдарына ұсынылады және қазынашылықтың жауапты органдарының қызметкерлерi мемлекеттік тапсырысты орындауға байланысты келiсiм-шартты тiркеу тізiмдемесiндегi сметалардың деректерiн жүргiзгеннен кейiн сметаға осыны жүргiзудегi фактiнi растайтын қазынашылықтың аумақтық органының бұрыштамасы қойылады.
Тармақ 16
16. Сметаларды нақтыланған мынадай жағдайларда: Кәсiпорынның кiрiстерi кемiтiлгенде; Кәсiпорынның кiрiстерi: білім беру қызметтерін көрсеткен; косметологиялықты қоспағанда, медициналық (ветеринарлық) қызметтерді көрсеткен; шоу-бизнес саласындағы қызметтерді қоспағанда, театр-концерт қызметін жүзеге асырған жағдайларда ұлғайғанда; мемлекеттiк тапсырыстың көлемi өзгергенде; Кәсiпорын шығыстарының құрылымы өзгергенде жүзеге асырылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгерді - ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 9 маусымдағы N 229  қаулысымен.
Тармақ 17
17. 16-тармақта көзделген жағдайлардан басқа, бекiтiлген сметамен салыстырғанда Кәсiпорын кiрiстерi ұлғайған жағдайда шығыстардың сметаларын нақтылау жүргiзiлмейдi. <*> Бұл ретте, 16-тармақта көрсетілген Кәсiпорын кiрiстерi ұлғайған жағдайда шығыстардың сметаларын нақтылау жылына бір реттен артық емес жүзеге асырылады. 📌 ЕСКЕРТУ. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 9 маусымдағы N 229  қаулысымен.
Тармақ 18
18. Кәсiпорынның нақтыланған сметасын уәкiлеттi орган бекiтедi және үш күндiк мерзiмде мемлекеттiк тапсырысты орындау бойынша Кәсiпорынның азаматтық-құқықтық мәмiлелерi тiркелген қазынашылықтың аумақтық органына берiледi.
Тармақ 19. ____ жылға арналған мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның шығыстар сметасы
19. Кәсiпорын шығыстарының сметасы тек қазынашылықтың аумақтық органына ұсынылғаннан және оған штамп қойылғаннан кейiн ғана ол жарамды болып саналады. ________________________ ________________________ сомасында, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс сомасында шығыстар сомасын бекітемін ________________________ Мемлекеттік басқару орган басшысының фамилиясы, аты-жөні, лауазымды қызметі " _____ " ______________ ж. М.О. ____ жылға арналған мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның шығыстар сметасы 📌 Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрлігінің 2001.03.11. N 123   бұйрығымен ,  өзгертілді 2003.03.19. N 117   бұйрығымен . МҚК атауы _______________________________________________ МҚК қызмет түрі _________________________________________ Мемлекеттік басқару органы ______________________________ Мың теңгедегі өлшем бірлігі______________________________ ____________________________________________________________________ Көрсеткіш!Жол. !         Қаржы жылы      мемлекеттік тапсырыс шең. !дар  !                         берінде орындалатын бюд. !     !                         жеттік бағдарлама (кіші !     !                         бағдарлама) бойынша оның !     !                             ішінде қаржы жылы !     !                         ------------------------ !     !                         (бюдж. бағ-ң!(бюдж.бағ-ң !     !                         атауы және  !атауы және !     !                         коды)       !коды) !     !------------------------------------------------- !     !Барлы.!оның іш. !жалпы  !Со. !жалпы !Со. !жалпы !     !ғы    !мем. тап.!қаржы  !масы!қаржы !масы!қаржы !     !      !         !жылынан!    !жылы. !    !жылынан !     !      !         !мем.тап!    !нан   !    !мем.тап. !     !      !         !%      !    !мем.  !    !% !     !      !         !       !    !тап. %!    ! ___________!_____!______!_________!_______!____!______!____!________ 2    !  3  !   4  !    5    !   6   !  7 !   8  !  9 !  10 ___________!_____!______!_________!_______!____!______!____!_______ Барлық кірістер      010 Жыл басында. ғы ақша қалдығы       011 Шаруашылық қызметті жү. зеге асырудан түскен ақша. лар           012 Барлық шығыс. тар           020 Жүзеге асырыл. уына азамат. тық-құқықтық мәмілелер жасалмайтын шығыстар Жалақы        030 Қосымша ақша төлемдері     040 Іссапар шығыс. тары          050 Салықтар және бюджетке бас. қа міндетті төлемдер      060 оның ішінде: ҚҚС         070 Акциздер    080 корпоративтік табыс салығы      090 Әлеуметтік салық       100 Соттық төлем. дер           110 Айыппұл, өсім 120 Өзге шығыстар 130 Жүзеге асырыл. уына азамат. тық-құқықтық мәмілелер жасалмайтын шығыстар Материалдарды сатып алу     140 Негізгі құрал- жабдықтарды сатып алу     150 Өзге активтер. ді сатып алу  160 Коммуналды қызметтер     170 Электрэнергия 180 Жылу          190 Байланыс қыз. меті          200 Көлік қызметі 210 Негізгі құрал- жабдықтарды ағымдағы жөн. деу           220 Негізгі құрал- жабдықтарды күрделі жөн. деу           230 Негізгі құрал. дар бойынша жал. герлік ақы    240 Несие бойынша сыйақылар (мүд. делер) төлеу бойынша шығыс. тар           250 Өзге де шығыс. тар           260 Таза кіріс (шығын)       270 ____________________________________________________________________ Кәсіпорын жетекшісі __________________ Қаржы қызметінің жетекшісі ___________