О предоставлении бесплатного и льготного проезда жителям города Алматы за пределы города на лечение за счет бюджетных средств Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы тұрғындарының қала шегiнен тысқары жерлерде емделуі үшiн бюджет қаражаты есебiнен тегiн және жеңiлдiкпен жол жүрудi ұсыну туралы
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес ІV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте емделуге жолданған Алматы қаласы тұрғындарына Қазақстан Республикасы бойынша Алматы қаласы шегiнен тысқары жерлерде емделуі үшiн бюджет қаражаты есебiнен тегiн және жеңiлдiкпен жол жүру ұсынылсын.
Тармақ 2
2. Науқастың және онымен бiрге жүретiн тұлғаның Қазақстан Республикасы бойынша Алматы қаласының шегiнен тысқары жерлерде емделуге жол жүру ақысының төлемі темір жол және әуе көлiгiнде – темір жол көлiгiнің купелік вагон билетінің құнынан аспайтын мөлшерде, қала аралық автомобиль көлiгiнде – жол жүру құны мөлшерінде жергілікті бюджет қаражатынан жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының экология, денсаулық сақтау мен төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты депутаттық комиссиясы төрағасының орынбасары С. Қалақовқа және Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Сейдумановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Алматы қаласының мәслихаты (Т.Т.Мұқашев) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.