О мерах по организации погашения кредиторской задолженности Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.12.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кредиторлық берешектi өтеудi ұйымдастыру шаралары туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 31.12.2003 N 5/778 қаулысымен. Мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлер алдында жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен орындалатын мiндеттемелер бойынша өткен жылдары және үстiмiздегi жылдың басынан берi пайда болған кредиторлық берешектi өтеу жөнiнде есептемелер жүргiзу тәртiбiн реттеу мақсатымен қала әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Тармақ 1
1. 2000 жылға арналған жергiлiктi бюджетке кредиторлық берешектi өтеу Ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Кредиторлық берешектi өтеуге байланысты мәселелердi қарау жөнiнде қала әкiмi жанынан мына құрамда Комиссия құрылсын: Жаңбыршин Қозы-Көрпеш - қала әкiмiнiң Есiмұлы орынбасары, комиссия төрағасы Тохтасунов Әлiмжан - қаржы басқармасы Iмтахунұлы бастығының бiрiншi орынбасары Маймақов Рабин Маймақұлы - экономика жөнiндегi комитет төрағасының бiрiншi орынбасары Сәрсенов Әниятолла - салық комитетi Өмiрзақұлы төрағасының орынбасары Бексұлтанов Азамат - қазынашылық басқармасы Имұханбетұлы бастығының орынбасары
Тармақ 3
3. Шешiмнiң атқарылуына бақылау жасау қала Әкiмiнiң орынбасары Қ.Е. Жаңбыршинге жүктелсiн.
Басқа 4
Алматы қаласы әкiмiнiң 2000 жылғы 26 сәуірдегі N 412 шешiмiне қосымша 2000 жылға арналған жергiлiктi бюджетке кредиторлық берешектердi өтеудiң тәртiбi туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже мемлекеттiк мекемелердiң жергiлiктi бюджет алдындағы 2000 жылдың 1 қаңтарында жинақталған жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектерiн тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) берушiлердiң алдындағы кредиторлық берешектерiн өтеудiң тәртiбiн реттейдi. Кредиторлық берешектердi өтеу былай жүзеге асырылады: қалалық мемлекеттiк органда (жергiлiктi бюджет бағдарламалардың әкiмшiлiктерi) тауарды жеткiзiп берушiлер алдында (жұмыс, қызмет), оның iшiнде 1999 жылға арналған мемлекеттiк тапсырысты орындаушылар (бұдан әрi - Мемлекеттiк мекеме) қалалық мемлекеттiк органға бағынысты мемлекеттiк мекемелер (жергiлiктi бюджет бағдарламалардың әкiмшiлiктерi) тауарды жеткiзiп берушiлер алдында (жұмыс, қызмет) (бұдан әрi - Мемлекеттiк мекеме).
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк мекемелер өтеуiн "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөлiнетiн салықтар мен алымдарды қоспағанда негiзгi борышты, өсiм ақыны және айыппұлдарды қоса есептегенде есеп айырысу 2000 жылғы 20 қаңтарға жүргiзiлген сәтте өтелмеген жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектерi (бұдан әрi - Жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешек) бойынша ғана 2000 жылға арналған жергiлiктi бюджетте осы мақсатқа көзделген сомалардың шегiнде жүргiзiледi.
Тармақ 3
3. Жергiлiктi бюджетке төлемдер бойынша кредиторлық берешектi өтеудi: бюджеттiк ұйымдардың тiкелей тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетушiлер) берушiлерi, бұдан кейiн берушiлерiнiң (бұдан әрi - Берушiлер) бiрi болып табылатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлер жүзеге асыруы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Астана қаласындағы Берушiлердiң Республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегiн өтеу 1999 жылдың 1 қаңтарынан кейiн Астана қаласының жергiлiктi атқарушы органымен келiсiм бойынша жүргiзiледi. Республикалық және жергілікті бюджет арасындағы бөлінетін салықтар мен жиындардың Қазақстан Республикасының "Бюджеттік жүйе туралы" Заңына сәйкес орындалады. Бұл жағдайда, жергілікті бюджетке табыс берешектерінің сомасы нормативсіз бөлінеді, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 9 қазандағы N 3127 "Астана қаласының арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Жарлығында белгіленген нормативтерге сәйкес.
Тармақ 5
5. Алматы қаласының Әкімі кредиторлық берешектерді өтеуге байланысты мәселелерді қарау үшін (бұдан әрі - Комиссия) Комиссия құрады, Алматы қаласы Әкімінің ақыл-кеңес беруші органы ретінде. Комиссия мемлекеттік мекемелердің тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жеткізіп берушілер алдындағы кредиторлық берешектерін өтеуге байланысты мәселелерді реттеу үшін құрылады. Комиссия мемлекеттік мекемелердің несиелік берешектерін өтеу жөнінде басымды және кезекті ұсынысты әзірлеуге құқылы. Комиссия мәжілісі Комиссия құрамынан көпшілігі қатысса ғана өткізіледі. Комиссия шешімі ашық дауыспен қабылданады, оған Комиссия мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Егер де дауыстар тең түссе, қайсына төраға дауыс берсе, сол шешім қабылданады. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері болады, олардың ойлары хаттамада жазылады. Комиссия мәжілісі өту нәтижесіне орай хаттама жазылады, оған мәжіліске қатысқан қатысушылар мен мүшелер қол қояды. Комиссия ақыл-кеңес беру үшін және жұмысына белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдардың кеңесшілері, сарапшыларын және қызметшілерін тартады. Комиссияны өкілдейтін жұмыс органы ақпаратты мәлімдемесінде кредиторлық берешекті өтеу кестесін қарастырады және оның мәжілісінің өткені туралы Комиссиямен келісіп, жұмысты жалғастырушы Алматы қалалық қаржы басқармасы болып табылады.
Тарау 2. 2. Мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн тiркеудiң тәртiбi
2. Мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешегiн тiркеудiң тәртiбi
Тармақ 6
6. Мемлекеттiк мекеме 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша әрбiр тiкелей берушiмен өзiнiң кредиторлық берешектерiн салыстыру актiсiн жасайды. Ұсынылған актiлер бойынша кредиторлық берешектiң жалпы сомасы бюджеттiк ұйымдардың, 2000 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жылдық бухгалтерлiк есебiнде көрсетiлген кредиторлық берешегiнiң сомасынан аспауы тиiс. Кредиторлық берешектi салыстыру актiлерiнiң түпнұсқалары бес данада Алматы қалалық қазынашылық басқармасына ұсынылады.
Тармақ 7
7. Алматы қалалық қазынашылық басқармасы салыстыру актiлерiнiң деректерi негiзiнде әрбiр мемлекеттiк мекеме бойынша N 1 нысанда 2000 жылғы 1 желтоқсанға Кредиторлық берешектiң бар екендiгi туралы анықтамалар жасайды. Барлық актiлерге жылдық бухгалтерлiк баланстың немесе бастапқы есепке алудың деректерiмен салыстырылғаннан кейiн Алматы қалалық қазынашылық басқармасы мен бюджеттiк ұйымдардың басшылары қол қоятын және мөрлермен бекiтiлген төрт анықтама жасалады. Бiр берушiге бiр анықтамадан берiледi. Төрт данадағы анықтамалар N 2 нысан бойынша нөмiрленуi, жiппен тiгiлуi және мастикалық мөр басылуы тиiс кредиторлық берешектi тiркеу журналында бiр нөмiрмен тiркеледi. Журналдағы парақтардың саны Алматы қалалық қазынашылық басқармасы басшысының қолымен расталады. Анықтаманың» нөмiрi журналдағы нөмiрдiң ретi бойынша қойылады. Одан басқа, анықтамада салық органдарының анықтамалығы бойынша облыстың екi мәндi салықтық коды, мемлекеттiк ұйымдардың анықтамалығы бойынша бюджеттiк ұйымдардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң» құрайтын жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылып келген ұйымның жетi мәндi коды, тiкелей берушiнiң реттiк нөмiрi қойылады. Бұл кодтар арнаулы тiркеу кодын (тоғыз мәндi/тiкелей берушiнiң реттiк нөмiрi) құрайды.
Тармақ 8
8. Кредиторлық берешектiң сомасын растайтын, анықтаманың салыстыру актiлерiнiң бiр данасында қоса берiлген бiр данасы Алматы қалалық қазынашылық басқармасында қалады және әрбiр бюджеттiк ұйым бойынша арнаулы жүргiзiлген iсте сақталады. Қазынашылықтың жауапты атқарушысы мемлекеттiк ұйымдарға үш данада анықтаманы және актiлерге кредиторлық берешектiң» тiркелгендiгiн растайтын Алматы қалалық қазынашылық басқармасына мөртаңбасын алдын ала қойып салыстыру актiлерiнiң бiр-бiр данасын қайтарады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешектi өтеу үшiн құжаттарды дайындауы және ұсынуы
3. Мемлекеттiк мекемелердiң кредиторлық берешектi өтеу үшiн құжаттарды дайындауы және ұсынуы
Тармақ 9
9. Мемлекеттiк мекеме тiкелей берушiлерден бюджетке төленетiн төлемдер бойынша олардың кредиторлық берешегi туралы ақпарат сұратады.
Тармақ 10
10. Жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi бар тiкелей берушi тiркелген жерi бойынша аумақтық салық органынан негiзгi борышты, өсiмақыны, айыппұлдарды көрсете отырып, әрбiр түрi бойынша кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы анықтама сұрайды.
Тармақ 11
11. Салық органы берiлген анықтамаларды есепке алудың нөмiрленуi, тiгiлуi және мөр басылуы тиiс, N 24 нысанда журналын жүргiзедi. Журналдағы парақтардың саны салық органы басшысының қолы қойылып расталады. Анықтамада мiндеттi түрде бюджеттiк ұйымның атауы көрсетiле отырып, "Бюджеттiк ұйымның кредиторлық берешектерiн өтеу үшiн" деген белгi қойылады. Егер тiкелей жеткiзiп берушiден жергiлiктi бюджетке төлемдер бойынша бiрнеше мемлекеттiк мекемелерге бiр мезгiлде қарыздарының бар екенi туралы анықтаманы талап еткен болса, салық органы әрбiр мемлекеттiк мекеме үшiн әртүрлi нөмiрлермен белгiлеп, жеке-жеке анықтамалар бередi.
Тармақ 12
12. Тiкелей берушiнiң жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмаған жағдайда, сондай-ақ егер мемлекеттiк ұйымдардың кредиторлық берешегi тiкелей берушiнiң жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешегiнiң сомасынан асатын болса, тiкелей берушi олардың алдында өзiнiң кредиторлық берешегi бар Берушiлерден, сондай-ақ одан кейiнгi Берушiлерден олардың жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша 2000 жылғы 1 қаңтардағы кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы ақпарат сұратады. Жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешегi бар Берушiлер тiкелей берушiге осы Ереженiң 10-тармағына сәйкес аумақтық салық органдарының анықтамасын ұсынады.
Тармақ 13
13. Тiкелей берушi жеткiзiп берушiлермен кредиторлық берешегi жайында бес данада акт жасасады, оған тiкелей берушi мен жеткiзiп берушiнiң басшылары мен бас бухгалтерлерi қол қояды. Әрбiр актiнiң үш данасы тексерiлгеннен кейiн және салық органдарының анықтамалары мемлекеттiк мекемеге жiберiледi. 2000 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, жеткiзiп берушiлер арасындағы кредиторлық берешек болмаған жағдайда, бұлар арасындағы кредиторлық берешек үстiмiздегi жылдың басындағы жағдай бойынша акт жасалады.
Тармақ 14
14. Мемлекеттiк мекеме тiкелей берушi мен Берушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарының кредиторлық берешектiң бар-жоғы туралы анықтамаларында көрсетiлген сомаларды салыстыру актiлерiнде көрсетiлген сомалармен және өзiнiң кредиторлық берешегiнiң сомасымен салыстырады және N 5 нысан бойынша, осы Ереженiң 4 бөлiмiне сәйкес тәртiппен төрт данада кредиторлық берешектi өтеудiң сызбасын жасайды. Тiкелей берушi мен оның» Берушiсiнiң тiркелген жерi бойынша салық органдарының анықтамаларымен расталған берешектiң жалпы сомасы бюджеттiк ұйымның кредиторлық берешегiнiң сомасынан аспауы тиiс.
Тармақ 15
15. Мемлекеттiк мекеме тiкелей берушi мен Берушiнiң арасындағы кредиторлық берешектi салыстыру актiлерiнің»түпнұсқаларын оған қоса беру арқылы өтелген кредиторлық берешектi өтеу сызбасының барлық данасын Берушiлердiң жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамаларын бiр-бiр данадан қазынашылық басқармасы органына тiркеуге жолдайды. Мемлекеттiк мекеме тiкелей жеткiзiп берушiнiң құжатын алғаны туралы жазбаша растайды және оның өзiмен және жеткiзiп берушiнiң өтеу кестесiне қосылғаны жайында қоса расталады. Тiкелей жеткiзiп берушi мемлекеттiк мекеменiң жазбаша растамасын өтемдi өтеу кестесiне қатысушы жеткiзiп берушiнiң тiркелген және өзiнiң тiркелген жергiлiктi жердегi салық органына жiбередi.
Тармақ 16
16. Алматы қалалық қазынашылық басқармасы жеткiзiп берушiлердiң» кредиторлық берешегiн тексеру актiлерiне өз мөрiн қояды. Алматы қалалық қазынашылық басқармасы осы Ереженiң 28 тармағында көрсетiлген кредиторлық берешектi өтеу кестесiнiң қосымшасына қоса берiлген қажеттi құжаттардың барлығын тексередi. Кредиторлық берешектi өтеу кестесi кестенi тiркеу журналында тiркеледi, N 6 нысан бойынша кредиторлық берешектi өтеу кестесiмен. Тiркелген кестенiң көшiрмесi қазынашылық органға мәлiм етiледi, онда мемлекеттiк мекеме қызмет көрсетедi, есеп беруге қатысушы қазынашылық органның аумағындағы мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсетушi.
Тармақ 17
17. Алматы қалалық қазынашылық басқармасы есеп айырысушылар жүргiзу үшiн мынандай шоттар: N 2, N 2а нысанда олардың орналасқан жерi бойынша қазынашылық органдарында 2000 жылдың жергiлiктi бюджетiн қаржыландыру анықтамасында расталған анықтамасы негiзiнде бередi. Кредиторлық берешектi өтеу сызбасының негiзiнде тiкелей жеткiзiп берушi мен Берушiлердiң орналасқан жерi бойынша Алматы қалалық қазынашылық басқармасы кредиторлық берешектi өтеу сызбасына енгiзiлген тiкелей берушi мен Берушiлерге жұмсау құқығынсыз ағымдағы шоттар ашады. Ағымдағы (уақытша) шоттар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi басқармасының 1997 жылғы 4 наурыздағы N 61 Қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банкiнiң "Екiншi деңгейдегi банктерде клиенттердiң банктiк шоттарын ашудың, жүргiзудiң және жабудың тәртiбi туралы" Нұсқаулығының талаптарына сәйкес рәсiмделген қолдардың мiндеттi түрде ұсынылған үлгiлерiмен ашылады. Шаруашылық субъектiлер, банкрот болып жарияланған немесе олар бойынша соттан тыс тарату туралы ресiмдер жүргiзiлсе, онда ағымдағы есеп шот ашылмайды. Ағымдағы шоттарды ашқан қазынашылықтың аумақтық органдары аталған шоттардың ашылғандығы туралы мемлекеттiк мекемеге қызмет көрсетiлетiн қазынашылықтың аумақтық органына хабарлайды.
