О внесении изменений и дополнения в Закон Республики Казахстан "Об аварийно-спасательных службах и статусе спасателей" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.06.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы "Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы" 1997 жылғы 27 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 6, 69-құжат; 1998 ж., N 24, 436-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақ 1
1. 11-баптың 2-тармағында "шарттық негізде" деген сөздердің алдынан "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес" деген сөздер қосылсын.
Тармақ 2
2. 12-баптың 2-тармағында "құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды" деген сөздер "құтқару жұмыстарын" деп жазылсын.
Тармақ 3
3. 15-бап мынадай редакцияда жазылсын: "15-бап. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының қызметін қаржыландыру Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрамаларының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады".