О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, оның:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігіне ақпарат, мұрағат ісі және құжаттама саласындағы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігіне байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін бере отырып, таратылсын.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне қайта құрылу жолымен;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туристік қызмет саласындағы функциялар мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне бере отырып, қайта құрылу жолымен Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Мыналар:
Тармақша 1
1) таратылатын Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің:
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі – ақпарат, мұрағат ісі және құжаттама;
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі – байланыс, ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру саласындағы;
Тармақша 2
2) қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің:
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі – туристік қызмет;
Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі – Дене шынықтыру, спорт және ойын бизнесі саласындағы міндеттемелері бойынша құқық мирасқоры болып анықталсын.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай – өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақта:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі»;
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі»;
мынадай жолдар алып тасталсын:
«Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі»:
«Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі».
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қайта ұйымдастырылатын және таратылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. НАЗАРБАЕВ