Тармақ 18
18. Мемлекеттiк мекеме жергiлiктi бюджет бағдарлама әкiмшiлiгiне екi данада белгiленген тәртiппен жасалған және тiркелген кредиторлық берешектi өтеудiң сызбасын ұсынады. Осы Ереженiң 28 тармағында көрсетiлген құжаттарды қоса. Қажет болған жағдайда, жергiлiктi бюджет бағдарлама әкiмшiлiгi мемлекеттiк мекемеден қосымша құжаттар сұрай алады.
Тармақ 19
19. Жергiлiктi бюджет бағдарлама әкiмшiлiгi алынған сызбаның негiзiнде N 7 нысан бойынша кредиторлық берешектi өтеуге қатысушы бюджеттiк ұйымдардың тiзiлiмiн жасайды және сызбалармен бiрге осы Ереженiң 28 тармағында көрсетiлген құжат бойынша Алматы қалалық қаржы басқармасына және көшiрмесiн Алматы қалалық салық комитетiне жiбередi.
Тарау 4. 4. Кредиторлық берешектi өтеудiң сызбаларын жасаудың тәртiбi
4. Кредиторлық берешектi өтеудiң сызбаларын жасаудың тәртiбi
Тармақ 20
20. Мемлекеттiк мекеме жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берушiлер кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамалары мен Берушiлердiң кредиторлық берешегiн салыстыру актiлерiн алғаннан кейiн оларды өздерiнiң тiкелей Берушiнiң алдындағы кредиторлық берешегiнiң сомасымен салыстырады және сызба кiргiзу үшiн берешектiң»сомасын айқындайды. Сызба тiкелей берушi мен Берушiлердiң жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектерiнiң сомасына, бiрақ жергiлiктi мекеме тiкелей берушi алдындағы кредиторлық берешегiнiң сомасынан аспайтын сомаға құжатын анықтайды.
Тармақ 21
21. Сызба әрбiр тiкелей берушiге жасалады, тiкелей берушi де жергiлiктi бюджетке жасалатын төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмаған жағдайда, сызбада есеп айырысуға қатысатын барлық Берушiлер көрсетiледi. Егер де осы кредиторлық берешектi өтеу кестесiне заңды тұлғалар қатысатын болса, онда 7, 8, 9 бағанда заңды тұлға көрсетiледi және осы бөлiмшелерге салық органы берген анықтама бойынша жергiлiктi бюджетке төлем жөнiндегi берешек сомасы, сондай-ақ қарыздары бар бөлiмшелер жеке-жеке аталады.
Тармақ 22
22. N 5 нысанның 1-бағанында олар бойынша тiкелей берушiнiң алдында кредиторлық берешек бар экономикалық жiктеудiң ерекшелiктерi, 2-бағанда әр ерекшелiк бойынша кредиторлық берешектің»сомасы көрсетiледi. Тiкелей берушiнiң жергiлiктi бюджеттiң алдындағы берешегi 7-бағанда тiкелей берушiнiң атауы, орналасқан жерi және СТН-i мен 8-бағанда олар бойынша республикалық бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi бар кiрiстердiң» кодтары көрсетiлiп, 9-бағанда жазылады.
Тармақ 23
23. Тiкелей берушiде жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмауы және оның басқа Берушiде болуы жағдайында тiкелей берушiнiң аталған Берушiнiң (2-берушiнiң) алдындағы өтеу сомасына кредиторлық берешегi 4-бағанда көрсетiледi. 3-бағанда тiкелей берушiнiң атауы, орналасқан жерi және СТН-i көрсетiледi.
Тармақ 24
24. Егер, өз кезегiнде 2-Берушiнiң жергiлiктi бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi болмаса, бiрақ, өз кезегiнде, жергiлiктi бюджеттiң» алдында кредиторлық берешегi бар 3-Берушiнiң алдында кредиторлық берешегi болмаса, 2-Берушiнiң 3-Берушiнің»алдындағы өтеу сомасына кредиторлық берешегi 6-бағанда көрсетiледi. 5-бағанда 2-Берушiнiң атауы, орналасқан жерi және СТН-i көрсетiледi.
Тармақ 25
25. Берушiлердiң саны көбейген жағдайда, жергiлiктi бюджеттiң алдында кредиторлық берешегi жоқ 2-Берушiден бастап барлық Берушiлер 6-бағанда өтеу сомалары көрсетiле отырып 5-бағанда жеке жолдарда көрсетiледi.
Тармақ 26
26. Берушiлердiң жергiлiктi бюджеттiң алдындағы кредиторлық берешегi 7-бағанда салық төлеушiнiң атауы, орналасқан жерi және СТН-i мен 8-бағанда ол бойынша жергiлiктi бюджеттiң алдындағы кредиторлық берешегi бар кiрiстердiң кодтары көрсетiле отырып 9-бағанда көрсетiледi.
Тармақ 27
27. 2 және 9-бағандардың сомасы тең болуы тиiс және бюджеттiк ұйымның қазынашылықтың аумақтық органдарында тiркелген тiкелей берушiнiң алдындағы және соңғы Берушiнiң салық органының анықтамасында көрсетiлген жергiлiктi бюджеттiң алдындағы кредиторлық берешектерiнiң сомаларынан аспауы қажет.
Тармақ 28
28. Сызбаға олардың негiзiнде акт жасалатын барлық құжаттар: нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiле отырып, Берушiлердiң жергiлiктi бюджеттiң алдында кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы салық органдарының анықтамалары; нөмiрi мен берiлген күнi көрсетiле отырып, бюджеттiк ұйымның тiкелей берушiнiң алдындағы кредиторлық берешегiнiң бар-жоғы туралы қазынашылықтың» аумақтық органдарының анықтамалары; нөмiрлерi, қол қойылған күндерi, тiркелген күнi және қазынашылықтың» аумақтық органының тiркеу нөмiрi көрсетiле отырып, берушiлердiң кредиторлық берешегiнiң салыстыру актiсi қоса берiледi.
Тармақ 29
29. Кредиторлық берешектi өтеудiң сызбасына бюджеттiк ұйымдардың және тiкелей берушiнiң, есеп айырысуға енгiзiлген басқа да Берушiлердiң басшылары қол қояды, мемлекеттiк мекеменiң кредиторлық берешектерi тiркелген қазынашылықтың аумақтық органында тiркеледi.
Тармақ 30
30. Қазынашылық Алматы қалалық органы сызбаға кредиторлық берешектi тiркеудiң арнаулы кодына (Берушiнiң тоғыз мәндi коды/реттiк нөмiрi) сәйкес келетiн нөмiр бередi және есеп айырысуға қатысушы барлық берушiлердiң орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың аумақтық органдарына жолдайды.
Тарау 5. 5. Кредиторлық берешектi өтеу жөнiндегi есеп айырысуларды жүргiзудiң тәртiбi
5. Кредиторлық берешектi өтеу жөнiндегi есеп айырысуларды жүргiзудiң тәртiбi
Тармақ 31
31. Алматы қалалық қаржы басқармасы осы Ереженiң 6 мен 30-тармақтарында аталған талап құжаттарына сәйкес болған жағдайда, берiлген құжаттар бойынша қорытынды әзiрлейдi. Алматы қалалық салық комитетi салық органдарының анықтамалары бойынша жергiлiктi бюджетке берешек төлемдер бойынша анықтама әзiрлейдi. Жергiлiктi бюджет бағдарламаларының әкiмшiлiгi комиссияның жұмыс органында осы құжаттарды тiркесiмен, комиссия мүшелерiне түсiнiктеме, түсiнiктеменiң көшiрмесiн және Алматы қалалық қаржы басқармасы мен салық комитетiнiң қорытындысын қоса бередi.
Тармақ 32
32. Комиссия берiлген құжаттарды қарап, ол жөнiнде ұсыныс бiлдiредi. Жергiлiктi бюджет бағдарламасының әкiмшiлiгi комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасы негiзiнде Алматы қаласы Әкiмiнiң комиссия мақұлдаған, белгiленген тәртiптегi кредиторлық берешектi өтеу туралы Алматы қаласы Әкiмiнiң қарауына енгiзу туралы шешiмi қабылданады.
Тармақ 33
33. Алматы қаласы Әкiмiнiң шешiмi негiзiнде кредиторлық берешектердi өтеу туралы Алматы қалалық қазынашылық басқармасы жергiлiктi бюджет бағдарламасы әкiмшiлiгiне қазынашылық рұқсат қағазын бередi. Жергiлiктi бюджет бағдарламасы әкiмшiлiгi осы рұқсат қағазды мемлекеттiк мекемеге мемлекеттiк мекеме регистрiне сәйкес кредиторлық берешектi өтеу жөнiндегi есептемеге қатысушыларға рұқсат қағазын бередi.
Тармақ 34
34. Мемлекеттiк мекеменiң шоттары ашылған қазынашылық аумақтың органы қаржыландыру лимиттерi келiп түскен жағдайда электронды почтамен 2000 жылғы 20 қаңтарындағы жағдай бойынша расталған күнi өтелмеген республикалық бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешектiң» бар екендiгiне растау алу үшiн салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша тиiстi салық органына N№8 нысан бойынша сұрау салу-растау жолдайды.
Тармақ 35
35. Салық органның N 8 нысан бойынша бұрындары N 3 нысан жөнiндегi анықтамаға сай салық төлеушiлердiң берешектерiн анықтайды.
Тармақ 36
36. Мемлекеттiк мекеме тiкелей жеткiзiп берушiге ағымдағы есеп шотына есеп құжатын жiбередi және оны төлеу үшiн қазынашылық органға тапсырады.
Тармақ 37
37. Алматы қалалық қазынашылық басқармасы қаржыландыру құжаттары түскеннен кейiн кредиторлық берешегiн өтеу сұлбасына және мемлекеттiк мекеменiң тапсырысының өтемi туралы салық органдарына құжат бередi. Бұлардың бәрi бағыты бойынша тиiстi жерiне жiбередi, егер де берешек сомасы салық органы растаған, сұлбада көрсетiлгеннен кем болса, мемлекеттiк мекеменiң өтем құжаты салық органы растаған сомаға ресiмделедi. Қалған лимиттiң сомасы керi шақырылады. Егер де салық органы тапсырыс құжатын қайта шақырмаса, қазынашылық орган оны қабылдамайды.
Тармақ 38
38. Тiкелей берушi, екiншi деңгейдегi банк 107101 "Берешектердi өтеу" кiрiс кодымен салық төлеушiнiң тiркелген жерi бойынша салық органының» СТН-iн көрсете отырып, ағымдағы шоттан 080 "Бюджеттердiң арасында бөлiнетiн кiрiстер" шотына төлем тапсырмасын жазады. Бұл ретте төлем тапсырмасында мынадай деректемелер: МФО, шоттың» нөмiрi, берушiнiң (салық төлеушiнiң) атауы, реттiк нөмiрiмен бiрге тiркеудiң тоғыз мәндi коды және төлемдi тағайындаудың мәтiндiк кеңiстiгiнде "Кредиторлық берешектi өтеу" деген сөз, төлемнiң арналған коды (107101), шығыстардың»тоғыз мәндi коды (бюджеттiк ұйымдар үшiн), төлемнiң сомасы көрсетiлуi мiндеттi.
Тармақ 39
39. Тiкелей берушiде жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi болмаған жағдайда тiкелей берушi 2-Берушiнiң расталған берешегiнiң сомасына оның орналасқан жерi бойынша қазынашылықтың»аумақтық органы ашқан оның ағымдағы шотына төлем тапсырмасын жазады. Екi Берушi өз кезегiнде осы Ереженiң 38-тармағына сәйкес жергiлiктi бюджеттiң» кiрiсiне төлем тапсырмасын жазады. Сызбаға сәйкес бiрнеше Берушi қатысқан жағдайда, төлем тапсырмасы бiр Берушiнiң ағымдағы шотынан екiншi Берушiнiң ағымдағы шотына жазылады. Салық органы кредиторлық берешектi растағаннан кейiн заңды тұлға бөлiмшесiнiң жергiлiктi бюджет төлемi бойынша "Заңды тұлға өзiнiң» құжатымен 107102 кодына "Жергiлiктi бюджетке берешегiн өтеу" сомасымен СТН-нi көрсетiп, осы кәсiпорындар мен бөлiмшелердiң тiркелген жергiлiктi жерiндегi салық органына аударады. Жеткiзiп берушiлердiң есеп шотына ақша қаражатын аудару ресми банкрот деп жарияланғандардың немесе оларға соттан тыс ресiмдер өткiзу туралы шешiм қабылданса, онда бұлар жіберілмейдi. Егер де аталған ұйымдардың есеп шотына қаржылар аударылса, онда операция қате деп жарияланады, ақша қаражаты мемлекеттiк мекеменiң бюджеттiк есеп шотына қайтарылады, ал лимитi керi шақырылады.
Тармақ 40
40. Жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне төлемдер төленiп болысымен, Алматы қалалық қазынашылық басқармасы өтем кестесiне сәйкес тапсырыс құжаттарын қазынашылықтың тиiстi органына жiбередi. Жауапты орындаушы тапсырыс құжатын арнайы iске тiгедi және кредиторлық берешектi өтеу кестесiне және тiркеу журналына олардың өтелгенi туралы белгi қояды. Бұдан басқа Алматы қалалық қазынашылық басқармасы кредиторлық берешектi өтеу кестесi тiркелгендiктен N 8 нысанды куәлау үшiн салық төлеушiнiң несиелiк берешегiн жергiлiктi бюджетке өтегенi туралы салық органы бұрындары растағандықтан, тiркеген жердiң салық органына жiбередi. Салық органы несиелiк берешектi өтеген есептеменi жеткiзiп берушiнiң құжатына тиiстi белгi қойып, жергiлiктi бюджетке несиелiк берешегiн төлегенi туралы анықтама бередi.
Тарау 6. 6. Есеп және есептiлiк
6. Есеп және есептiлiк
Тармақ 41
41. Мемлекеттiк мекеме төлем тапсырмасы көшiрмесiнiң негiзiнде бухгалтерлiк есеп пен есептiлiкте тiкелей берушiлердiң алдындағы кредиторлық берешектiң өтелгендiгiн көрсетедi. Мемлекеттiк мекеме берешектi өтеудi бухгалтерлiк есепте көрсетудiң» тәртiбi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығымен бекiтiлген Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлiк есеп жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес жүргiзiледi. Бухгалтерлiк есеп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1998 жылғы 15 мамырдағы N 217 бұйрығымен бекiтiлген "Мемлекеттiк ұйымдардың жылдық, тоқсандық бухгалтерлiк есептiлiгiнiң көлемi мен нысандары туралы" нұсқаулықта белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде ұсынылады.
Тармақ 42
42. Аумақтық салық органы қазынашылықтың аумақтық органының осы Ереженiң 48-тармағында көзделген тәртiппен берiлген төлем тапсырмасы мен растауды алған кезде қазынашылықтың аумақтық органының растауында не 34-тармаққа сәйкес берiлген салық органының»анықтамасында көрсетiлген төлемдердiң түрлерi бойынша салық төлеушiнiң төлем тапсырмасында көрсетiлген сомаға тең сомадағы кредиторлық берешегiн есептен шығарады. Түсiмдер туралы есепте аталған төлемдер 107101 "Берешектердi өтеу" коды бойынша көрсетiледi.
Тармақ 43
43. Есепте бiр берушiнiң екiншi Берушiнiң алдындағы кредиторлық берешегiн есептеп шығару үшiн қазынашылықтың аумақтық органы растаған ағымдағы шот бойынша үзiндiнiң көшiрмесi мен төлем тапсырмасының көшiрмесi негiзiнде болып табылады.
Тарау 7. 7. Жауаптылық
7. Жауаптылық
Тармақ 44
44. Жергiлiктi бюджет басқармасының әкiмшiлiктерi, мемлекеттiк мекемелер, тiкелей берушiлер, Берушiлер, қазынашылықтың аумақтық органдары, салық органдары және басқа да ұйымдар қолданылып жүрген заңдарға сәйкес терiс және әдейi жалған мәлiметтер ұсынғаны үшiн жауаптылықта болады. N 1 нысан ________________________ (қазынашылықтың аумақтық органының атауы) Берiлген күнi 2000 ж."__"______ 2000 жылғы 1 қаңтардағы кредиторлық берешектiң бар екендiгi туралы N ________ АНЫҚТАМА ________________________ (облыстың коды) ________________________ (мемлекеттiк мекеменiң коды) Осы анықтама________________________________ берген ________________________________________ салыстыру (мемлекеттiк мекеменiң атауы мен СТН-i) актiсiнiң негiзiнде жасалды: N р/с беруші тіркеу коды Актінің деректері Экономикалык жіктеме ерекшелігінің коды атауы орналасқан жері СН-і күні сомасы 1 2 3 4 5 6 7 8 Жиыны Кредиторлық берешек сомасының жиыны _________ теңге (санмен) _____________________________________________ (сомасы жазумен) Осы анықтамаға мыналар қоса берiлiп отыр: 1._______________________________________________ 2._______________________________________________ 3._______________________________________________ 4._______________________________________________ ҚОЛДАРЫ: ________________________ _______________________ (қазынашылықтың аумақтық (бюджеттiк ұйымның басшысы органының басшысы қызметi, қызметi, аты-жөнi) аты-жөнi) МО МО N 2 нысан Мұқабаның үлгiсi _________________________________ (қазынашылықтың аумақтық органының атауы) Кредиторлық берешегi туралы анықтаманы ТIРКЕУ ЖУРНАЛЫ _________ жылғы _________ басталды _________ жылғы _________ аяқталды Жалғасы Журналдың барлық парақтары осы үлгi бойынша басылсын Мемлекеттiк мекеменiң аталуы _______________________ N р/с Анық таманы беру күні Тір­ке­у ко­ды (то­ғыз­сан­дық­ко­ды) Тікелей жеткізіп беруші Берілгентексеру актісі және бухгал терлік есеп теңге көрсет кішіне сай берешек сомасы Аталуы орна ласқан жері СТН анықтаманы берген анықтаманы алған 1 2 3 4 5 6 7 8 9 N 3 нысан _________________________ (қазынашылықтың аумақтық органының атауы, СТН-i) 2000 жылғы "____"_______________ Жергiлiктi бюджетке төлем жөнiндегi кредиторлық берешектiң бар екендiгi туралы N ________ АНЫҚТАМА _________________________________ (берушiнiң аталуы) __________________________________ (егер салық төлеушi заңды тұлға болса заңды тұлғаның аталуы) __________________________________ (мемлекеттiк мекеменiң кредиторлық берешегiн өтеу үшiн) ________________________ (облыс коды) ________________________ (салық төлеушiнiң СТН-i) 1. Жергiлiктi бюджетке төлемнiң жалпы қалыптасқан________ _______________________ мерзiмi, 2000 жылдың 20 қаңтарына (анықтаманы берген күн) салық төлеушiнiң есеп шоты бойынша ______ теңге құрайды: коды төлем аталуы жалпы қарыз берешегі Негізгі жарна Жарна Айыппүл Мемлекеттік мекеменің кредиторлық берешегін өтеу кестесіне қосу сомасы 1 2 3 4 5 6 7 Жиыны 2. __________________________________________ (Астана қаласында 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық органында тiркелген берушiнiң тiркеу күнi мен нөмiрi) 3. Осы анықтама ____________ данада берiлдi Салық комитетiнiң төрағасы __________ ______________ (қолы) (аты-жөнi) Талдау және есеп бөлiмiнiң бастығы ______ ___________ (қолы) (аты-жөнi) N 4 нысан Мұқабаның үлгiсi __________________________ (қазынашылықтың аумақтық органының атауы) Жергiлiктi бюджетке төлемдер бойынша берешегi туралы ТIРКЕУ ЖУРНАЛЫ _________ жылғы _________ басталды _________ жылғы _________ аяқталды Жалғасы Журналдың барлық парақтары осы үлгi бойынша басылсын Салық төлеушiнiң аталуы ____________________________ N Анықтаманы беру күні Тір кеу коды СНТ-і Бере шегінің жалпы сома лары (теңге) Мемлекеттікмекеменің кредиторлық берешегінің сұлбасына енгізу сомасы Өтелген белгісі төлем құжа тының нөмірі күні сомасы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 N 5 нысан N _________ кредиторлық берешектi өтеу сызбасы ___________________________________________________ (мемлекеттiк ұйымның атауы, орналасқан жерi, СТН-i, коды) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулердi берушiлер алдындағы _________________________________________ сомаға (сомасы жазумен, мың теңгемен) ___________ қ. _____________________ (күнi) __________________________________________________ (қазынашылық органындағы кредиторлық берешектiң тiркеу N, қазынашылық органы басшысының қолы, мөрi) Бюджеттік ұйымның тікелей беруші алдындағы берешегі Беруші алдындағы тікелей берушінің берешегі 2,3 және т.б. берушінің берешегі Жергілікті бюджетке төленетін төлемдер бойынша тікелей берушінің, берушінің берешегі Экономикалық жіктеменің ерекше ліктері сома сы, теңге атауы, орналасқан жері, СНТ-і сома сы, теңге атауы, орналасқан жері, СНТ-і сома сы, теңге Кірістер коды сомасы, теңге 1 2 3 4 5 6 7 8 Жиыны, өтелуге тиiс сома жиыны ______________________________ (сомасы жазумен) Осы сызбаға мыналар қоса берiлiп отыр: 1.________________________________________ 2.________________________________________ 3.________________________________________ Мемлекеттiк ұйым Тiкелей берушi ұйым басшысының қолы басшысының қолы _________________ ___________________ (аты-жөнi, лауазымы) (аты-жөнi, лауазымы) МО МО 1-жеткiзiлiп берушi ұйым 2-жеткiзiп берушi ұйым басшысының қолы басшысының қолы _________________ __________________ (аты-жөнi, лауазымы) (аты-жөнi, лауазымы) МО МО Кредиторлық берешектi өтеу туралы белгi: Өтелгенi:______________________________________ (төлем тапсырысының N, қазынашылық органы басшысының қолы) Ескерту: 2 және 9-бағандардың сомалары тең болуы керек. N 6 нысан Мұқабаның үлгiсi ____________________________________ (қазынашылықтың аумақтық органының атауы) Кредиторлық берешектi өтеу кестесiн ТIРКЕУ ЖУРНАЛЫ _________ жылғы _________ басталды _________ жылғы _________ аяқталды Жалғасы Журналдың барлық парақтары осы үлгi бойынша басылсын N Тір кеу күні Мемле кеттік мекеменің аталуы Тіркеу коды Тіркелей беруші нің аталуы Кесте бойынша сомасы теңге Өтелген белгісі төлем анықта масының нөмірі күні сомасы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 N 7 нысан Кредиторлық берешектi өтеуге қатысатын мемлекеттiк ұйымдардың тiзiлiмi ___________________ _______________ (жергiлiктi бюджет (күнi) бағдарламасының әкiмшiлiгi) N р/с Бюджеттік ұйымның атауы Орналасқан жері Сомасы, теңге 1 2 3 4 Жиыны Осы сызбаға мыналар қоса берiлiп отыр: 1. _______________________________________ 2. _______________________________________ 3. _______________________________________ Жергiлiктi бюджет бағдарламасы әкiмшiлiгiнiң қолы ____________________ (аты-жөнi, лауазымы) МО N 8 нысан 2000 жылғы "_____"_______________ _______________________________ (облысы, салық органының атауы) СҰРАУ САЛУ - РАСТАУ ___________________________________ салық органының (қазынашылықтың аумақтық органының атауы) 2000 ж."___"__________ N ____ анықтамасында аталған __________________________________________ бюджетке (салық төлеушi ұйымның атауы мен СТН-i) төлемдер бойынша берешек сомасын растауды сұрайды. (қазынашылықтың аумақтық органы басшысының қолы, аты-жөнi)_________________________________________ __________________________________________________ (салық төлеушi - ұйымның атауы мен СТН-i) __________________________________________________ 2000 жылғы "_____"___________ N ___ анықтамада көрсетiлген 2000 жылғы "_____"_____________ өтелмеген жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша кредиторлық берешегi ______________ (сомасы санмен) __________________ теңгенi құрайтынын растайды. (сомасы жазумен) Oның iшiнде төлем түрлерi бойынша:________________ __________________________________________________ __(аумақтық салық органы басшысының қолы, аты-жөнi) 2000 жылғы "_____"____________ N _______ МО _________________ салық органының 2000 ж. "____"__________ N _______ растауында көрсетiлген жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша__________________________________________ (салық төлеушi ұйымның атауы мен СТН-i) кредиторлық берешегi ___________________ (сомасы санмен) (_____________________________________) теңгенi (сомасы жазумен) құрайтынын растаймыз. __________________ (қазынашылықтың аумақтық органы басшысының қолы, аты-жөнi) 2000 жылғы "_____"____________ N _______ М.О.